Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 6536 |
|
|
|
Ислам діні туралы не білеміз?
Тақырыбы: Ислам діні туралы не білеміз?
Мақсаты: Жастарға ислам діні туралы толыққанды түсінік беріп, имандылыққа тәрбиелеу, экстремистік қайшылықтардан жастардың бойын аулақ салуға ықпал жасау, жұртшылықты дәстүрлі емес діннің түрлі ағымдарынан сақтандыру, ұлттық діни бірлікті сақтау, дінімізге іріткі салдырмау, инабаттылыққа баулу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау.
Көрнекілігі: мешіттің суреті, діни кітаптар, құран кітабы, нақыл сөздер, Мұхаммед пайғамбардың хадистер жинағы, презентация, видео-ролик.
Барысы:
Саламатсыздарма құрметті қонақтар, ұстаздар және студенттер. Бүгінгі Орал гуманитарлық колледінде ұйымдастырылып отырған «Ислам діні туралы не білеміз?» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер.
Кез келген саналы адамның
соңғы табан тірер байламы – Ислам.
Я, Алла!
Адамдарға қас қылма
Сорлы қылма көк аспанның астында
Я, Алла!
Жауыздықтан сақтай гөр.
Жамандыққа, жауыздыққа бастырма – деп Мұқағали Мақатаевтың сөздерімен бүгінгі кешімізді бастайық.
Бүгінгі кездесу кешіміздің қонақтары – Орал облыстық орталық мешітінің найб имамы Тоғызбаев Медхат, Орал облыстық ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес және діни бірлестіктерімен жұмыс бөлімінің бастығы – Ихсанова Жамал Сағынғалиқызы.
Бүгінгі кездесу кешіміздің мақсаты жастарға ислам діні туралы толыққанды түсінік беріп, имандылыққа тәрбиелеу, экстремистік қайшылықтардан жастардың бойын аулақ салуға ықпал жасау, жұртшылықты дәстүрлі емес діннің түрлі ағымдарынан сақтандыру, ұлттық діни бірлікті сақтау, дінімізге іріткі салдырмау, инабаттылыққа баулу бағытында болып отыр.
Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған діннің бірі. Ислам діні алғаш рет Арабияда дүниеге келді. Дүние жүзінде 5000 миллионнан аса мұсылман бар. Мұсылман дінінің негізін салушы Мұхаммед Пайғамбар. Бұл діннің қасиетті кітабы – Құран.
«Құран сөзі – Құдай сөзі» деп үйретеді мұсылман баласы. Құран мұсылман баласының қалай өмір сүру керектігі жайлы жазылған заң шарттарынан тұратын кітап.
Құран-Кәріммен таныстыру. Құран кітаптарда жазылған айттар адамдарды мұсылмандық жолға бастайды. Мұхаммед Пайғамбар айтқан екен: « Қымбатты менің елшілерім, сендер қандай жұмыс бастасандар, қандай іске кіріссенде, «Бисмилла рахман-рахим» деп баста, сонда сол істің сауабы тиеді. Істеген ісің жақсылыққа бастайды.
Құран Мұхаммедке 23 жылда Жәбрейіл арқылы сүре-сүре, аят-аят болып, түскен. Құран 114 сүре, 66000 аяттан тұрады.
Хадис – Мұхаммед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Онда мұсылмандардың имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.
Ислам діні қашанда адамның абыройы мен ар-ожданын бәрінен де жоғары қойып, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын сақтауға күш салады, әлеуметтік әділеттілікті қолдап, он сегіз мың ғаламдағы барлық тіршілік иесінің бірде-біреуіне қыл-дай да қиянатың жасалмауын қалайды. Өйткені, Ислам дінінің басты мұратының бірі – адамдар арасында бейбіт қарым-қатынастар орнатып, тыныштықта тату-тәтті өмір сүру. Өмірде пәктік пен ізгілікке негізделген, имандылық пен рухани тазалықты ту еткен Ислам дінінің Аллаһ Тағала нұрымен санамызға сіңіруі бойынша, адам баласы мейірімді ісімен, көркем мінез-қылығымен, адал қарым-қатынасымен ғана Жаратушы Иесіне жақындай алады. Сол себепті ақ ниетті адамзат баласы Исламды бейбітшілік, зиялылық, имандылық, шапағаттылық, қайырымдылық діні деп санайды, оның бүкіл әлем халқына бірін-бірі танысын, бір-бірімен ынтымақта болсын, достықта өмір сүрсін деп Аллаһ Тағала тарапынан түсірілгеніне шек келтірмейді.
Құрметті Медхатимам біздің көкейімізде жүрген сауалдарға жауап бере отырсаңыз.
Ең алдымен жастарымызға ислам дінінің тәрбиелік маңызы жөнінде қысқаша түсінік беріп өтсеңіз.
Бүгінгі таңда намаз оқитын иманды жастарымыз көбейді, бұл әрине қуанарлық жайт. Бірақ сол жастарымыз қоғамнан бөлектеніп бара жатқан жоқ па?
Біздің жастарда еліктеушілік басым. Дінді ғылым деп түсініп, түсініп, зерделеп, ұғынып алу керек. Ал көптеген жастар халық аузындағы хадистерге бас ұрып, жұма намазына барғанына мәз. Қарапайым ғана арабтың сөзінің аудармасын да білмейді. Осы бағытта түсіндіріп өтсеңіз.
Қазіргі таңда дүние жүзіндегі 254 мемлекетте 2 миллиард христиан, 172 мемлекетте 1,5 миллиард ислам, 86 мемлекетте 700 миллион будда дінін ұстағандар тұрады, ал қалғандары Иуда және тағы да басқа діндегілер. Алайда діні, тілі, ұлты, ұлысының әртүрлі болғандығы-на қарамастан, олардың бәрі де Адам пайғамбар (с.ғ.) ұрпақтары. Бұлардың діні, тілі жағынан мұндай ерекшеліктерге ие болуы Аллаһ Тағаланың оларды бірін-бірі тереңірек тануы, бір-бірімен жақы-нырақ қарым-қатынас жасауы үшін арнайы нәсіп еткен амалы.
Қазір Қазақстан халқының 70 пайызы мұсылмандар. Соған қарамастан, олар өзге де дін иелеріне өте құрметпен қарайды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев діни экстремизмге қарсы пара-пар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселесін үнемі алға қойы келеді.
Келесі сауалдарымызға Орал облыстық ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес және діни бірлестіктерімен жұмыс бөлімінің бастығы – Жамал Сағынғалиқызына қоя отырсақ.
Қазіргі кезде көптеген діни ағымдар шығып жатыр. Осы ағымдар туралы не айтасыз? Осы ағымдардың ислам дініне қатысы қандай?
Ақиқатын айтар болсақ, жалғыз Ислам ғана емес, әлемдегі қай дін де өз табиғатында экстремизмге жат. Әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын бірде-бір дін жоқ. Ислам діні де солай.
Ислам дінінің терроризммен байланысы бар ма?
Қазіргі таңда дәстүрлі емес мұсылман дінін уағыздаушылар да, олардың жетегіне ерушілер де артып келеді. Бүгінгі таңда облысымызда да, әсіресе жастар арасында алаңдатушылық туғызып отырған ислам дінінің «сәләфилік» немесе басқа да радикалды ағымын ұстанушылар жөнінде не айтар едіңіз?
Экстремистік тұрғыдағы әдеби кітаптардың елімізге тасымалдануы мен оларды жастардың бақылаусыз оқуы да теріс әсер етіп отыр. Осы бағытта қандай шаралар жүргізіліп жатыр.
Әрине, қандай дінді ұстану әркімнің өз қалауы. Дегенмен, адамды психологиялық тұрғыдан аздырып, тағдырын бұзуға, олардың мемлекеттік саясатқа қарсы үгіттеуіне жол берілмеуі керек. Ең бастысы, ұлт қауіпсіздігі, ел тыныштығы мен ұлтаралық достық деген ұғым бәрінен биік тұруы қажет.
Бүгінгі «Ислам діні туралы не білеміз?» атты кездесу кешімізді Махамбет Бекмырзаның өлеңімен аяқтаймыз.
Яссауи, Арыстан баб, әл- Фараби даналарым,
Әулие Есет, Бекет, Қарақожа бабаларым.
Жастарды желеп - жебеп аруағыңызбен,
Қазақтың қолдандаршы бабаларын.
Өтпелі қиындықты ауырламай,
Халықты тура жолға салып тұрған
Жастардың арта берсін талаптары!
Жайылып өсе берсін қанаттары.
Ақырет жолы ауыр ғой, қарақтарым,
Анық қой о дүниеге бір барарың.
Алла деп адал еңбек етсеңіздер,
Ашылар жұмақтың есіктері алдан әлі.
Жұмақтан орын алар адал адам,
Силаса құдай жолын болмай арам.
Иман жүзді адамдар көп болса екен,
Тілеймін имансыздық болмағанын – дей отыра бүгінгі өнегелі кешімізді жабық деп жариялаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |