Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еңбек қарым-қатынасы


Еңбек қарым-қатынасы

Еңбек қарым-қатынасы

ӨЗДІК ЖҰМЫС

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша

ТАҚЫРЫБЫ: «Еңбек қарым-қатынасы»

 

Еңбек пен бақыт егіз

 

Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн өсiру турасында «Тiл- татулық тiрегi», «Тiл – халық жүрегiнiң кiлтi» десек немесе Заң тiлiмен «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы» десек қателеспесiмiз хақ.

         Тiл – жанды дүние, уақыт өте ол да толығып, түлеп, жаңарып отырады. Тiл сол тiлде сөйлескенде ғана ол өмiр сүре алады. Мен тапсырма бойынша ресми қазақ тілін тәжірибеде қолданып, жағдайға байланысты сөйлесу үлгілері құрастырдым.

 

         Бірінші сұхбат «Жас маман мен жұмыс берушінің кездесуі» деп аталады

***

Жас маман жұмыс іздеуге кірісті:

  • Алло, сәлеметсіз бе!
  • Сәлеметсіз бе! Қандай мәселе бойынша қоңырау соғып тұрсыз?
  • Мен хабарландыру бойынша қоңырау соғып тұрмын. Бағдарламашы лауазымының бос орнына үміткермін.
  • Сіздің еңбек өтіліңіз неше жыл?
  • Мен жоғары оқу орнын осы жылы бітірдім. Еңбек өтілім жоқ.
  • Кешіріңіз, біздің кәсіпорындағы лауазымға орналасу үшін конкурсқа кемінде бес жыл өтілі бар үміткерлер қатыса алады.
  • Мазалағаным үшін кешіріңіз. Сау болыңыз!
  • Оқасы жоқ. Сау болыңыз!

***

Жас маман мен жұмыс беруші:

  • - Алло, сәлеметсіз бе!
  • Сәлеметсіз бе! Қандай мәселе бойынша қоңырау соғып тұрсыз?
  • Мен хабарландыру бойынша қоңырау соғып тұрмын. Бағдарламашы лауазымының бос орнына үміткермін.
  • Сіз бүгін кадрлар жөніндегі орынбасармен кездесе аласыз. Ол сағат кешкі алтыға дейін қабылдайды.
  • Рахмет!

***

Жас маман мен кадрлар жөніндегі инспектор арасындағы сұхбат:

  • Сәлеметсіз бе! Кіруге рұқсат па?
  • Сәлеметсіз бе! Кіріңіз.
  • Мен бағдарламашы лауазымына орналасуға үміткермін.
  • Құжаттарыңыз өзіңізбен бе?
  • Иә, барлық құжаттарым өзіммен бірге. Танысуыңызға болады.
  • Рахмет!
  • Университетті биыл аяқтадым.
  • Түсінікті. Бізге жас мамандар қажет. Түйіндемеңіз бойынша біздің кәсіпорынға қажетті қызметкерсіз. Анығын уақыт көрсетеді. Сіз біздің кәсіпорынның техника бөліміне бағдарламашы болып бір апталық сынақ мерзімімен қабылдандыңыз. Ертеңнен бастап жұмысқа кірісуіңізге болады.
  • Сенім артқаныңызға рахмет. Барлық үміттеріңізді ақтауға тырысамын. Сау болыңыз!
  • Көріскенше сау болыңыз!

 

Екінші сұхбат «Еңбек етсең ерінбей...» деп аталады.



Бос орынға үміткер мен хатшы арасындағы сұхбат:

- Сәлеметсіз бе! Мен жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру бойынша келдім. Сіздер келушілерді қабылдайсыздар ма? 

- Сәлеметсіз бе! Кіріңіз

- Менің кімге баруым керек?

- Сіздің кадрлар жөніндегі инспекторға баруыңыз керек

- Оның кабинеті қайда?

- Дәліз бойынша оңға. Мен сіз туралы мәлімдеймін.

***

Хатшы мен кадрлар жөніндегі инспектор арасындағы сұхбат:

- Келушілерді қабылдай аласыз ба?

- Иә, мен боспын

- Онда мен келушіні сізге жіберемін.

***

Бос орынға үміткер мен кадрлар жөніндегі инспектор арасындағы сұхбат:

- Қайырлы күн!

- Сәлеметсіз бе! Кіріңіз. Отырыңыз. Қандай лауазымға орналасқыңыз келіп еді?

- Бас маман лауазымына.

- Мамандығыңыз қандай? Жұмыс істедіңіз бе? Істесеңіз неше жыл, қайда?

- Мен оқу орнын бағдарламашы мамандығы бойынша аяқтадым. Компьютер фирмасында техник-бағдарламашы болып 2 жыл жұмыс істедім.

- Жұмыс орныңыздан не себепті шығарылдыңыз?

- Мекенжайымның өзгеруіне байланысты өз еркіммен жұмыстан шығарылдым.

- Өзіңізбен бірге қажетті құжаттар бар ма?

- Барлық құжаттарым өзіммен бірге.

***

Басшы мен басшының орынбасары арасындағы сұхбат:

- Мен бос орынға үміткердің құжаттарымен таныстым және оны бас маман лауазымына қабылдауды жөн көрдім.

- Қарсы болмасаңыз, мен де қарап шығайын.

- Әрине, қараңыз.

- Сіз оны сынақ мерзімімен қабылдайсыз ба?

- Жоқ, мен оны сынақ мерзімінсіз қабылдаймын, өйткені ол өзін бұрынғы жұмыс орнында жағымды жағынан көрсете білді.

- Менің ойымша, оның жұмыс өтілі аз.

- Мен сізбен келісе алмаймын, оның тиісті білімі бар және лауазымдық нұсқаулық бойынша оның өтілі жеткілікті. Егер сіз өтілі аз деп ұйғарсаңыз, қызметкер үш ай сынақ мерзімі белгіленіп қабылдансын.

- Жақсы, мен еңбек шартының жобасын құрайын. Мен боспын ба?

  • Иә, сіз боссыз

 

***

Бос орынға үміткер мен басшының орынбасары арасындағы сұхбат

- Кіріңіз, отырыңыз.

- Рахмет.

- Сіз біздің фирманың техника бөліміне бас маман лауазымына қабылдандыңыз. Бұл орында сіз өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істей аласыз.

- Менің тікелей міндеттерім туралы айтып беріңізші.

- Еңбек шарты бойынша сіздің міндеттеріңіз: деректерді резервілеу, желілерге қызмет көрсету, есептеу кешендері мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету.

Мен кәсіпорынның бағдарламашысымен жолыға аламын ба?

- Жоқ, өкінішке орай, ол іссапарға кеткен. Бір аптадасын болады. Ал сіз ертеңнен бастап жұмысқа кірісуіңізге болады.

- Сеніміңіз үшін рахмет. Мен барлық ынта-жігеріммен кірісемін. Бар күшімді жұмсаймын. Сау болыңыз!

- Сау болыңыз!

Еңбек жолымыздан сәттілік күтемін. Достарыма мемлекеттік тілді оқуда үлкен жетістіктерге жетуді тілеймін. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сертификат алу ережесі
Бұйрық
Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті
Көкөністер дүкенінде
«Аурухана»
Еңбек құқығы, Түйіндеме, Диалог құрастыру
Өмірбаян, өтініш түрлері
Танысу. Сәлем әдебі
Нотариус – бізде қонақта
Біліктілігі туралы мәліметтер
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2645 | Қосты: Қабденова Ақерке | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык