Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біз - әлем балаларымыз


Біз - әлем балаларымыз

Біз - әлем балаларымыз

Аты-жөні: Болатбаев Еркебұлан

Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы

Мектебі: Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы

Сыныбы: 8-сынып оқушысы

Пән мұғалімі: Байжан Гүлдана

Шығарма

Біз - әлем балаларымыз

Балалық өтті, білдің бе,

Қарттық жасқа келдің де,-

деп Абай өкініш білдірген балдай тәтті балалық шақ десеңші!?

         Қанбаған ойын, тарқамаған құмарлық, алаңсыз еркелік ... айта берсем таусылар емес.

         Біз - әлем балаларымыз. Әлемде қанша халық бар, сонша халықтың ұрпағы – балалары ғой. Бәрі-бәрінде бақытты балалық па екен, ойланып көрейінші. Мен бейбіт елде бақытты өмір сүріп өз қалауыммен білім алып, ата-анамның қамқорлығына бөленудемін. Не ішем, не кием деген қажеттілік жоқ. Мен сондай бақытты баламын. Санам  сергек, ойым ұшқыр, жан-жағым аман. Бұдан артық не керек маған?!

         Теледидарды қосып, шетел хабарларын тыңдасам немесе газет ақтарып оқып отырсам, неше түрлі оқиғаларды оқып жағамды ұстаймын. Соның көбі – балалар туралы десем де болады. Өйткені мені өзім құралпы балалар өмірі, тағдыры қызықтырады ғой. Құлдықта ұсталған балалар, зорлық-зомбылыққа ұшыраған сәбилер , зиянды әдетке бой алдырған балалар, тіпті  панасыз қанғыбаствары қаншама? Оларды көргенде, қатты қиналамын. Сәбилік күлкі, алаңсыз бақытты балалық шақ қайда қалды деп.

         Әлемнің барлық балаларының тілегі – бейбітшілік. Қатыгез жандар оған да айыз салуда. Жазықсыз зардап шегіп, ата-анасынан айырылғандарын естігенде, көкірегің қарс айырылады.

         Анау Беслан оқиғасы, ұшақ апатының құрбандары, қанды қақтығыс арасында құрбан болғандарды айтпай кетуге болмас.

         Мен - әлемдегі ең бақытты баламын. Өзім сияқты балаларға да бақыт тілеймін. Аспан ашық, ата-анамыз аман, еліміз бейбіт өмір сүрсе екен деймін.

         Біз – бақытты жаңа ғасыр ұланы.

         Біз боламыз болашақтың қыраны.

         Әрқашанда ашық болса аспаным,

         Ойланайық ертеңгі елдің бастауын.

         Мен өзімді әлемдегі ең бақытты балалардың бірімін деп санаймын. Өзіме не тілесем, ата-анама, достарыма, әлем балаларына да соны тілеймін. Ғасыр дерті – нашақорлық, тажал оғы – ядролық қару, қантөгістер бізді, әлем балаларын айналып өтсе екен деймін.

         Нашақорлық жасарып барады дейді, одан да жасара береді, егер үлкендер осы қасірет жолына тосқауыл қоймаса?! Менің сәби жүрегім сұмдықтан таза болғанын қалайды.

         Жер жүзінің барлық балаларының ортақ арманы жүзеге асса екен деймін.

         Қазақ елінің көгін жарқыратар айбынды ұлан болсаи, ел тұтқасын ұстар азамат атансам деген бала қиял менің құрбыларымның көкірегінде арман боп ұялап жатқаны анық. Мен соған сенемін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арсыз
Менің арманым
Отбасым-бақытты мекенім.
«Бақытты балалық шақ»
Мен бақытты баламын
Біз бақытты баламыз.
«Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілік
Рахмет,анашым!
Біз – әлем балаларымыз
Ана өмір тірегі
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 2433 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык