Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?


Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?

Мысық  неге  тамақ  ішкен  соң  жуынады?

Тақырыбы: Мысық  неге  тамақ  ішкен  соң  жуынады?

Мақсаты: 1) Зейін  қойып  ертегіні  тыңдауға  үйрету, тілін  белсендіру, жануарларды  тануға  және  атауға  үйрету.

2) Баланы тазалыққа, есте  сақтауға, анық  сөйлеуге  үйрету.

3)Ойын  қимылдарына  еліктеуге  үйрету, ырғақты  сезінулерін  қалыптастыру,жануарлармен  ойнаған  ойыннан  әсерлі  ләззат  алу.

Көрнекілігі:  Ойын  «мысық  пен  торғай»,   бейнетаспа  ертегі  желісі, фланелеграфтағы  ертегі  кейіпкерлері,  суреттер,   баян  инструменті.

Қолданылатын  әдіс – тәсілдер:  Түсіндіру, көрсету, тосын  сәт, сұрақ – жауаптар,  образға  енгізу,  дамытушы  ойын.

Пәнаралық  байланыс:  Музыка, дене  шынықтыру.

Сөздік:  Мысық,  аңдиды,  торғай.

Iс – әрекет  кезеңдері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың  іс - әрекеті

Мотивациялық  қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушы – іздестіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті   - коррекциялаушы.

Тәрбиеші  сөзі:

-Балалар,мен  сендерді  бүгінгі  ұйымдастырылған  оқу  іс – әрекетінде  көргеніме  қуаныштымын.Сендердің  күлімдеген  жүздеріңді  көріп  сүйсініп  тұрмын.Бүгін  біздің  ұйымдастырылған  оқу  іс – әрекетіміз  аптаның  сәтті  күнінде,  яғни  сәрсенбі  күні өтіп  жатыр.Сондықтан  ұйымдастырылған  оқу  іс – әрекетіміз  сәтті  өтсін  деп  тілейік.Мен  барлығыңды  шаттық  шеңберіне  шақырамын.

 

«Мейірімді  жүрек»

Шарты:  Балалар  үлкен  шеңбер  құрып  отырады.Тәрбиеші  жүрекшені  ұстап  тұрып:

«Балалардың  мейірбандық  жүрегі,

Адамдарға  бақыт, шаттық  тіледі»,-деп  айтып  көршісіне жылы  сөздер  айтатынын  түсіндіру.

Енді  орнымызға  отырып  «бейнетаспаға»  назар  аударамыз.Өткен  оқу іс – әрекетіндегі   тақырыбымыз  «шалқан»  ертегісін  қайталау.

Қазір  мен  «жұмбақ» жасырамын, сендер  сурет  арқылы  жауабын  табасыңдар.

                    Жұмбақ.

От  басында  құмған,

Екі  көзін  жұмған.

Бүгін  сендерді  « мысық  неге  тамақ  ішкен  соң  жуынады?»    ертегісімен  таныстырамын.  (ертегі  кейіпкерлері -  нің  суреттері  фланелеграфта  дайындалып  қойылады)

-Кімнің  үйінде  мысық  бар?

-Үй  мысығына  қандай  күтім  керек?

 

 

Мысықтардың  суреттерін  бейнетаспадан  көрсетіп,  таныстыр – дым.

 

Ертегіні  балаларға  түсіндіріп,  ертегі   кейіпкерлерін  фланелеграф  арқылы  балаларға  әңгімелетіп,  қимылдарын  жасату.(қимылмен  сөз  арасындағы  байланысты  қадағаладым)

 

-Бәріміз  орнымыздан  түргеліп  «мысық»  деген өлеңіне  сергіту 

сәтін  жасаймыз.

Үнтаспадан  торғайдың, мысықтың    дыбыстарын  тыңдатамын.

 

Тосын  сәт.

Мысықтың  дыбысын   тыңдап   жатқанда,  есікті  тоқылдатып  мысық  келеді,  қолында  құстың  ұясы  және дискі  бар.

Мысық  балалармен  амандасып,  қуанып  ойын үйретуге  келгенін  хабарлайды,  ойнатады.

 

 

Ойын:  «Мысық  пен  торғайлар»

Кәне  балалар  (торғайлар)  ұшып  келіңдер.

-Торғайлар  жем  жеңдер.  Кәне  кім  қалай  жейді?

-Торғайлар  сендер  тез  ұшыңдар,  мысық  ұйықтап  жатыр,  қазір  мысық   оянып  кетіп,  ұстап  алады – дегенде   мысық:

-Мяу – мяу  деп  оянады,  торғайлар  көріп  құлағы  тікірейеді.

-Торғайлар  алысқа  ұшыңдар,  мысық   оянады.  (мысық  мяу  деп  торғайлар -

ды  қуады,бірақ  торғайлар  ұстатпай ұяларына   кіреді)

-Балалар  сендер  бәріңде  жақсы  ойнадыңдар.

-Енді  мысық  туралы  тақпақ  тыңда -                тамын.

 

 

 

 

 

 

 

Мысық  балаларға  риза  болып  қош – тасады.

Релаксация  «Теңіз  жағасындағы  ұйқы»

Балалар  көздерін  жұмып  теңіз  толқынының  шуылын  естиді.  Бәріміз  түс  көреміз. Таза  ауа, мөлдір,  тұнық  су,  жағасында  жануарлар  жүр. Аспанда  құстар  қалықтайды.  Әр  түрлі  дыбыстар  естіледі.  Содан  кейін  кішкене  кідіріп,  тәрбиеші  үшке  дейін   санағанда,  балалар  «ұйқыдан  оянады».

-Балалар,  бүгін  біздер  қандай  ертегіні  білдік?

-Ертегі  мен  мысықтың  үйреткен  ойыны ұнады  ма?

-Мысық  қалай  дыбыстайды?

-Мысықтың  ұйықтағанда  көзі  қандай  болады?

-Мысық  құсты  көргенде  көзі  қандай  болады?

 

 

Шаттық  шеңбері:

-Қол  ұстасып  тұрайық

Шеңберді  біз  құрайық.

Көріскенше  күн  жақсы

Сау-саламат  болайық!

(Мадақтау  арқылы  бағалау)

 

Балалар  тәрбиешіні  тыңдап,  шаттық  шеңберіне   жиналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  өлең  жолдарын  қосылып  қайталап, қасындағы  көршісіне  оның  жақсы  қасиеттерін  білдіретін  жылы  сөздер  айтады.(Сен  мейірімдісің!  Сен  кішіпейілсің!  Сен  әдемісің!  Сен  қайырымдысың!)

 

Балалар  ертегіні  қайталап,    кейіпкерлердің   қимылын  көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Балалар  жұмбақтың   шешуі  «мысық»  екенін  айтады.

 

 

 

Өздерінің  үйіндегі  мысықтарды  естеріне  түсіреді.

Үй  мысығын  таза  ұстау, аптасына  екі  рет  жуындыру,        тамақтандыруымыз  керек.

 

Бейнетаспадағы мысықтардың  суреттерін  балалар  қызықтады.

 

Балалар  берілген  іс – әрекетті    орындап  отырды.

 

 

 

 

 Баян  сүйемелдеуімен  ән   айтып,   би  билейді.

 

Балалардың  зейіні  естіліп  жатқан  дыбысқа  ауады.

 

 

Мысыққа  таңырқап  қарап  қалады.

 

 

  Сәлемдеседі,  қуанады.

 

 

 

 

Балалар  мысықпен  бірге қимылды  ойынды  қызығу – шылықпен  белсене  ойнады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теледидардан  суретін  көре  отырып,  мысық  туралы  тақпақ  тыңдады.

1. Тікірейіп  құлағы,

    Менен  бұрын  тұрады.  

    Бойын  жазып  керіліп,

    Беті – қолын  жуады.

2. Пеш үстінде мысық отыр,

    Екі көзін қысып отыр.

    Тышқан етін жегісі келіп

    Оның тісі қышып отыр.

-Мысық,  сау  болыңыз!

 

 

 

Балалар  жәй  әуенге  дем  алып,  ғажайып  күйге  енеді.

 

 

 

 

 

Оянады.

 

Мысық  неге  тамақ  ішкен  соң   жуынады?

-Ұнады.

 

Мяу – мяу.

Көзді  сығырайта  қысу.

 

Көзді  бақырайтып  қарайды.

 

 

 

Балалар  қол  ұстасып  шеңберге  тұрып,  оқу   іс – әрекетін  аяқтайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау сабағы
«Бізде жасай аламыз»
Мысықтың қоңырауы
Күшік пен мысық
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Қош бол, сүйікті даярлық!
Мақта қыз бен мысық
Ойыншықтар сыры
Мысығым менің керемет
10 санының құрамы
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 3567 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык