Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұз патшалығына саяхат.


Мұз патшалығына саяхат.

Мұз патшалығына саяхат.

 Тақырыбы:  Мұз патшалығына саяхат.

Мақсаты: Жыл мезгілінің белгілері , ерекшіліктері  туралы балалардың түсінігін кеңейту, оларды ажырата білуге үйрету . Балаларды  қоршаған орта,заттар мен олардың маңызын ұғындыра отырып, танымдық қабілеттерін арттыру. Табиғат пен адамның өзара байланысын үйлестіру. Жаңа сөздерді меңгертіп , сөздік қорын молайту . Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу . Жапсыру мен сурет салудың түрлі бейнелеу  іскерліктері мен дағдылары арқылы балаларды  дәстүрден тыс сурет салу , жапсыру үлгілеріне үйрету , қол моторикасын дамытып ,эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу .

Сөздік жұмыс:   Омбы қар , қыраулы бұтақ .

Көрнекіліктер:  Қыс мезгілінің көріністері бейнеленген сурет .

                             Аққала бейнеленген сурет (үлгі)

                             Қыраулы бұтақ (жапсырудың үлгісі)

Керекті құрал-жабдықтар: Ақ парақ , субояқ , губка , желім , жұмыртқаның қабыршағы (үгітілген) , сулық .

Билингвистикалық компонент: Қыс-зима , қар-снег .

Инклюзивтік әлеумент: М.Мадинаға тіл жаттығуларын айтқызып тілін жаттықтыру.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық қозғаушы:

Балалар жарты шеңберге тұрып іс- қимылдармен  табиғатпен, қонақтармен амандасуы

Шаттық шеңбері:

-Табиғат біздің анамыз,

 Табиғатқа баламыз.

 Біз әдепті боламыз,

 Иіліп сәлем береміз.

 Біз әдепті баламыз,

 Біз ерекше боламыз.

 Қонақтарды көргенде,

-Салеметсіздерме ?-деп

 Сәлемдесіп аламыз.

Жұмбақ:

1.Қоймасын қыс ақтарып,

   Жерді жапты ақ мамық.

-  Ол қар. (Снег )

2.Қыста ғана болады,

   Ұстасаң қолың тоңады.

-  Ол да қар. (Снег )

-  Қар жауады, мұз қатады,

суық болады (қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап кетеді,өздері білетін тақпақ, жаңылт-паштар айтады).

-  Далада қар борайды,

   Ақ мамыққа орайды.

   Мұз болоады қатады,

   Жып-жылтыр боп жатады.

 

-  Қыста – күн қысқа. Күн қыста – тым қысқа.

Іздену ұйымдастырушылық кезең:

    Осы кезде электрондық поштағахат келеді. «Хат келді» деген хабарлама компьютерден естіледі.Электрондық поштаға Ақшақардан хат келеді,жұмбақтың шешуін тауып, теледидардағы тапсырманы орындаса «Мұз патшалығына» саяхатқа баратындарына ұсыныс жасайды.

Жұмбақ:

Тікен ,тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте.Ол не?

- Ол шырша . Елка.

-Жарайсыңдар балалар шырша жылдың барлық мезгілінде бір түсте болады .Жылдың әр маусымының өзіне тән қызығы бар.

  Суретпен жұмыс (балалар теледидардан дискі қою арқылы тапсырманы орындайды,                             жыл мезгілі бейнеленген суретке (слайд) қарап әңгімелейді) .

- Мына суреттерге назар ау-дарыңдаршы. Мұнда жыл мезгілдері бейнеленген.Қазір біз әр жыл мезгіліне жеке-жеке тоқталып әңгімелейміз.

- Мынау көктем мезгілі.Көктемде күн жылынады. Қар ериді.

- Мынау жаз мезгілі. Жазда күн ыстық болады.Суға шомыламыз.

- Мынау күз мезгілі.Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі.Құстар ұшып кетеді.

- Мынау қыс мезгілі.Қыста қар жауады.Аққала соғамыз ,шанамен сырғанаймыз.

 -Қысты орысша не дейді? ( Зима)

- Қарды орысша не дейді? (Снег )

- Бүгін біз Ақшақар қайда тұратынын көру үшін саяхатқа барамыз.

- Ал, сендер білесіңдер ме, Ақшақар қайда тұратынын?

 -Алыста...

- Суық жерде...

- Аяз Атаның қасында...

- Дұрыс, Ақшақар өте алыста солтүстікте «Мұз патшалығында» тұрады.Біз бүгін Ақша-қардың мекеніне барамыз. Бірақ жолда көптеген кедергілер кездеседі.

.-Балалар қыс мезгілінде біз қандай киімдер киеміз? (Жылы киімдер)

 -Басқа не киеді?  (Мынау тақия, оны басқа киеді.).

- Қолға не киеді?  (Мынау қолғап, оны қолға киеді.)

- Аяққа не киеді? (Етік)

- Балалар жолға дайын. Қыс мезгілі, күн суық.Айналаның бәрі аппақ. Балалар жолда қырау шалған бұтақтарға  кез болады, қалай өтерін білмейді.(Осы кезде бұтақ сөйлейді. Сиқырлы дауыс жанұяның қатысуымен орындалады. Сұрақтарға жауап бергенде бұтақты жерден көтеріп құмыраға салу керектігін түсіндіреді.)

Жанұяның қатысуы (топтағы бір баланың анасы)

-Егер де, сендер менің сұрақтарыма жауап бермесеңдер мен орнымнан қозғалмаймын.

-Табиғат дегеніміз не? (Айналадағы қоршап тұрған заттар: ана, тау, гүл, күн...т.с.с)

-Табиғат нешеге бөлінеді? ( Тірі , өлі табиғат)

-Тірі табиғатты атап беріңдер. (Адам, жануар, гүл, ағаш...өсімдіктер ауаны тазартады)

-Өлі табиғатты атап беріңдер ( Күн, тас, құм, су...)

-Жарайсыңдар балалар, енді жаңа сөзді бірге қайталайықшы: «Қыраулы бұтақ».

Балалар ары қарай жүріп келе жатып «омбы қарға» тап болады. Балалар омбы қарды тазалайын деп, қолындарын тигізгенде қар сөйлейді. (Сиқырлы дауыс )

-Егер де, сендер менің омбы қардың астына тығып қойған тапсырмаларды орындамасаң-дар,мен орнымнан қозғалмаймын

-Балалар,олай болса сиқырлы қарды ашып көрейікші. Ішінде  не бар екен?(ақ парақтан қиылған жабайы аңдардың бейнесі)

-Мынау түлкі, жабайы аң..

-Мынау қоян, құлағы ұзын болады..т.с.с.

-Мынау арыстан,ол тірі табиғатқа жатады.

-Жануарларға қамқорлық жасау керек (шөп, жем,су).

Тіл жаттығуы:

-Ан-ан -ан , аң патшасы арыстан.

-Ян-ян-ян , жүгіріп шықты қоян.

Жаңа сөзді бірге қайталау: «Омбы қар».

Балалар келе жатып тағы кедергіге тап болады. Шыршалардан қалай өтерін білмей тұрғанда шырша тапсырма береді.

Шыршаның тапсырмасы: (Сиқырлы дауыс)

-Ханшайымға арнап аққала мен қыраулы бұтақ сыйла.

-Қәне балалар боймызды сергітіп екі орталыққа бөлінініп жұмыс жасайық.

Балалар өз қалаулары бойынша екі орталыққа бөлініп жұмыс жасайды.

1-орт.қ «Бейнелеу».Ақ парақтың бетін  субояқты пайдаланып губкамен тұтас бояп шығады, ортасында аққаланың бейнесі пайда болады (парафинді қолдану арқылы).

2-орт.қ «Жапсыру». Ақ параққа салынған бұтақтың бейнесіне қырау жапсырады (қырауды жұмыртқанын қабыршығын майдалап үгітіп жасайды).

Тәрбиеші балалардың жұмысын көрме ұйымдастыру арқылы бағалайды.

Балалар «Мұз патшалығына» жақындайды. Ақшақар шығады.

-Бұлар кімдер шулап жүрген?

-Сәлеметсізбе,біз сізге қонаққа келдік.

-Балалар менің патшалығыма қош келдің! Сендер мұнда қалай жеттің жолда қиын болған жоқ па ?

- Қиын болған жоқ.

-«Қарлығаш» тобының балалары көмектесті.Сізге сыйлықтары бар.

Ақшақар балаларды мақтап , мадақтап сыйлық беріп ,бір жылдан соң Жаңа жыл мерекесіне келетінін айтып қоштасады.

Рефлексивті түзету:

Оқу іс-әрекетін қорытындылау,балаларды мақтау.

-Өлі және тірі табиғат.

-Тірі табиғат өнеді , өседі

(ағаш,адам,гүл)

-Өлі табиғат өспейді (су,машина,күн..)

-Қыс мезгілінде қар жауады.

-Жаз мегілінде күн ыстық.

-Көктемде қар еріп,шөп шығады.

-Күзде жапырақ сарғаяды.

-Табиғатты қорғап , аялау керек.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алақай қыс келді!
Жыл мезгілдері
Қыс қызығы
«Қыс қызығы »
«Мұз патшалығына саяхат»
Қысқы ауа райы
Қыс қызығы
Қыстың ерекшелігі
Қысқы табиғатқа саяхат Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Қыс қызығы».
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 5376 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык