Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғажайып ертегі .


Ғажайып ертегі .

 

                               Ғажайып ертегі .

Тақырыбы:Ғажайып  ертегі .

Мақсаты: ертегілер арқылы тіл байлығын молайту.

Білімділік:балалардың халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, танымдық аясын кеңейту .

Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, ойлау қабілетін , есту зейінін , қиялын, сөйлеу тілінің диалогтық формасын дамыту. Ірі  және ұсақ моториканы жетілдіру, эстетикалық танымдарын арттыру.

Тәрбиелік:балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: дат,бұйымтай, ізет,бірлік,мейірім.

Көрнекі құралдар:қуыршақ театры, теледидар, қақпа, магнитті тақта, тақырыпқа сай үлгілер.

Керекті құрал-жабдықтар:ақ парақ, түрлі-түсті субояқ, жай қалам, желім, қызғылт түсті қағаз, сулық, допшалар, құм жәшігі.        

Билингвистикалық компонент: күн – солнце – sun , апа – бабушка – grandmother

ата – дедушка – grandfather.

Инклюзивтік әлеумент: даму мүмкіншілік шектеулі балаларға жеке көмек көрсету.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қәне қонақтармен  сәлемдесейік.

- Біз әдепті баламыз ,

  Біз ерекше боламыз .

  Қонақтарды көргенде

  Сәлеметсіздер ме ? – деп ,

  Сәлемдесіп аламыз .

 Шаттық шеңбері:

  Балабақшам армысың !

  Сені жақсы көремін .

  Достарым менің бармысың !

  Құшақтасып алайын .

-Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін берілген карточкадағы суретке байланысты жылы лебіздеріңді білдіріңдерші.(Магнитті тақтаға суретті іліп тілегін айтады)

«Күн» - Әрқашан күн сөнбесін .

«Су» - Суымыз тұнық болсын .

«Нан» - Нанымыз көп болсын .

-Күнді орысша не дейді ?  Ағылшынша не дейді ? (солнце – sun )

Ұйымдастыру.

- Сендерге ертегі ұнайды ма ?

Ертегі тыңдағанды жақсы көрксіңдер ме?

Көздерін жұмып жақсы көретін ертегілерін елестетіп , кім қай ертегіні елестеткендерін, сұрастырады.(мен «бауырсақ» ертегісін көрдім...т.с.с.)

Ертегі қандай сөздермен басталады ?(ерте,ерте,ертеде...)

Қандай ертегілер болады ?(аңдар туралы, құстар туралы,қиял-ғажайып..)

Қандай елдің ертегілерін білесіңдер? (орыс, қазақ, неміс...)

-Ал, енді балалар мен сендерге ертегі айтып берейін.(ертегі айтылып жатқанда қуыршақ театры арқылы көрсетіледі )

-Ерте,ерте,ертеде бір ауылда Асанбай ата мен Жамиля апа өмір сүріпті.(Олардың Құралай деген қыздарын мыстан кемпір ұрлап кетіп балалардан көмек сұрайды,балалар уәде береді.).Осы кезде қорқынышты әуен шығып мыстан кемпір ұшып келеді.

- Сендер мұнда неге жиналып алғансыңдар?

-Мыстан ханым сізге қояр датым бар.Біз, Құралай қыз сізде деген хабар  есті- дік.Қызымызды қайтарсаңыз қандай болсада шартыңызды орындаймыз.

-Мына балалардың қолынан не келеді дейсің.

-Бәрі келеді «Үлкеннен ақыл, кішіден ізет сұра » демейме атам қазақ.Балалар гүл егеді, үй соғады...т.б.(балалар түлі-түсті мақталы таяқшамен үйдің пішінін құрастырады ,тақпақ айтады.

             Біздің үйде ән тарап ,

             Думандатар өмірді .

             Біздің үйде салтанат ,

             Біздің үйде көңілді .)

-Сендер бір үйде тату тұралмайсыңдар . Ертегідегі аңдар секілді үйлерің сынып қалады.

- «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші достық шеңберін жасап , дос туралы өлең тақпақ, мақал-мәтелдер айтып беріңдерші.(Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.)

-Мыстан ханым Құралайды жіберіңізщі.

-Жоқ ,мен балаларды шаршатамын,

тапсырмаларды орындамай қалса Құралай өзімде қалады.

Мыстан балаларға ертегілерді шатастырып айтып қатесін табуларына ұсыныс жасайды.

Д/о.Дұрысын тап.(Баяғыда бір ешкінің жеті қозысы болыпты...т.с.с.)

-Мыстан ханым балалар теледидардағы тапсырманы да орындай алады. Ойынның аты «Мен бастаймын,сендер аяқтаңдар » (теледидардан топтағы бір баланың анасы тапсырма береді.Мысалы:ата мен апаның суретін көрсетіп «Баяғыда.......» ата мен апа болыпты - деп балалар аяқтайды).

-Мыстан ханым бір келісімге келейік. Жол жүріп шаршап келдіңіз, балалармен бірге бойыңызды сергітіп алыңыз.Балалар сізге арнап сыйлық жасамақшы, мүмкін сонда жүрегіңіз жұмсарар.

Сергіту сәті.

Ойын: Кім жылдам.

Балалар ойын арқылы суретті карточканы  (күн, гүл, жүрек ) өз қалаулары боынша тандап алып сол бойынша орталықтарға бөлінеді.

1-орталық: «Жүрек», алдын ала бейнеленген жүректі қағазды жұлмалау тәсілімен жапсырады.

2-орталық: «Гүл»,  жай қаламмен үзік сызықтарды қосып гүлдің бейнесін салады, саусақпен гүлді бояйды.

3-орталық: «Күн» , құм терапиясы . Өздерінің қалауы бойынша құммен сурет салады.

Саусақ жаттығуын кішкентай допшалармен жасайды.

Балалардың жұмысы көрме ұйымдастыру арқылы бағаланады.

-Қандай керемет сыйлық. Маған ешкім мұндай сыйлық берген емес.Құралай қыздарыңды қайтарып берейін.(Сиқырлы қақпадан Құралай қызды шығарады)

Асанбай ата мен Жамиля апай  балаларға рахмет айтып қоштасып кетеді .

-Балалар сендерден жақсы қасиеттерді үйрендім.Мен енді мейірімді боламын. Рахмет сендерге ,сау болықдар.

Рефлексивті түзету: Оқу іс-әрекетін қорыдындылап, балаларды мақтап , мадақтайды.

Гүлдей әдемі болсын . Жүректі мейірімді болсын деп сыйладық.Ата-дедушка-grandfather,

Апа-бабушка-grandmother.

Күтілетін нәтиже:Не білді:Дер кезінде көмек көрсетуді білді.

Не меңгерді:Ертегі арқылы достық, адамгершілік, мейірімділік қасиетерін меңгерді.

Не істей алады: Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әжемнің көрпешесі
«Ертегілер еліне саяхат»
Ертегілер еліндегі шалқан
Ертегі елінде
«Екі сараң қонжық»
«Түлкі мен Тырна» Орыс халық ертегі
Тіл халық қазынасы.
Орыс халқының «Үйшік» ертегісін айтып беру.
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Менің сүйікті кейіпкерім
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 27438 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык