Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қошқар мүйіз» оюы


«Қошқар мүйіз» оюы

«Қошқар мүйіз»  оюы

Тақырыбы: «Қошқар мүйіз»  оюы

Мақсаты: Сурет салудың әр – түрлі әдіс – тәсілдерін пайдаланып бір суретті бірнеше түрлендіріп сала білу іскерлігін дамыту. Балалардың ой – қиялдарының, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Көркемдік іс - әрекетке тәрбиелеу.Ою түрін жетік меңгеру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, сурет салу үлгілері, үнтаспа,  ойыншық қошқар, үнтаспа, т.б.

Қажетті құрал-жабдықтар:Ақ парақ, субояқ, қылқалам, су, сүлгі, трафарет, губка, далап, майшам, тіс щеткасы, мата, картоп. т. б

Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сергіту, сұрақ-жауап, трафаретпен жұмыс, губкамен салу, далаппен жұмыс, майшаммен салу, тіс щеткасымен шашырату, картоп бастырмасы, матамен жұмыс.

Сөздік жұмыс: қошқар мүйіз.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші интерактивті тақтадан ұлттық ою - өрнектердің түрлерін көрсетеді. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі мен ою - өрнегі болатынын балаларға түсіндіреді. Оюлардың аттарын атап таныстырып тұрады.Балаларды бір – бірлеп қоржыннан ою алуға шақырады.

Көрсетілген оюларды тамашалап, аттарын қайталап айтып отырады.

Қоржыннан оюларды кезекпен алып, аттарын атап көрсетеді.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Есік жақтан маңыраған қойдың дауысы естіледі. Есікті соғып, жетектеген қошқары бар Атай ішке кіреді.

Амансыңдар ма балаларым?

Бұл қандай жер өзі?

Сендер жиналып қандай іс жасап жатырсыңдар, әлде бос отырсыңдар ма?

Атай:  Балалар сендер маған көмектесе аласыңдар ма?Ою - өрнектер туралы білетіндерің бар ма? Қайдан үйрендіңдер? Ал , мен болсам мына қошқарымның мүйізінен, киіз үйдің киізінен үйрендім. Ата – бабаларымыз аспанға, жерге, малға қарап оюлардың атын ойлап тапқан. Міне,менің де кеудешемде  «қошқар мүйіз» оюы бар еді, бүгін ғайып болды. Оны қайтарудың бір ғана жолы бар.Маған көмектесе аласыңдар ма? Онда қошқарымның мүйізіне қарап оюды әр – түрлі жолмен суретін салсаңдар ғана кеудешемнің өрнектері қайтып орнына келеді. Осы қолдарыңнан келе ме?

(Атай отырады)

Тәрбиеші балалардан әр – түрлі жұмыстарға дайындықтарын сұрайды.Балаларды алты топқа бөліп тапсырмалар береді.

1.     Губкамен бастыру,

2.     далаппен салу,

3.     майшаммен салу,

4.     қиып жапсыру,

5.     картоп бастырмасы,

6.     тіс щеткасымен шашырату.

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын көріп,аралап көмек беріп, қауіпсіздік ережелерін естеріне салады.

(үнтаспада жай күй ойналып тұрады.)

Сергіту сәті:

Саусақпен сыздым ауада,

Қошқарымның мүйізін.

Топ-топ бастым аяқпен.

Өрнектерін киіздің.

Дидактикалық ойын: «Өрнекті тап».Онда жануарлар суреттері мен оюлар түрі бейнеленген.Көп ою ішінен жануарларға байланысты оюларды тауып сызық арқылы көрсету тапсырылады.

Атай бір сәтте қалғып кетеді.Сол сәтті пайдаланып тәрбиеші атайдың мойнына оюлар тізбегін іле қояды.Атай оянып кетеді.

Балалар мен бір түс көрдім,түсімде бір іс көрдім,кеудешеме оюлар қайта оралған екен, -деп кеудесін ұстап қалғанда оюды көріп мәз болып қалады.

Атай:Балалар сендерге көп рахмет, алғыс айтам,ризамын,қошқарымды сендерге сыйға тартамын.Мүйізіне қарап оюды ұмытпай жүріңдер- деп шығып кетеді.

 

Сәлематсыз ба?

«Қарлығаш» балабақшасы.Ересектер тобы.

Сурет салғалы отырғандарын айтады.

 

 

Көмектесеміз.Үйреніп жатырмыз.Балабақшадан үйрендік.

 

Қолымыздан келеді.

 

 

 

Дайын екендерін айтады.

1топ-ақ параққа оюлы трафаретті қойып, сол қолдарымен баса отырып, губканы қызыл бояуға батырып трафарет үстінен басады.

2топ-ақ парақ бетіне жай қарындашпен сызып алып, далаппен бояп шығады.

3топ-Ақ парақ бетіне майшаммен сызу арқылы ою суретін салып, қылқаламды қызыл бояуға малып ақ парақ бетін бояйды.

4топ-матаны екі бүктеп сызық бойымен қиып алып,сары матаға жапсырады.

5топ-картопқа ойылған ою бетіне бояу жағып,ақ парақ бетіне бастырады.

6топ-ақ парақ бетіне ою қиындысын қойып, тіс щеткасын бояуға батырып алып саусақпен шашыратады, қиындыны еппен алып тастайды.

Дайын жұмыстарды көрмеге апарып қояды.Әр топтан бір бала қалай салғаны туралы қысқаша айтады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Тапсырманы орындайды.

Оюға байланысты тақпақ айтып береді:

Тұмарша,қошқар мүйізі,

Түйетабан,қой ізі.

Өрнектеп киіз,алаша,

Сызайық ою тамаша.

 

Омыртқа,гүл,жапырақ,Толқын,қайнар,тарақ.

Өрнегін салсақ киімге,

Тұрады кәдеге жарап.

 

Құсқанат,қайнар,

бестаңба,

Ирек су,толқын тез таңда.

Жіліншік,ботакөз,

балта,

Өрнектеп шық ал да.

 

Рефлексиялық түзетушілік

Тәрбиеші балалармен сұрақ – жауап арқылы әңгімелесіп, жұмыстарына баға беріп, қошқар мүйіз оюын сыйға беріп мадақтап,марапаттайды.

Оюдың атын айтып, сұрақтарға жауап беріп,өздерінің және достарының жұмыстарын тамашалайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сурет салу іс - әрекетіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелерін біледі.

Игереді: Жұмыс барысында пайдаланған әдіс – тәсілдерді өз бетінше орындай білуді игереді.

Меңгереді: Ою - өрнектерді танып, олардың түрі мен атын айырып, қай топқа жататынын меңгереді.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бесік тойы
Әжемнің көрпешесі
«Ертегілер еліне саяхат»
Ұлттық ою-өрнектер
Өрнек әжеде қонақта
Есеп құрастыр, оны шығар.
Ою-өрнектер ою әдісі
Cурет салу, редакциялау
Алма және жеміс - жидектер
"Сәнді оюлар"
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 10050 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык