Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Паскаль – программалау тілі


Паскаль – программалау тілі

Паскаль – программалау тілі

Тақырыбы: Паскаль – программалау тілі

 

                                                                     Орындаған: 9-сынып оқушысы

                                                                                      Байдауров Ренат

Мазмұны

 

 

І.Паскаль  программалау тiлi

1.1.Тiлдiң алфавитi

1.2.Тiлдiң қарапайым құрылымы

1.3. Идентификаторлар

1.4.Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау

1.5. Стандартты функциялар

1.6.Өрнектер

2.Программа құрылымы. Паскаль тiлiнiң операторлары

      2.1.Мәлiметтердi шығару операторлары

       2.2. Меншiктеу операторы

       2.3. Мәлiметтердi енгiзу операторы

       2.4.Шартты оператор

       2.5.Шартсыз көшу операторы

       2.6.Таңдау операторы

       2.7.Циклдiк (қайталау) оператор

3.Паскаль тiлiнде сурет салу

       3.1.Сурет салу кезеңi

       3.2. Геометриялық фигураларды салу процедуралары

       3.3.Мәтiндердi шығару тәсiлдерi

4.Массив

       4.1. Бiр өлшемдi массив

       4.2.Көп өлшемдi массив

5.Символдық шама

       5.1.  Жолдар

 

 

1.Паскаль  программалау тiлi

Шығу тарихы

 

         Паскаль программалау  тiлiнiң  алғашқы  нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд  университетiнiң информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады.

    Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3.0 версия) программмалау тiлi пайда болды. Содан берi Паскаль жалпыбiлiмдiк, кәсiптiк-техникалық мектептерде және жоғары бiлiм беру орындарында “бiрiншi” программалау тiлi ретiнде қолданыла бастады.

   

1.1.Тiлдiң алфавитi

 

    Тiлдiң алфавитi басқа тiлдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсiнiктi. Тiлдiң алфавитiнiң құрамына әрiптер, цифрлар және арнайы белгiлер кiредi.

    1) Әрiптер ретiнде латын алфавитiнiң 26 әрпi ғана қолданылады. Ұлттық алфавиттегi әрiптер (қазақ, орыс т.с.с.) тек апострофқа (жоғарғы үтiрге) алынған сөз тiркестерi немесе жүйелi жақшаға алынған түсiнiктеме ретiнде ғана кездеседi.

    2) Цифрлар: 0, 1, 2, …, 9 

    3) Арнайы белгiлерге төмендегi белгiлер жатады:

        а) арифметикалық амалдардың белгiлерi

                                                                   1-кесте

Р/н

Атауы

Белгiленуi

Түсiндiрме

1

2

3

4

5

 

6

қосу

азайту

көбейту

бөлу

div

 

mod

+

-

*

/

 

 

 

 

 

бөлiндiнiң бүтiн бөлiгiн табу

бөлген кездегi қалдықты табу

Мысалы: 10 div 3 амалының нәтижесi 3, 10 mod 3 – нәтижесi 1.

       ә) Қатынас белгiлерi:

                                                                2-кесте

р/н

Атауы

Белгiленуi

1

2

3

4

5

6

     үлкен

     кiшi

     үлкен, не тең

     кiшi, не тең

     тең

     тең емес

    >

    <

    >=

    <=

    =

    <>

б) Айыру белгiлерi:

       _ (бос орын), ., ;, :, (, ), [, ], {, }, ,,

 

 

1.2.Тiлдiң қарапайым құрылымы

 

    Тiлдiң қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кiредi. Программада амалдардың орындалуына қажеттi мәлiметтердiң сандық, логикалық немесе символдық (литерлiк) мәндiк шамалары болады. Олармен жұмыс iстеу қолайлы болуы үшiн бұл шамалардың мәндерiнiң өзi емес, оны белгiлеу атаулары – идентификаторлар қолданылады. Бұл атаулар әр түрлi мәндердi (сандық мән, символдық мән т.с.с.) қабылдағандықтан, олардың типi деген ұғым енгiзiледi. 

 

Мәлiмет типтерi

    Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзiне тән бiр түрмен ғана сипатталады. Тұрақты сандарды сыртқы пiшiнiне қарап-ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар программаның сипаттау бөлiгiнде анықтала жазылып көрсетiледi.  Мәлiмет типтерi қарапайым құрылымды-скалярлық және күрделi құрылымды-структуралық шамалар болып екiге бөлiнедi. Бұл мәлiметтердiң әрқайсысының 4 түрi бар. Қарапайым скалярлық: бүтiн - INTEGER, нақты - REAL, логикалық - BOOLEAN және символдық - CHAR, ал күрделi структуралық массивтер - ARRAY, жазбалар - RECORD, жиындар - SET және файлдар – FILE болып бөлiнедi.

    Сандар мен айнымалылар бүтiн және нақты болып екiге бөлiнедi. Бүтiн оң және терiс сандардың жазылуы да қарапайым: 6, -40, 1999, 0, т.с.с.            Бүтiн сандар –32768 бен 32767 аралығында ғана бола алады. Нақты сандар кәдiмгi табиғи аралас сандар тәрiздi санның бүтiнi мен бөлшегi нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы: 3.023,

-1.264, 5.0, -23.94

    Ал өте үлкен немесе кiшi нақты сандар көрсеткiшi бар экспоненциал сандар түрiнде жазылады.  Мысалы: -2.65Е-06, 3.9Е+04,  .61Е-02, -. 5ЕЕ+08.

Мұндағы Е әрпi “10-ның дәрежесi” деген мағынаны бiлдiредi. Санның бүтiн бөлiгi нөлге тең болса, ол жазылмайды, ал санның таңбасы оң болса, + белгiсi қойылмайды. Нақты сандар  -1Е-38-ден 1Е38-ге дейiнгi аралықта бола алады. Мәндерi бұл аралықтан шығатын сандар үшiн арнайы тәсiлдер қолданылады.

    Логикалық немесе бульдiк тип “BOOLEAN” сөзi арқылы өрнектеледi. Бұл типтегi шама екi мәннiң бiреуiн ғана қабылдай алады:

TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған).

Логикалық амалдың үш түрi бар:

AND (логикалық “және”), OR  (логикалық “немесе”), NOT (логикалық “емес”). Бұл амалдардың мәндерi төмендегi қатынастар бойынша анықталады:

       TRUE   AND  TRUE = TRUE          TRUE   OR  TRUE   = TRUE

    TRUE   AND  FALSE = FALSE        TRUE   OR  FALSE = TRUE

    FALSE   AND TRUE   = FALSE       FALSE  OR  TRUE  = TRUE

    FALSE   AND  FALSE = FALSE      FALSE  OR  FALSE = FALSE

     NOT   TRUE  =  FALSE                    NOT   FALSE =  TRUE

     Символдық немесе литерлiк типтегi берiлгендер “CHAR” сөзiмен жазылады. CHAR типтегi шамаларды арифметикалық өрнектерде қолдануға болмайды.

 

1.3. Идентификаторлар

 

    Идентификатор – мiндеттi түрде әрiптен басталатын сандар мен әрiптердiң тiзбегi. Оның ұзындығы 8 символдан тұрады. Мысалы: X, X1, SERN45T3, ALFA99, P31PS161 т.с.с.

    Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзiмiз берген атау) болып бөлiнедi. Стандартты атаулар тiлдiң объектiлерiн белгiлеу үшiн қажет, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек, мысалы: TRUE, FALSE, BOOLEAN, REAL, ABS, SIN т.б. Паскаль тiлiнде программа жазуда қолданылатын түйiндi сөздер де стандартты идентификаторға жатады, мысалы: ARRAY, PROGRAM, BEGIN, VAR, CONST т.с.с.

    Өзiмiздiң тұрақтыларға және айнымалыларға беретiн атауларымыз стандартты идентификатордан өзгеше болуы керек, мысалы: SURET1, CENA, MATERIAL, 2.25 т.с.с. Бiздiң келтiрiп отырған мысалдарымызда тек латын алфавитiнiң үлкен, не кiшi әрiптерiн ғана пайдалануға рұқсат етiлген.

                 

1.4.Айнымалылар, тұрақтылар және оларды сипаттау

 

    Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлi мәндердi қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен  белгiленiп, кез келген уақытта белгiлi бiр мәнге ие болады. Айнымалылардың белгiленулерi: D, X1, X2, GAMMA, SUMMA т.с.с.

    Айнымалыларды сипаттау VAR түйiндi сөзiнен басталады, одан кейiн типi көрсетiлген айнымалылардың атауы көрсетiледi. Мысалы:

    Var  

          x, y, z:      integer;

          a, b, c:      real;

          d, r:          char;

          meli, bol:   boolean;

мұндағы,  қос нүктеге дейiнгi атаулар – сипатталатын айнымалылар идентификаторлары, соңғы сөз олардың стандартты типтерi.

    Тұрақтылар (константа) деп программаның орындалу барысында өзгерiссiз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтылар INTEGER, REAL, BOOLEAN, CHAR түрiндегi мәндердi қабылдай алады.  Символдық тұрақтылар апостроф iшiндегi таңбалармен жазылады, мысалы, ‘A’. Логикалық түрдегi тұрақтылар - TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерiнiң бiреуiне ие бола алады. 

Жалпы  түрi:

    Const   < айнымалының аты > = < мәнi>

    Мысалы:

    Const  a=3;  pi=3.14;  g=9.8;

    Тұрақтыларды анықтау CONST түйiндi сөзiнен кейiн оларды сипаттап жазудан басталады. Әрбiр тұрақты сипатталғаннан кейін (;) белгiсi қойылады. Мысалы:

    Const

        Xmin=1;     xmax=20;  ymax= 5*amax;

        A=’b’;        q=ord(‘r’)-ord(‘m’);

    Тұрақтының типi сәйкес мәннiң типiмен анықталады.

     

1.5. Стандартты функциялар

 

    Стандартты функциялар математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшiн қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшiн ең алдымен функцияның аты, сосын жақшаның iшiнде аргументi көрсетiлуi керек.

 

Паскаль тiлiнiң стандартты функциялары.

                             3-кесте

Математика тілінде   жазылуы

Паскаль тілінде

жазылуы

             Түсiнiктемесi

1

2

3

4

5

6

7

8

Sinx

Cosx

Arctgx

X2

Öx

êxç

ln x

еx

Sin(x)

Cos(x)

Arctan(x)

SQR(x)

SQRT(x)

abs(x)

ln(x)

exp(x)

Синус

Косинус

Арктангенс

х-тың квадраты

х-тың квадрат түбiрi

х-тың абсолют шамасы

х-тың натурал логарифм  шамасы

е-ң х дәрежесi

               -1, егер х<0

signx=       0, егер х=0           SGN(x) – санның таңбасы

                1, егер х>0

 

    Бұл тiзiмде жоқ функцияларды есептеу үшiн әр түрлi түрлендiру формулаларын пайдалану керек.

Мысалы: tgx = sin(x)/cos(x);

             chx = (exp(x)+exp(-x))/2;

             Arcsinx = ARCTAN( x/SQRT(1-SQR(x)));

             Arcctgx = ARCTAN(1/x);

             Log5x=ln(x)/ln(5);

             an = exp(n*ln(x)) -  a-ның n дәрежесi

 

 

1.6.Өрнектер

 

    Өрнектер деп арифметикалық амалдардың таңбаларымен бiрiктiрiлген  айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынын айтады. Өрнектердi есептеу барысында амалдардың орындалу ретi жақшалармен көрсетiледi.

 

 Белгiлердi сипаттау

    Программадағы белгi оның бөлiктерiнiң бiртiндеп орындала бермей, белгiлi бiр жағдайларға байланысты кейде алға, не соңына оралу керек екендiгiн бiлдiредi. Сондай-ақ басқа бiр жолдарға сiлтемесi бар бөлiктерде ғана белгiлер орналасады. Белгiлер LABEL (белгi) сөзiнен басталады да, одан кейiн программада қолданылатын белгiлер жазылады. Белгi ретiнде 0-ден 999-ға дейiнгi оң бүтiн сандар және идентификаторлар пайдаланылады. Жазылу үлгiсi:

              LABEL N1,N2,N3,…,NK;

Мысалы:  LABEL 1, 5, 20, pl, st;

    Операторлар бөлiгiндегi бiр қатарға қойылған белгi келесi сөз тiркестерiнен қос нүкте (:) арқылы ажыратылып жазылады.

 

2.Программа құрылымы

 

          Паскаль тiлi блокты құрылымдардан, яғни программа жеке блоктардан құралған. Жалпы блок оның тақырыбынан, сонан соң сипаттамалық және операторлық бөлiктерден тұрады. Блоктың тақырыбын әркiм өз қалауынша қояды, бiрақ ол блоктың iшкi мазмұнына байланысты болуы қажет. Блок программаны, процедураны немесе функцияны көрсетуi мүмкiн.

      Программа тақырыбы PROGRAM сөзiнен және программаның атауынан тұрады. Турбо Паскальдың 7 версиясында программа тақырыбын жазбай-ақ қойса да болады. Сипаттаманы беру бөлiгi программада кездесетiн барлық мәлiметтердi хабарлауға және соларды сипаттауға арналған. Кей жағдайда сипаттау бөлiгiнiң жоқ та болуы ықтимал. Программаның операторлық бөлiгi берiлген алгоритмдi жүзеге асырады және ол BEGIN түйiндi сөзiмен басталып, END сөзiмен аяқталады.

Программаның жазылу құрылымы:

PROGRAM аты;

                 мәлiметтердiң аты;

                 мәлiметтердiң типiн көрсетiп сипаттау;

                 олардың мүмкiн мәндерi;

BEGIN

                 операторлар тiзбегi;

                 нәтижелер тiзбегi;

END.

       Мұндағы PROGRAM - программа, BEGIN - программаның басы, END -  программаның соңы деген мағынаны бiлдiредi. (;) белгiсi операторларды бiр-бiрiнен ажырату үшiн жазылады, бiрақ ол соңғы оператордан кейiн қойылмайды. Программаның соңы END сөзiнен кейiн ғана (.) қойылады, ол программаның аяқталғанын бiлдiредi.

Паскаль тiлiнiң операторлары

 

    Операторлар программаның  BEGIN және END түйiндi сөздерiнiң аралығында орналасады. Оператор дегенiмiз  алгоритмдi жүзеге асыру барысында орындалатын iс-әрекеттердi анықтайтын тiлдiң қарапайым сөйлемi. Оларды жазылу ретiне қарай бiр-бiрiнен нүктелi үтiр (;) арқылы ажыратып жазады. Экран бетiне бiрнеше мәлiмет орналастыру кезiнде бiр жолға бiрнеше операторды жазуға болады. Керек  жағдайда жолдардың арасында не соңына жүйелi жақшаға алынған түсiнiктеме сөздердi қазақша әрiптермен терген орынды.

    Операторлар қарапайым және құрмалас болып екiге бөлiнедi. Қарапайым операторлар құрамында басқа операторлар болмайды, яғни ол тек бiр оператордан тұрады. Оған меншiктеу, көшу, процедураны шақыру, енгiзу-шығару операторлары жатады.

    Құрмалас операторлардың құрамына бiрнеше қарапайым операторлар енедi, олар: шартты, таңдау және үш циклдiк операторлар болып бөлiнедi.

 

2.1.Мәлiметтердi шығару операторлары

 

    Паскал тiлiнде енгiзу-шығару операторлары процедура болып анықталады.

    Шығару операторлары есептiң нәтижесiн қағазға басып алу үшiн қолданылады.   

Жазылу үлгiсi:

1) WRITE (S);

2) WRITE (P,S,H);

3)    WRITE (Y,Z);

4)    WRITELN(Y,Z)

Оператордан кейiн жақша iшiне айнымалылар аттары жазылады.

WRITE – оператордың аты, ағылшынша “жазу” деген ұғымды бiлдiредi. 4-мысалдағыдай ln сөзiн қосатын болсақ, онда меңзер келесi жолға көшедi. Егер жақшаның iшiнде бiрнеше айнымалы кездессе, онда олардың арасына “,” үтiр таңбасы қойылады.  Шығарылатын мәндердiң түрi айнымалылардың типi арқылы анықталады, олар: integer, real, boolean (true, false), char, string.

    Шығару операторы арқылы жақша iшiнде экранға шығарылатын мәннiң ондағы алатын орнын, яғни оның енiн толық көрсетуге болады. Оның бүтiн санды енiн көрсете отырып экранға шығарады, мысалы, x айнымалысының бүтiн түрдегi мәнiн көрсету. WRITE (x:n) немесе WRITE (x:4) операторы арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы, x – айнымалының атауы; n – мәнi бүтiн сан болып келетiн тұрақты түрiнде берiлген орындар саны, оны бiрден бүтiн санмен жазуға да болады. Егер x екi-үш разрядты сан болса, онда төртке дейiнгi толтырылмаған орындар сол жақ шетте бос қалдырылады. X=53 мәнi үшiн  WRITE (x:4) операторы экранға “53” тiркесiн шығарады.

    Нақты сандар үшiн оның жалпы енiн, сонан соң бөлшек сандардың алатын орынын көрсету қажет, сол себептi аралас сандарды бейнелеуге оның енi қос нүктемен бөлiнген екi бүтiн сан арқылы жазылады. Мысалы,  С=-132.6578 болғанда WRITE (С:8:3) операторы экранға –132.657 мәнiн шығарады, мұндағы жалпы орындар саны –8, ал бөлшек үш санмен бейнеленгендiктен соңғы бiр цифр жазылмай қалып отыр. С айнымалысының берiлген мәнiн толық бейнелеу үшiн WRITE (С:9:4) операторын жазу керек едi. Жалпы нақты сандарды экранда бейнелеу операторының түрi:

    WRITE (С:n:m);

    Мұндағы, n - C мәнiнiң бүтiн бөлiгiне белгiленген орын саны;                     m – C мәнiнiң бөлшек бөлiгiне белгiленген орын саны. n-нiң мәнi таңбаны, бүтiн мен бөлшектi бөлетiн нүктенi және бүтiн сандар орнын бөлшекке қосып көрсететiндiктен, ол  n>m+3 болуы тиiс.

    Шығару операторының орындалуына келетiн болсақ жақша iшiндегi штрихпен алынған текст және тiзiмде көрсетiлген айнымалылардың сандық мәндерi жауап ретiнде шығарылады. Ал өрнек жазылса, оның мәнi есептелiп, бiрақ шығарылады.

1-мысал: Экранға “Мен 9-сыныптың оқушысымын” және “Мен паскаль тiлiн оқып, үйренемiн“ деген сөздердi шығару программасын жаз.

PROGRAM  Паскаль;

BEGIN

  WRITELN  (‘Мен 9-сыныптың оқушысымын’);

  WRITELN  (‘Мен паскаль тiлiн оқып, үйренемiн’);

END.

    Программаны жазып болған соң:

       -    оның дұрыстығын F9 пернесі  арқылы тексеру керек;

  • программада қате кездессе, қатесiн программа дұрыс болғанша түзету керек;
  • программа дұрыс болғанда оны CTRL+ F9 пернелері  арқылы орындауға жiберу керек;
  • ALT+F5 пернелері  арқылы нәтижесiн шығару керек.

     Алдымен “Мен 9 – сыныптың оқушысымын” деген сөз, ал келесi жолға “Мен паскаль тiлiн оқып, үйренемiн“ сөздерi экранға шығады.

 

2.2. Меншiктеу операторы

 

    Меншiктеу операторы жазылған өрнектердiң мәнiн есептеп, оны айнымалыға телу үшiн қолданылады. Өрнек мәнiнiң типi айнымалының типiне сәйкес келуi тиiс. Литерлiк (символдық) айнымалылардың мәндерiн штрих арқылы меншiктеу керек.

    Жазылу ережесi:

    <айнымалы>:=<өрнек>;

мұндағы := - меншiктеу белгiсi, яғни айнымалының мәнi өрнектiң есептелген сан мәнiне тең болуы тиiс. Мысалдар:

    x:=4.5;                                    v:=’s’;

    y:=sqr(a)+sqr(b);                       q:=’)’;

    d:=sqr(b)-4*a*c;                        n:=’f’;

    Ендi осы аталған операторды кез келген типтегi есептердi шығаруға пайдаланып, мысалдар келтiрейiк.

1-мысал: а=5, b=4, c=0.5 сандары берiлген. Осы сандардың көбейтiндiсiн есептеуге (Х=abc) программасын құр.

Program Көбейтiндi;

Var a,b: integer;                   {a және b айнымалыларының типi-бүтiн}

      x,c: real;                     {x және c айнымалыларының типi-нақты}

begin

      a:=5; b:=4; c:=0.5;   {a-ны 5-ке,b-ны 4-ке,c-ны 0,5-ке меншiктеу}

      x:=a*b*c;            {a,b және c сандарын көбейтiп, x-ке меншiктеу}

Writeln(‘көбейтiндi x=’, x);       {x көбейтiндiсiн жауапқа шығару}

End.

2.3. Мәлiметтердi енгiзу операторы

 

    Енгiзу операторлары есеп шығаруға қажеттi берiлген мәлiметтердi пернетақтадан енгiзу үшiн қолданылады.

 Жазылу үлгiсi:

  1. READ (x);
  2. READ (A,B,C);
  3. READLN(X1,X2);      

Мұндағы, READ -  оператордың аты, ағылшынша “оқу” деген ұғымды бередi, ал одан кейiн жақша iшiнде – енгiзiлетiн айнымалылардың атаулары берiледi. Алғашқы 2 оператор айнымалылардың мәндерi пернетақтадан енгiзiлген соң, курсорды келесi қатарға көшiрмейдi.

Ал READLN ( READ LINE –“жолды оқу” деген сөздiң қысқартылуы ) пернетақтадан мәндер енгiзiлгеннен кейiн курсор келесi қатарға көшiп кетедi.

   Енгiзiлген айнымалының мәндерi INTEGER, REAL, CHAR типтерiне жатуы мүмкiн. Мысалдар.

1-мысал: Радиусы R-ге тең шеңбер берiлген. Шеңбердiң ұзындығын есептеу программасын құр.

RPOGRAM Шеңбер;

CONST  PI =3.14159;               {  тұрақты санын сипаттау.}

VAR L: REAL;                        { Шеңбердiң ұзындығы L нақты сан}

       R: INTEGER;                   { радиус R - бүтiн сан}

BEGIN

 WRITELN (‘Шеңбердiң радиусы R-дi енгiз”);

   READ(R);                           {  R-дi енгiзу. }

L:=2*Pi*R;                             {L-дi есептейдi}

WRITELN(‘L=’,L:4:2);             {L-дi жауапқа шығару}

END.  

2.4.Шартты оператор

 

Басқару (шартты, таңдау және циклдiк) операторлары программа жолдарының орындалу реттiлiгiн өзгертедi. Шартты операторлар нәтижесi ақиқат болғанда (Иә) немесе нәтижесi жалған болған жағдайда (жоқ) деп жауап беретiн белгiлi бiр логикалық шартты тексередi. Бұл оператордың жазылу түрi төмендегi үлгiлердiң бiрiне сәйкес келуi керек:

а) if шарт then 1-оператор else 2-оператор; мұндағы, if-оператордың аты (егер), then (онда), else(әйтпесе)- түйiндi сөздерi; шарт- логикалық өрнек (типi boolean); 1-оператор және 2-оператор- кез келген орындалатын операторлар.

1-мысал: Х және Ү нақты сандары берiлген. Осы сандардың үлкенiн табу программасын құр.

PROGRAM үлкен;

Var x,ү:max:real;

Begin x:=0.2; y=-5;                    { x және y-тiң мәндерi меншiктеу

                                              операторымен енгiзiледi}

If x>y then max:=x                    { екi сан келесi x>y шарты бойынша тексерiледi}

                                             { егер шарт орындалса, үлкенi-x}

         Else max:=y;                   { шарт орындалмаса, үлкенi -y}

Writeln(‘max=’,max);                { max-ын жауапқа шығару}

End.

   Толық тармақталған шартты оператордың жалпы жазылу түрi:

   б) If  <1-шарт>  then  if  <2-шарт> then    <1-оператор>   else  <2- оператор>

   Ендi осындай түрдiң Begin және End операторларының көмегiмен белгiленген толық шартты операторының жалпы түрi төмендегiдей болады:

  If  <шарт>  then                               {шарттың орындалу немесе}

                 begin                             {орындалмауына байланысты}

                  <1-оператор>;                  {құрмалас операторлардың}

                  <2-оператор>;                  {бiрiн таңдап, ал}

                        …                             {екiншiсiн аттап өту}

                  <n-оператор>;

                  end

            else

                 begin

                  <n+1-оператор>;

                  <n+2-оператор>;

                        …

                  <n+k –оператор>;

                  end;

1-мысал: a,b,c сандарының ең кiшiсiн табу программасын жаз.

Program кiшi;

Var a,b,c,x,min:integer;

Begin read(a,b,c);

If a<b then x:=a else x:=b;

If x<c then min:=x else min:=c;

writeln(‘ең кiшi сан=’,min);

End.

2.5.Шартсыз көшу оператор

   Паскаль тiлiнде программа текстiндегi операторлардың рет-ретiмен орындалуын бұзып, яғни программаның кейбiр бөлiктерiн орындамай өтiп кету және керi қайту үшiн шартсыз көшу операторы қолданылады. Ол goto (көшу) түйiндi сөзiнен басталады, одан кейiн label бөлiмiнде сипатталған белгi идентификаторы келтiрiледi.

 Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Таңдау операторы
Программалау – алгоритмнің формальді орындалу тәсілі.Алфавит.Программа синтаксисі. Арифметикалық амалдардың жазылу ережесі.
Тармақталу алгоритмдерін программалау
Берілгендерді сипаттау, егізу-шығару, сызықтық программалар
9 сынып бойынша Информатика пәнінен тест
Паскаль
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ)
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 11985 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык