Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сандық



Сандық 

Орталық Қазақстан

Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясы

Таќырыбы: Сандық 

                                                         Орындаушы:

                                                        К.Байсейітова атындағы жалпы білім    

                                 беретін орта мектебінің

                                 2 «А» сынып оқушысы

                                                    Серік Ұлпан Айдынгалыйқызы

                      Ғылыми жетекші:

         К.Байсейітова атындағы жалпы білім  

                                 беретін орта мектебінің

                                                        І санатты  бастауыш сынып мұғалімі

                                                Айтбаева Нургул  Жайлауқызы

Ақтоғай селосы

Зерттеу тақырыбы:      Сандық

 

Тақырыптың өзектілігі:     

                                                 Ұлттық қолданбалы өнерімізде кеңінен орын алған

                                            үй жиһазы сандықтың өмірде қолдануын, қажеттілік  

                                            мақсаты ретінде пайдалануда азайып бара

                                            жатқандығы, сәндік, жинақылық және тұрмыстық

                                            заттарды қорғаныштық қасиеті негізінде мүмкіндік

                                            мәдениеттің даму нәтижесінде тәуелді болып,

                                            дәстүрлі, этникалық, ұлттық ерекшеліктің негізінде 

                                            даму мәселесін көтеру.

Зерттеу нысаны:                

                                                 Оқу процесінде мектептің бастауыш сатысындағы                                               

                                            білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде еңбек  

                                            іс -  әрекеті негізінде оқушының жеке тұлғасын

                                            қалыптастыру, тұлғаны жан – жақты дамыту,

                                            шығармашылық қабілетін дамыту  шеңберінде   

                                            қалыптастырылады.

                                                 

Зерттеу пәні                          Еңбекке баулу оқушының технологиялық

                                            даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні.                     

                                                 Еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктерді  

                                            түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктері,   

                                            техникалық, көркем, тұрмыстық, еңбек дизайн  

                                            негіздері кіреді.

Мақсаты:                           

                                               Біз ізденушілік жұмысымыз арқылы қазақ

                                            халқының бай мұрасы ұлттық қолөнердің келешек  

                                            ұрпақ үшін маңыздылығын, қажеттілігін ұлттық

                                            мәдениетті бойымызға сіңіру, қалыптастыруда өзіндік

                                            ой – пікір мен қол еңбегіміздің әсері арқылы, сәнді

                                            қолданбалы қолөнер негізінде көркемдеп 

                                            құрастыруда (дизайн) өз - өзімізді таратушы,  

                                            танытушы мүмкіндігін ұсынуды қамтамасыз етпекпіз.

Міндет:                             

  • Оқушының  өз - өзіне деген сенімділігін, жауапкершілігін арттыру;
  • Зерттеу жұмыстарын орындау үшін материалдық – 

                                              техникалық және ақпараттық анықтама базасын

                                              қолдануға үйрету;

  • Қолданбалы өнер туралы мағлұмат, әдебиеттер

 

  • Пікірлесу сауалнама жүргізу;
  • Танысу, талдау, жинақтау;
  • Өзін - өзі дамытуға, өздігінен  дұрыс шешім қабылдай білуге                           

                                               қалыптастыру;

  • Қорытындылау;
  • Тұжырымдау.      

 

Зерттеудің болжамы:        Егер, біз өз бетімізше ізденсек, жұмыс істей алсақ,   

                                       білсек, үйренсек, еңбектенсек онда біз келешек  

                                       ғасырларда өз елінің мәдени құндылығын ескеретін,

                                       ұлттық қолданбалы өнерді дәріптейтін, жаһандану заман

                                       талабына сай дизайн үлгісін қолдана алатын, іскер,

                                       таланты, жан – жақты теориялық білімін практика

                                       жүзінде асыра алатын халықтық талғамы дамыған 

                                       шығармашыл тұлға болып өсер едік.

 

Күтілетін нәтижелерді бағалаудың белгілері:     

  • Қызығушылықтың оянуы;
  • Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік;
  • Еңбекке, білімге деген құштарлық;
  • Ақпараттандыру технологиясын қолдану;
  • Өздігінен білуге, үйренуге деген талпыныс;
  • Шығармашылық қабілетінің дамуы;
  • Ой - өрісінің кеңейіп, тілдің дамуы;
  • Сезіну, түсіну, сенім және сену қабілеттіліктерінің артуы. 

Диагностикалық құралдар:

                                  1.Сауалнама

                                  2.Бақылау жұмысының мәтіндері.

                                  3.Эксперименттік дидактикалық материалдар.

                                  4.Оқу.

                                  5.Пікір.

                                  6.Тест.

                                  7.Сөздіктер.

                                  8.Анықтамалар.

                                  9.Сызба.                                

                                 10.Фото – суреттер.

                                 11. Кесте

Кіріспе.

Сән және қолданбалы өнер

Негізгі бөлім.

  1. Сандық сөзінің мағынасы.
  2. Сандық деген не?
  3. Сандық түрлері.
  4. Сандық қасиеті.
  5. Салыстыру.
  6. Болашақтағы жиһаз түрі.

Қорытынды:      

 «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді».

     Сән және қолданбалы өнер сән өнерінің бір саласы, тұрмысқа қажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен түрлі үй жиһаздарын

(мебель, зергелік ою - өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал – жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер т.б) жасайды. Сән және қолданбалы өнердің материалдары – металдар, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары т.б. Негізгі технологиялық әдістері – көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма т.б. болды.

      ХХ ғасырдың бастапқы кезінде басталған көркем конструкциялау тәсілі – көркем өнеркәсіптің дамуына, профессионал суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті. Қазақстан жерінде тастан, сүйектен, ағаштан, қыштан, металдан, ұсақ пластика мен жылтырата боялған саздан, балшықтан, былғарыдан тұрмысқа қажетті заттар, әсем бұйымдар (білезік, сақина, сырға т.б.) бағзы заманда-ақ жасалған. Ағашты,  сүйекті, тасты (әк тасты) оймыштау, теріні илеп, өңдеп өрнек салу, шекіме, өрме, тоқыма өнері кең тарады.                                                                                       Соның ішінде қазақтың сән және қолөнері көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып отырды. Соның негізінде бұйымдарды әдемілеудің әр түрлі әшекей - өрнектері (геометриялық ,стильдік, көгеріс, зооморфтық) пайда болды.

      Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою - өрнек салынған – үй жиһазын (керует, асадал, үстел, кебеже т.б. ыдыс – аяқ (ожау,түрлі тостаған, кесе әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп ол үшін көгеріс және геом, өрнек түрлерін пайдаланды.

      Солардың ішінде ағаш ұсталарының ағаштан, сүйектен оймыштап жасаған киіз үй жиһаздарының ішінен көп орын алмайтын, үй тұрмысында тұтыну мен сәндік мәні зор бұйымның бірі – сандық. Олай болса сандық сөзінің мағынасына көз жүгіртсек

болып табылады. Бізге керегі бірінші түрі. Ол- киіз үйдің ағаш жиһаздарның бірі. Оған киім-кешек, асыл бұйымдар салынады. Қазақ шеберлері сандықты қайың, қара тал ағашының сүрегінен жасаған. Сыртынан көркем етіп темір, мыс жапсырмамен, қатырма ою-өрнектермен безендірген. Сандықты тұрмыста қолданылуына қарай көлемі де әр түрлі.

   Кіші сандықтар 30-60 см  болса, үлкендері 60-120 см\ге дейін жетеді. Сандықтың үлкенін абдыра, кішкенесін бөгіребас деп атайды, және де  кебеже, асадал, жағлан болып бөлінеді.

 

Сандық түрлері

Қолданысы

Ерекшелігі

1.

Абдыра

Үй бұйымдары мен ұсақ түйек заттарды сақтайтын көлемі әр түрлі болып келетін сандық түрі.

Қозғауға ыңғайлы болу үшін екі бүйіріне қос-қостан тұтқа орнатып, қақпағына құлып салынады.

2.

Кебеже

Ас-тағам сақтауға арналған мүлік

Көші қонда түйеге арту үшін төрт шетіне қайысына

 өткізетін тесігі бар құлақ жасаған. Төрт құлақ кебеженің астына жүкаяқ қойылмайды. Қақпақтарын оймыштап бедерлеп әшекейлейді. Бір үйде 3-5 кебежеге дейін болған.

3.

Асадал

Ыдыс-аяқ сақтауға арналған ерекше мүліктің бірі

Ол кебеже, абдыраға қарағанда биік болып келеді. Екі немесе үш қабат сөрелеріне күмістелген, сүйектелген қақпақтар орнатылады.

4.

Бөгіребас

Шай әбзелдерін (кесе-аяқ, аққұман, т.б әшекей-зергерлік бұйымдарды салуға арналған шағын түрі.

Ерекше сәндеп, сүйектеп, бедерлеп, күмістеп, әшекейлеп ұстаған. Бет жағына  жұқа мыс, қаңылтыр, жез қаңылтырларды шаршылап, керег көздеп қадау арқылы әшекейлеген.

5.

Жағлан

(шабадан- чемодан)

Киім-кешек, мата, пұл сияқты бағалы заттарды салып сақтауға арналған.

Былғарымен қапталған, құйма күміспен әшекейленген, көркем оймыш шекіме қолданылады.

 

   Сандықтар кілттенеді, не сыртынан құлып салынатын етіп жасалынады.   Сандық үшін сыртынан кигізден ұлттық жиһаз сандыққап қолданылады.

Сандықты тоздырмай сақтап, түйеге артқанда жайлы және сәнді болу үшін сыртын сандыққаппен қаптап қояды.

    Ата-бабамыз көшіп-қонып жүргендіктен ет, ыдыс-аяқ т.б, заттарды қолға ұстап жүру қиын болғандықтан сандықтың маңызы өте зор болған. Сандықтағы ет көп тұрса бұзылмай, ыдыс-аяқ сынбай сақталған. Сандықтағы заттар бір  ай емес, бір жыл бұзылмай тұрған. Қазіргі заманғы тоңазытқыштың рөлін атқарған. Басты ерекше  қорғаныштық, сақтандырғыштық қасиетіне қарап  аса көңіл бөлгіміз келеді. Осы қасиетіне орай сандықты қолдану қажеттілігін сезінеміз. Өйткені өзі ыңғайлы, ішіне не салсаңыз да сақталып, шашырамай, жинақылық көрсететін жиһаздың осы бір түрін мақтаныш тұтамыз.

    Ежелгі ата-бабамыздың мұрасы сандықты қазіргі жаһандану заманында көп қолдана бермейміз. Сондықтан да ХХІ ғасырда одан кейінгі ғасырларда осы жиһаздың жоқ болып кету қаупі бар ма деп ойлаймыз. Өйткені қазіргі таңда қасиеті мен ерекшелігіне қарай қолданыста көп емес. Тек оны ата-әжелеріміз бар үйден көруге болады. Әрбір үйден сувенир түрі ретінде ғана көрініс табады.

   Ұлттық мұра, қазақ халқының сандығын жаһандану заманындағы жиһаз түрлерінің ішінен көргіміз келеді.

   ХҮІІІ ғ. Италяан шеберлерінің мәрмәр асыл тастардан, мозайкалық жапсырмалардан әспеттеген шкафы мен қазақтың сандық түрі асадалды салыстыра қарасақ. Сандықтың айырмашылығы, ағаш түрі, ұлттық нақыштағы ою- өрнек, зергерлік өнер қолданылған. Жұпыны көрінеді. Бірақ біз, нағыз шебердің кейінгі дизайн үлгісін пайдаланып, сақтандырғыш, қорғаныштық қасиетін ескеріп, қазіргі заман талабындағы жиһаз түрлерін көргіміз келеді. Ұлттық өзгешелігіміздің бір қыры ағашты көркем өңдеу әдісін, егер де, өндірісте ұлттық ерекшелікті сақтай отырыа, технологиялық әдіс көркем оймыш, құйманы пайдаланып, ою- өрнектеп, асыл тастармен безендіріп, бедерлеп жасалса нағыз қымбат, көздің жауын алатын басқа  елдердің жиһазынан кемде- кем болмас еді. Өйткені, қазақ қолданбалы өнері эстетикалықкөзқарасты тәрбиелейді.

    Әсемдік пен әдемілікті сезініп, түсініп ұғынуда, қабылдауда бабалар мұрасына деген қызығушылығымыз артады. Бабалар мұрасын ұрпақтар мұратына айналдыруға өз үлесімізді қосуға талпынудамыз. Соның айғағы, ежелгі киіз үй жиһазы сандық үйіміздің төрінен орын алса. Сондықтан, ізденушілік жұмысымыз арқылы, келешектегі сандық түрінің жобасын ұсынамыз.

    Бұл уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлауда қосқан үлесіміз деп білеміз. Келешекте, біз сандықтың әр пішінді, оюлары көз тартарлық әдемі болғанын көргіміз келеді. Алдағы уақытта ауылда ғана емес, қаладағы адамдарға пайдасы тигенін қалаймыз. Оны ХХІ ғасырдағы технологиялық әдіс және материалдарынан жасағымыз келеді.  Ұлтымыздың асыл мұрасы сол замандағыдай халық игілігіне жараса, тіпті жақсы болар еді. Қазақтың қазақ екенін содан білер едік. Шіркін, сандық жасайтын фабрика болса, дүкендерде алуан түрлі сандық көрсек,  ұлттық рухани байлығымыздың еншісі екендігіне еш  күмәніміз болмас еді.

    Жаһандану мәселелері, өркениетті елдер қатарына қосылу қарсаңында, жаңа мәдениетті енгізуді талап етіліп отырғандықтан «Сырлы аяқтың сыры кетсе де , сыны кетпейді»,- дегендей сандықты қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық ерекшелігі бар, жасампаз, этикалық, эстетикалықмәдениет қалыптастырудағы қолданбалы өнердің бір бөлшегі ретінде бағалағымыз келеді.

    Мүліктік мәдениеттің дамуына үлес қосу, технологиялық білім алу. Ғылыми ізденіс арқылы болашақтағы қажеттілікті анықтау болып табылады

Қолданылған әдебиеттер

1. Г.З.Гарбунова., И.Д.Кравцова.

Научно-исследовательская деятельность учащихся:: - Учебно-методическое пособие \Под. общ. ред.д.м.н., профессора С.П.Терехина. –Караганда: Изд-во КарГУ, 2009,-54 с.

2. Қазақ өнері: Энциклопедия. – Алматы: Қаз\н даму институты. 2002- 800 бет.

3. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі :\ Құраст. Р.Сыздық, Н.Уәлиұлы, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005-616 бет.

4. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия\ БАс ред. Ә.Нысанбаев, -Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2005-728 бет\546 бет

5. Қазақ халқының ою-өрнегі, Орнаменты казахского народа – Алматы: Өнер,2002- 160 бет.

6. Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік  Өнер музейі. – Алматы: Өнер баспасы, 2003.

7. Қазақстан Республикасы. «Жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттары» Жалпы бастауыш білім. -Алматы: РОНД, 2002-136 бет

8. О.С.Сотқанов, С.Д.Нұрсейітова, Г.О.Сотқанова. Еңбекке баулу пәні,            1-4 сыныптар.

9. С.Н Жиенбаева. Бастауыш сыныпта технологиялық білім беру мәселесі\\ Бастауыш мектеп, 2007  №6. -24 – 25 бет

10. Қ.О.Жеделов. Халық педагогикасы мен ұлттық қолөнеріміздің оқытылуы\\ Бастауыш мектеп, 2007 №6-28 – 30 бет

11. Қазақтың киіз үй жиһаздары «Аруна» баспасы, 2002.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәндік қолданбалы өнер
Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері
Үй жиһаздарының негізгі бөліктерін, жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілерді дайындау
Тастан жасалған әсем таушықтар, үлкен тастарды жылжыту, оларды әшекейлеп, безендіру технологиясы, гүлзардың күтімі, оған қажет құрал-саймаңд
Сандық жасау технологиясы
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Сандық және кебеже беттерін әшекейлеп оюға эскиздер дайындау
Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы сәндік өнері
Киіз үй жиһаздары
Киіз үй жиһаздары
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 4821 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык