Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің елім – менің Президентім


Менің елім – менің Президентім

Менің елім – менің Президентім

Автор: Дулатова Камила,15лет

Средняя общеобразовательная школа№12, г.Экибастуза РК

Руководитель:Битимбаева С.Ж.

Сочинение

 «Моя страна - мой Президент»,

Посвященное  Дню Первого президента РК.

«Менің елім – менің Президентім»

Шіркін, мен қандай бақыттымын!

            Еңселі елдің, елеулі қызы болғаныма... Неге мен қолыма ақ қағаз бен қалам алып көсіліп бір шаппасқа? Неге мен бақыттыммен бөліспеске...?

            Алауратқан таңдардан, арайын шашқан күндерден қызығы мен шыжығы мол мынау – тұрған өмірде пәни болып кетпесін, мен айтатын сөзімді, ертегідей еліртіп, естуші едік атамнан бұрын өткен заманның зобалаңды шақтарын. Николайдың заманы зымырандай зулаған, қала халық бүрсеңдеп, кірерге тесік таппаған. Сталиннің заманы жеке басқа табыну, тіске басар мықтысын азулының аузына тоғыттырып, тастаған. Біріне-бірін жау қылып, өз қолымен көрсеткен, бірін жау қып, бірін « халқына қызмет еткендер» - деп, марапаттап мақтайды, арқасынан қағады, төсбелгіні төсіне алып келіп тағады. Сорлаған қазақ жаутаңдап, «Бұл ісім менің жөн екен» - деп еліріп, одан сайын өрлейді. Бұның артық қанды қол екендігін білмеді. Хрущев келді қуратып, қара нанға зар қылған далақтаған, далыған етегіндей ананың жармасады иттердей, жырым-жырым етуге шұрайлы жердің шырайын кетіргендей шұбарлап, күмбірлетіп, тулатып атом қырсығына шалдыққан, топырағы тозаң болған жерлер ыңырсып жатты, еліміз қансырап, береке-құты қалтырап, өз елімізде өзіміз азшылыққа айналған тұста, отаршылдықтың ойраны жанға батты. Солақай саясаттың құрбаны болған жерімнің жүрегі жатты қан жылап, қатты шеңгел қолымен қос қолдап тұрып бетіне тырнақтың ізін салғызған. «Табиғаттың бермесін тартып алу» заңдылық, жыртқыштықтың куәсі қайранда қалған балықтай, аузын ашып, қолымызды көкке созып, көзіміз жәудіреп жүзімізді мұң басып қалған жоқ па? Иен даланы игерусіз қалдырып, топырақты желге ұшырып, құнарлы жерді ақ сорға айналдырып, өсіп тұрған орманның түбіріне балта шауып опырып, түп тамырын қопарып, есті даланы ессіз даладай омырауын алқам-салқам қылған жоқпыз ба? Шұрайлы жердің шырайын кетіріп, көсіліп сөйлер тілі кетті мәңгүртікке бой алып. Имансыздыққа орын берді, өз анасын, өз әкесін, буыр етім балам дейтін адамды жат қолына тастап кету «тастандылық» тастай қатты жаңа сөзбен толықты.

            Көзге келген ыстық жас ытқып бір күн шықпасын,

            Қынжылға толған кеуденің лықсып бір күні шықпасын.

            Қайдан білсін?

            Бұл қазақтың маңдайына торсықтай бір ұл дүниеге келмесін...

            Айдай әлемге Тәуелсіз елдің көк байрағын желбіретіп тұрмасын.

            Шерменде болған шерлі жүректерді жылы жүзбен, мейірімге қат болған,

            Өз елінде өзімдікі дей алмай өзгелерге жаутаңдаған, жалтақтаған қазақтың

            Тәуелсіздік таңы атты, көк күлімдеп, нұрын шашқан арайлаған күн туды.

            Бүгінгі таңда еңсемізді көтеріп, тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, етек – жеңімізді қымтап, ержеткен баладаймыз... оңымыз бен солымызды ажыратар тұста Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз жүрекке қатқан жараны аялы алақанымен емдеуде. «Көрегенді басшы ел қамын ойлар болар» - деп бабаларымыз тегін айтпаса керек. Бізге берген Алланың сыйы шығар. Жүректегі жарамыз жазылып, езуімізге күлкі үйірілтіп ХХІ ғасыр табылдырығын нық сеніммен аттадық.

            Бұл күн – білім, ғылым заманы. Қайда барсаң «Қорқыттың көрі емес», Мен – қазақпын! Көреген елдің ұланымын, қызымын жаутаңдамай жалтақтамай айта алатын бейбітшілік заманы.

            Бұл уақытта мемлекеттік тәуелсіздік деп қазақ халқы ұлт рухының ұран, ұлт перзентінің қыран, жау қолында қалған сайын даланың қайтадан Тұран болуы деп білді.

            Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иелі болуын, ана тіліміздің киелі болуын, ата тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз. Біз, бүгін тәуелсіз ел деп кіндік қанымыз Астананың асқаралы болуын, ордамызға құт береке қонуын, ұлт пен ұлыстардың арасы ынтымаққа толуын айтамыз.

            Тілге шыққан сүйелден құтылатын күн туды,

            Дінсіздіктің тамырына балта шабар күн туды.

            Өз елімді, өз жерімді айдай әлем танитұғын күн туды.

            Қазақ деген ел барын, қазақ деген жер барын білетұғын күн туды.

            Бұның бәрі, бәрі де – Нұрсұлтан атамыздың арқасы.

            Ынтымағын жарастырып, қазағымды айраныңдай ұйытқан.

            Ұлттардың, ұлыстардың басын қосып,

            Өзге елге үлгі болып, көшбасшысы атанған – деп, мақтанышпен жыр жазам.

            Ақыл парасатымен, есті істерімен еліне ұйытқы болған қазақтың күре тамырына нәр берген менің Президентім мәңгі жасай берсін!

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
Тәуелсіздік-тұғырым
«Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілік
Менің елім-Қазақстан
Тәуелсіздік шыңы.
Бір кесе меруерт
Желбірей бер, Тәуелсіздік көк туы!
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
« Елі сүйген ер »
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 2257 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык