Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мысықтың емдік қасиеті


Мысықтың емдік қасиеті

Мысықтың емдік қасиеті

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Орындаған:          10 «А»    сынып оқушысы Мусабай Гулайым

Тақырыбы:           Мысықтың емдік қасиеті

Бағыты:                   Өлкетану.

Жетекшісі:         Байболова Әйгерім    

Секциясы:                Биология

Оңтүстік Қазақстан облысы

                                                                       Қазығұрт ауданы

                                                            Т.Рысқұлов мектеп - лицейінің

                                           10 «А» сынып оқушысы

                                            Мұсабай Гүлайымның                                                               

                                                                     «Мысықтың емдік қасиеті»-

                                                                     тақырыбында  жазған  жұмысына

П І К І Р

Т.Рысқұлов мектеп – лицейінің 10«А» сынып оқушысы

Мұсабай Гүлайымның   «Мысықтың емдік қасиеті»  - тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда күнделікті өмірде қолдана бермейтін тың тақырыпқа жазылған жұмыстардың бірі.

         Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. «Естідіңіз бе...» - бөлімінде, мысықтар жайлы таңқаларлықтай оқиғаларды жақсы іріктеген.Жұмысын қазіргі таңда жануарлармен емдеу әдісін Қазақстанда дұрыс жолға қою керектігі, ит, мысықтарды қорғауға алу керектігі жайлы ойымен қорытындаған.

 Бұл   10«А» сынып оқушысы Мұсабай Гүлайымның   «Мысықтың емдік қасиеті»  тақырыбында жазған ғылыми жобасы аудандық ғылыми жобалар байқауына  ұсынуға болады.

Жетекшісі:  Байболова Әйгерім

Аннотация

 

         Зерттеу жұмысында орындаушы  Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсете білген.

Аннотация

    

Ученик, в ходе научно – исследовательской работы, вкладывая свои способности и поиски, доступно написал о лечебных свойствах кошки в отношении своего хозяина. В ходе работы остановился: на питании и уходе домашних кошек, на отзыв животных хозяину на казахском языке.

           Особенное внимание уделил на фелинотерапию – кошачью терапию. В работе видно, что ученик опирался на работы и исследования  мировых ученых о том, что разные породы кошек излечивают разные болезни в организме человека.

         Новости, происходящие в области медицины сумел обоснованно доказать.

The summary

  

      The pupil, in a course scientifically – research work, putting the abilities and searches, has well written about medical properties of a cat concerning the owner. During work has stopped: on a food and leaving of house cats, on a response of animals to the owner in the Kazakh language.

     Especial attention has given on felinoterapija - the cat's therapy. In work it is visible that the pupil leaned against works and researches of world scientists that different cat breeds cure different illnesses in a human body.

      The news occurring in the field of medicine has managed to prove soundly.

Жоспар

І.  Кіріспе

 Мысықтар туралы: Үй мысығы

ІІ. Негізгі бөлім

1.Фелинотерапия

2. Мысықтың тілегі – денсаулық

3. Мысықтар туралы ғалымдар не дейді.....

4. Жануарлардың қайсысы ақылдырақ?

5. Естідіңіз бе...                       

6. Фелинолог мамандығ

7. Мысықтардың  тұқымына (порода)қарай емдеу тәсілдері

ІІІ.   Қорытынды

Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!

Кіріспе

Мысықтар туралы: Үй мысығы

         Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын үй жануары. Үй мысығының арғы тегі мысық тәрізділер отрядына жататын ливиялық жабайы мысық екен. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе жай Дала мысығы деп те атайды. Дала мысығы Таяу Шығыс жерінде осыдан 130 мың жылдай бұрын пайда болған.

Дала мысығын, яғни, жабайы мысықтарды қолға үйретіп, үй жануарларына айналдыру осыдан 9 500 жылдай бұрын (кейбір деректерде 10-12 мың жыл) сол кездің адамзат өркениетінің дамыған ошағы болған Таяу Шығыс аймағынан бастау алады. Бұл отырықшылыққа үйреніп, жер өңдеу (егіншілік) шаруашылығының басталған кезеңімен тұспа-тұс келген болатын.

       Археологиялық зерттеулер нақты әрі көп нәтижеге жете қоймаған. 2001 жылы ғана Кипр аралынан табылған, 9500 жылдай бұрынғы уақытта иесімен бірге жерленген мысықтың қаңқасы нақтырақ дерек болады. Ал үй мысықтарының отаны Кипр аралы аймағы екендігін Калифорния Университетінің зерттеушілері анықтаған. Мысықтың орташа жасы 10-12 жас, , көбінесе 20-25 жыл.  Соңғы деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Үй мы-сықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып, саркафагтарда жерленген.
   Қазір кең тараған мысықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, тү-рік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары және т.б. Мұның сыртында мысықтарды түртүсіне, мінезқылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгілеріне қарап ажыратып, атайды. Әлемнің бірқатар елдерінде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істеп әртүрлі көрмелер ұйымдастырылады.
   Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ төсеніші бар жерінде: себетте, жәшікте ұстаған жөн.
     Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше ене-сінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына
2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болған-дықтан, оның табиғи қа-жеттілігі үшін пәтерде ішіне құм, топырақ салын-ған жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді.
        Мысықты тамақтандыру Ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет тамақтандырса, осы тамақтың мөлшері 150-200 грамм болуға тиіс. Үй мысығының негізгі тамағы: ет (мүмкіндігінше шикілей), балық (буға пісіріп, не жеңіл  қуырып), сүт. Ет тағамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр, жүрек. Мысықты нанға, сорпаға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай үйретсе, оңай бо- лады. Мысықтың балалары енесінің сүтімен қоректеніп жүргенінде 20 күннен кейін оған сиырдың сүтін жылытып беруге рұхсат етіледі. Мысыққа етті тамақты ірімшікпен де ауыстырып береді. Көкөністерді берерде еттурағыштан өткізеді. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың ақыл-кеңесін тыңдаған орынды.
    Мысық  балалары жұқпалы ау рулармен  жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда, көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтыра-ды. Мысықтан адамға жұғатын қауіпті аурулар: құтыру, қотыр жара, қышыма. Сол себепті жыл сайын құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұрады. Мысықты дұрыс асырамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады.

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өкініш
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МЫСЫҚТАР КҮНІНЕН АРНАЛҒАН «ҰЗЫН МҰРТТЫ, МЕНІҢ СЕНІМДІ ДОСЫМ» - АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЫН
Қайталау сабағы
Буынға бөлейік
Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?
Мысықтың қоңырауы
Мысығым менің керемет
10 санының құрамы
Ойнайық
ертегілер елінде
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 3029 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык