Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ислам – бейбітшіл дін.


Ислам – бейбітшіл дін.
Жумажанова Нургул Тапитановна орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Қайнар ауылы,Семей қаласы, ШҚО

Ертеңгілік. 10 «б» сынып

Тақырыбы: Ислам – бейбітшіл дін.
Мақсаты: адамзат арасындағы достық, ынтымақ, бірлік сияқты ұлы қарым-
қатынастар арқылы сенім, махаббат, ақиқат туралы түсініктер арқылы
имандылыққа баулу, өз дінімізге құрметті тереңдете түсу.
Көрнекіліктер: ұлағатты сөздер.

Эпиграф: «Дін –татулық пен ынтымақты сақтаудың үлкен кепілі. Діндер тату болса, мемлекеттер де тыныш» (Н.Ә.Назарбаев)

Жүру барысы.
1. Кіріспе.
Еліміз егемендікті алып, тәуелсіз мемлекет аталғалы 21 жыл өтті. Осы жасампаздыққа толы 21 жылдың ішінде еліміз ұлы жеңістерге жетті. 21 жылдың ұлы жемісінің бірі – діни сенім бостандығы, ар-ұждан бостандығы. Дін бүгінде мемлекеттің бөлінбес бір бөлігі. Ұлтаралық және конфессиялық келісімді сақтап, нығайтуда ислам дінінің маңызы ерекше. Еліміздегі екінші үлкен дін – орыс православиелік дін. Қазақстанда осы екі діннің достығы қатынастың биік үлгісін көрсетіп отыр. Елбасымыздың салиқалы саясатының нәтижесінде жүзден астам ұлттар қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз Қазақстанның бейбітшілік бесігіне айналғанына мақтан тұтамыз.

Ой қозғау. Исламды жақтаушылар неге көп? Дін азық бола ала ма? (Рухани азық)

2. Жалпы сұрақтар.
- Қасиетті кітап? (Құран)
- Ислам сөзі нені білдіреді? (Бейбіт мойын ұсыну)
- Ислам діні деген не? (Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен және дене мүшелерімен куәлік беруді айтады)
- Ислам дінінің басты қасиеті не? (Бейбітшілік)
- Ислам дінінің басты мақсаты не? (Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу)
- Араб елдерінде Құран кәрімді мемлекеттік заң ретінде қолдана ма? (Иә)
- «Шахид» сөзі нені білдіреді? (Алланың заңы)
- Этносаралық, конфессиялық келісім сөздерін қалай түсінесің? (Ұлттар арасындағы толеранттық қарым-қатынас)
- ШҚО-да қанша діни бірлестіктер бар? (335)
- «Рухани келісім күні» қай күні атап өтіледі? (18 қазан)
- Қазақстанның бас мүфтиі кім? (Әбсаттар қажы Дербісәлі)
- Құранда неше сүре бар? (114)
- Құранда неше аят бар? (6666)
- Елімізде халықтар достығы қалай жүзеге асады? (Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Кіші Ассамблеялар, Достық үйлері, ұлттық орталықтар арқылы)
-Тәуелсіздік жылдары қанша мешіт салынды? (200 мешіт, 170 православ шіркеуі)
- Ислам суицидке қарсы ма? (иә)
- Мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі? (Ораза)

Пікірталас.
«Свидетели Иегово» деген ұйымның мүшелері Қазақстан мемлекетінің әнұраны айтылған сәтте орындарынан тұрып құрмет көрсетпейді. Кейбір секта мүшелері өз балаларының Отан қорғау боышын өтеулеріне қарсы. Оқу оқып білім алу да керек емес дейді. Қазіргі таңда исламның салафиттер, вахабиттер сияқты бұрмалаушы ағымдары көбейіп кетті. «Ас бермеу керек. Бейіт басына бармау керек, зират салып тасын көтермеу керек. Өлген адам о дүниенің рахатына бөленеді» деген сияқты ұстанымдарын таратып жүр. Кейбір діни ағымдар өнерімізге шектеу салуды мақсат тұтуда. Тіпті теледидар қарамаңдар дейтіндер де кездеседі.
Осы мәселелер туралы ойларын оқушылар ортаға салады.

Тренинг.
«Ислам діні – бейбітшіл дін». Оқушылар ислам дінінің қасиеттерін атайды. Мысалы, Ислам – бейбітшіл дін, ислам соғысты қаламайды, күш қолдануға қарсы, лаңкестікті айыптайды, адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке шақырады, т.б.

Қорытынды.

Соңғы кездері Қазақстанда мұсылман халқын басқа дінді қабылдауға шақырған топтар пайда болуда. Олар өз діндерін уағыздап, қиындықтан шығудың жалғыз жолы осы дінді қабылдау деп насихат жүргізуде. Бүгінгі күні елімізде 27 мемлекеттен шамамен 300 шетел миссионерлері тіркеуден өткен. Олардың көбі Польша, Корея, Германия, АҚШ, Ресей, Украина, Италия, Испания, Швейцариядан келгендер. Елімізде екркінсіп жүрген миссионерлердің осындай арандатушы әрекеттерінен сақ болғанымыз жөн. Ата-бабаларымыз ұстанып келген Ислам діні – тіршілігіміздің тірегі.
Президент қол қойып, күшіне енген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануы туралы айтылады. Бұл заң бойынша Қазақстан азаматтары , шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар миссионерлік қызметті Дін істері агенттігінің тіркеуінен өткеннен кейін ғана жүзеге асыра алады. Тіркеуден өтпеген жағдайда миссионерлік қызмет жасауға тыйым салынады. Тіркеуден өту жыл сайын қайталанады. Миссионерлік қызмет Конституциямызға, заңдарымызға, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса, тіркеуден өткізуден бас тартылады.
Сөзіміздің соңын ұлы ақын Шәкәрімнің мына сөзімен аяқтаймыз: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып екі өмірде де (бұл дүние мен о дүниеде) жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз – осы мұсылман жолы».
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ҚАЗІРГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІН
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Ислам дінінің пайда болуы және таралуы
Ислам діні туралы білім
Ислам діні туралы не білеміз?
Қасиетті Құран Кәрім
Дін және мәдениет. Ислам дінінің таралуы.
Қасиетті Құран кәрім және Адам ата жайында

Автор Жумажанова Арай Амангельдиновна

ШҚО біілім басқармасы "Жетім балаларға арналған арнайы мектеп - интернаты"КММ

Бөлім: Материалы / Сыныптан тыс жұмыс | Көрсетілім: 3962 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар