Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Достаса білейік!


Достаса білейік!

Достаса білейік!

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Достаса білейік!

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық

ә) коммуникативтік

б) проблеманы  

     шешу 

«Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру

 

 

 

- достар арасындағы сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту;

- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

- бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

 

Білім беру, түсіндіре отырып оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі−иллюстративті

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, музыка

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің  әрекеті

Оқушының  әрекеті

Күтілетін  нәтиже

І. Ұйымдастыру       

    бөлімі

- Сәлеметсіздер ме!

- Көңіл-күйлеріңіз  қалай?

- Сабақты бастауға дайынсыздар ма?

 

 Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды шеңберге жинап, балалармен бірге сөзі Х.Талғаров, әні И.Нүсіпбаевтің «Дос болайық бәріміз» әнін орындады.

        «Дос болайық бәріміз»

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Іргелі жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіндер.

                 Қ-сы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

- Сәлеметсіз бе!

- Жақсы.

- Иә.

 

 

Шаттық шеңберінде оқушылар мұғаліммен бірге «Дос болайық бәріміз» әнін орындайды.

 

         «Дос болайық бәріміз»

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Іргелі жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіндер.

                 Қ-сы:

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

 

 

 

Қарым-қатынас орнатылады.

Сабаққа қызығушылығы мен көңіл-күйлері көтеріледі.

 

II. Өткен   

      материалды   

      қайталау арқылы  

      жаңа материалға 

      кіріспе

«Әңгімелесу»

Мұғалім балалармен достар, достық туралы әңгімелеседі.

- «Дос» және «достық» деген сөздерді   

  қалай түсінуге болады?

- «Жақсы дос» деп кімді айта аламыз?

             Ойын «Менің досым»

Мұғалім балаларды шеңберге тұрғызып, кезек-кезек сұрақтар қояды.

- Сенің досың кім?

- Сен досыңды жақсы көресің бе?

- Досыңа қалай көмектесесің?

- Досыңды қалай сыйлайсың?

- Досыңды сағынасың ба?

- Досыңмен нені бөлісесің?

- Досың туралы қандай жылы сөз

  айтасың?

- Досың саған не үйретеді?

- Достар бір-біріне қалай көмектеседі?

 

 

Оқушылар сұраққа жауап береді.

 

 

- Дос, достық деген ұғымдар өте

  құнды деп білемін.

- Қасындағы адал досын.

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

- Айнұр, Алмат

- Ия.

- Білмеген нәрсесін үйретемін

- Құрмет көрсетемін.

- Әрине.

- Қолымдағы барыммен.

- Тәртіпті.

 

- Батылдықты, адалдықты.

- Сабақтарда білмегендерін

   үйретеді.

Оқушылар достың қандай маңызды екенін түсінеді.

 

 

 

 

Бұл ойын оқушылардың ойлау қабілеттерің дамытады.

III. Жаңа

       материалды

       меңгерту

          «Дәйексөзбен жұмыс»

 Мұғалім балаларға «Дос - бәрінен де қымбат» деген мақалдың мағынасын ашуға берді.

             Сергіту сәті:

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады.

 

Достар бірге жүреміз,

(қол ұстасып, айнала жүру)

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

(бір-біріне қарап күлу)

Бірге балық аулаймыз,

(қолдарын алға созады)

Міне, біздер қандаймыз!

(қолдарын жоғары созу)

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

        Дәптермен жұмыс:

Дәптерде төмендегідей тапсырма берілген:

Досыңа сыйлайтын сыйлығыңның суретін сал және сол туралы әңгімелеп бер.

 

Оқушылар мұғалім берген дәйексөздің мағынасын ашты.

 

 

Оқушылар сергіп одан әрі сабаққа белсенді қатысты.

 

Достар бірге жүреміз,

(қол ұстасып, айнала жүру)

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

(бір-біріне қарап күлу)

Бірге балық аулаймыз,

(қолдарын алға созады)

Міне, біздер қандаймыз!

(қолдарын жоғары созу)

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

 

Балалар өздері салған суреттері туралы әңгімелейді. Олардың бұл сыйлықтың суретін неліктен салғанын және не үшін осы сыйлықты таңдағанын айтып берулеріне жағдай туғызуы тиіс.

 

Өз беттерімен жұмыстануға бағыттанады.

 

 

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың өз беттерімен тапсырма орындауына ықпал жасалады.

 

 

 

 

 

IV. Қорытынды

«Жүректен жүрекке»

Балалар үнтаспадан «Дос болайық бәріміз» әнін тыңдап, қосылып айтады.

 

Оқушылар мұғаліммен қосылып «Дос болайық бәріміз» әнін орындады.

 

Жылдам әрі тез жұмыстануға үйренеді.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Достық және сыйластық
Кестелік қосу мен азайту.
«достық»
«Достық және мен»
Мамандықтың бәрі жақсы
Достық татулықтан басталады
Көлік түрлері.
Дос және Достық
Өзін-өзі тану ашық сабақ "Дос болайық бәріміз!"
Нәтиже сабақ
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 5114 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык