Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН


ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН

ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН

Студент: Разақова Венера Әубәкірқызы   Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі,"Электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру" мамандығы, 3-курс

Оқытушы: Қожанова Гүлнұр Қанатқызы   Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы

БАЯНДАМА

ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН

Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Бұған көп нәрсе себеп. Соның бірі кешегі кер замандағы үстемдік еткен жетпіс жылдық діни нигилизмнің салқыны деуге болады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңаша шешімдер қабылдау қажеттілік етті. Егемендікті еселеу жолында батыл қадамдар жасалып жатты. Соған қарамастан кейбір қателіктер болмай қалған жоқ. Сондай олқылық «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» заңда орын алды. Мұның соңы елімізде түрлі мысық пейілді өзге жерлік діни ағымдардың ағынына әкелді.

Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет. Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады.

Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Осыған орай білім беру мекемелері, мемлекеттік органдар алдында қазақ қоғамы үшін дәстүрлі діндердің әлеуетін жастарды рухани-тәрбиелікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы мәселе тұр. Сондай-ақ, елімізде өзара түсіністік пен дінаралық татулықты сақтай отырып,  мемлекеттілікті нығайту үшін жас ұрпаққа дәстүрлі діндер, олардың рухани құндылықтары, еңбектері, дін ғұламалары жайлы білуі керек.

Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.

Ал қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында Ислам мемлекеттеріне барып, ілім ізденіп келушілердің саны көбейді. Сол жастарымыздың Исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлім үйреніп келіп жатқандар бар. Десекте, діни сауаттығының таяздығынан жат елде алып жатқан ілімнің парқына бармай, қазақтың ұлттық құндылықтары мен ерекшеліктерін мүлдем жоққа шығарып, кейбір мемлекеттердің идеологияларын алып, бүгінде ел арасына іріткі салып жүрген жастар да аз емес.

2011 жылы Қазақстан Респуб­ли­­­­ка­­сының «Діни қызмет және ді­­ни бірлестіктер туралы» Заңы өз кү­­ші­­не енді, онда біз алғаш рет ханафи бағытындағы исламның және право­­слав­­тық христиандықтың халық мә­­де­­ниетінің дамуы мен рухани өмі­­рін­­­­дегі тарихи рөлін атап өттік. Діни бірлестіктерді қайта тіркеу­дің нәтижесінде өткен жылы еліміз­дегі конфессиялардың нақты саны белгіленді. Сонымен, қайта тіркеу қорытындысы бойынша республикамызда қазіргі кезде 17 конфессия өкілдерінен құралған 3088 діни бірлестік жұмыс істейді, олар қолданыстағы Заңның талаптарына сәйкес құқықтық рәсімделуден өтті. 3088 діни бірлестіктің басым көпшілігін мұсылмандық бірлестіктер (2229) құрайды, бұл – халқымыздың тарихи дамуымен байланысты заңды құбылыс. Республикамызда 3226 ғибадат үйі жұмыс істейді, олардың 70 %-ы (2269) – мешіттер.

Бәрімізге белгілі, Конституцияға сәйкес азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына, балаларға қамқорлық жасауға міндетті. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi болып табылады. Бұл ретте кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар да еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi. Біздің елімізде орта білім алу міндетті болып саналады. Азаматтардың денсаулығы тек медициналық мекемелер арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өз тарапынан қамтамасыз етілуі қажет. Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті болып табылады.

Бүгінде елімізде «дінтану» және «теология» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Нұр» Ислам мәдениеті Египет университеті ғана мамандар даярлауда. Осыдан басқа да Білім және ғылым министрлігі қолдауымен ЖОО-да дәстүрлі дінімізді терең оқытып, кеңінен қанат жайуына септігін тигізетін бірнеше пәндер енгізілсе діни сауат ашудың тиімді жолдарынан болар еді.

         Қорыта келе, қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалды ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау бүгінгі күннің басты мәселесі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың тиімді жолдары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Дін жіне руханият
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қазақ халқының наным-сенімдері
Ислам діні туралы не білеміз?
Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік және ерекшеліктері.
Діни экстремизмге қарсы күрес
Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік және ерекшеліктері.
Ислам – бейбітшіл дін.
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 8735 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык