Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тіл байлығы-ел байлығы


Тіл байлығы-ел байлығы

Тіл байлығы-ел байлығы

Студент: Шора Гүлайна Болатбекқызы   Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі,"Электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру" мамандығы, 3-курс

Оқытушы: Қожанова Гүлнұр Қанатқызы   Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы

БАЯНДАМА

"Тіл байлығы-ел байлығы"

 Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай  тіл  қай  елде  болса  да  қастерлі,  құдіретті. Ол- достықтың кілті, ынтымақтастықтың  бастауы,  ырыс – берекенің алды,  ұлттың әрі жаны, әрі  ары. Тіл  жай  сөз емес,ол өмірдің  талай  сынынан  өткен,  өскелең талаптарға  сәйкес   өрістей  түскен,  толыққанды  ақиқат  десек, жаңыла қоймаспыз. Тілсіз қоғамның  қандай түрі болса  да  өмір сүре алмақшы  емес, ол  тілдің өзі қоғам бар  жерде  ғана  пайда  болып, өмір  сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі. В.И.Ленин: "Тіл – адам қатынасының  аса маңызды  құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың  бірлесіп  жұмыс  істеуі, қоғамдық  өндірістің  қай  саласын болса да  ұйымдастырылуы,  дамытуы  мүмкін  емес. Тіл  әрбір  адамға  ана сүтімен  бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып  отыратын  баға  жетпес мұра. "Тіл туралы” заңдағы "Қазақстан  халқын  топтастырудың  аса маңызды  факторы  болып  табылатын  мемлекеттік  тілді  меңгеру – Қазақстан  Республикасының  әрбір  адамзатының  парызы” – деген. Әрине ұлттың  ең  бірінші, ең  қасиетті  сипаты – оның ана тілі. Конституциямыздың  жетінші  бабының  бірінші  тармағында  Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік  тіл – қазақ  тілі  деп  анық  жазылған. Біздің  азаматтық  парызымыз – тіл  заңындағы  талаптарды  жүйелі  түрде жүзеге асыру..  "Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп  те  айтып  жүрміз. Сондықтан  әр  адам  өз  ана  тілін  көзінің  қарашығындай  қорғауға, оның орынсыз  шұбарлануының  қандайына  болса  да  қарсы  тұруға  тиіс. Туған тілдің  абыройын  асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің  барша ұлттық  келбетіміз бен  болмысымыз, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық  мәдениет  пен   тілімізде жатыр. Тәуелсіз  елдің    елдігі  үшін  жас  ұрпағын  парасатты  да  білімді, іскер  де  қабілетті, отансүйгіш те  ұлтжанды тұлға етіп  қалыптастыруда  мемлекеттік  тілдің  атқаратын   қызметі орасан зор. Егеменді  ел  болып,  ес  жиып, етек жия бастаған  шаққа жеттік десек де тілге жасаған ойға  қонбайтын,  солақай  сорақыларды  көзбен көріп, қолмен  ұстай  отырып  қазақ  тілі   мәселесі  жөнінде  толғанбай  тұра  алмаймыз. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша  тіл  білсең, өзгеден  сонша  кез  биіксің. Дегенмен, алдымен  туған  еліңнің  мемлекеттік тілін  білуге  міндеттісің. Қазақ  тілі – өте  бай  тіл. Ол шаруашылықтың  бар  саласын өркендете  түсуге  себепші  күш, халқымыздың  мәдени  дәрежесін  көтере  беруші пәрменді  құрал. Жұртшылықты  жаппай  отаншылдық   рухта  тәрбиелеудің құралы,  қуатты  қаруы. Амал  не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен  бердей. Осы кезде Паустовскийдің: "Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқан сөзі ойға келеді. Ана тілін ұмытқан адам өз  халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Елбасымыз Н.Назарбаевтың кезекті  бір жолдауында нақты айта кеткен мәселе-тіл мәселесі болатын. Қазіргі  жастарымыз  3  тілді  жетік  меңгеруі керек. Олар:орыс тілі,ағылшын тілі және ана тіліміз-қазақ тілі.Дегенмен, өз тілінде шорқақ сөйлеп,өзге тілде сайрайтын адамдар қаншама.Осы орайда дана халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деген мақалы ойға оралады.Сөз соңында, барша жастарға айтарым,  ана тілімізді құрметтейік,оның жойылып кетуіне жол бермейік,ата-бабамыздың бізге  қалдырға аманатына қиянат жасамай,туған тіліміздің өркендеуіне ат салысайық дегім келеді.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазақстан Республикасындағы тіл жөніндегі саяси мәліметтер».
Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – ұлттың жаны
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Тіл талапкері атты сыныптан тыс жұмыс
Мемлекеттік тіл – менің тілім
мемлекеттік тілге құрмет-елге құрмет
"Ана тілің - арың бұл" әдептілік сабағы
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 3419 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык