Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2522 |
|
|
|
Төрт - түлігім – қазағымның ырысы
Тақырыбы: Төрт - түлігім – қазағымның ырысы
Мақсаты: Оқушылардыің төрт-түлік туралы ұғымдарын бекіту. Олардың пайдасы, малға сіңірілетін адам еңбегі туралы түсінік бере отырып, мал шаруашылығын сүйе білуге тәрбиелеу, төрт түлік малға қатысты жұмбақтар, өлең тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыра түсу.
Барысы:
Жүргізуші: Ассалаумағалейкум!
Жүргізуші: «Сәлем – сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын
Жүргізуші: «Ұлы күні ұлыстың, бастауы мол ырыстың» наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: «Бір күн таныстыққа, қырық күн сәлем» дегендей, Тазша бала, біз осы қай жерде тұрмыз?
Жүргізуші: Қарашаш, «Мектеп ғылым патшасы» емес пе, біз тәлімді тәрбие мен білім ордасы қасиетті мектеп интернатта тұрмыз!
Жүргізуші: Ұрпаққа жалғасатын ұлы мереке бұл мектепте де басталып та кеткен секілді ме, Тазша бала?
Жүргізуші: Иә, Қарашаш, мектебімізде «Наурыз айшықтары» атты тәрбиелік шаралар топтамасы болып жатыр.
Жүргізуші: Тамаша! «Бір түлікке бай болғанша, әр түлікке сай бол!» демекші, бүгін 1-сыныптарға «Төрт түлігім – қазағымның ырысы» атты сайыс өтпекші еді ғой?!
Жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермен, сіздерді
Жүргізуші: «Төрт түлігім – қазағымның ырысы» атты сайысты
Екеуі бірге: Тамашалауға шақырамыз!
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, әділ қазылар алқасын тағайындап алайық!
1.Оқу ісінің меңгерушісі: Бекетова Л.Н.
2.Кең даланы еркін шарлап, көшіп-қонған халқымыздың тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен байланысты болған.
Жүргізуші: Біраз күн бір-бірін көрмей жүріп, кездесе қалған екі кісінің амандық сұрасқанда «Мал-жан аман ба?» деуі халқымыздың малды аса қадірлеуінен болса керек.
Жүргізуші: «Кештік өмірің болса – түстік мал жи» деген ата-бабаларымыз мал атауының сырын жетік меңгеріп, кең сахараны төрт түлікке толтырған.
Жүргізуші: Төрт түлік туралы, оның қадір қасиеті туралы не білеміз? Біз бүгінгі сайыста соны түсінетін болармыз, Тазша бала?
Жүргізуші: Иә, Қарашаш, ендеше сөз кезегін сайыскерлерге берейік!
Жүргізуші: Әр топ өздерінің топтарын таныстыру.
«Шопан ата» тобы:
Ұраны: Қошақандар момақан,
Жарысқа бүгін жол ашқан!
«Зеңгі баба» тобы:
Ұраны: Торпақтарымыз томпиған,
Жарысқа түссе қомпиған.
«Қамбар ата» тобы:
Ұраны: Құлыншақтар тобы біз,
Әрқашанда жүйрік біз!
«Ойсылқара» тобы:
Ұраны: Ботақанбыз, маң басқан,
Жүлдеге бүгін таласқан!
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Келесі бөлімге кезек берейік!
2 бөлім: Төрт түлік малдарына сипаттама беру.
«Шопан ата» тобы:
Салман: «Мал өсірсең, қой өсір, табысы оның көл-көсір»-дейді. Қой түлік малдың бірі. Қойдың төлін «қозы» деп атайды. Пірі – Шопан ата.
Сайда: Қойдың адам үшін пайдасы мол. Қойдың етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен киім тоқимыз. Менің әжем қой жүнінен шұлық тоқиды, соны сіздерге ұсынамын.
Ұлдай: Төрт түлікте қоймен қоса айтылатын мал – ешкі. Оның жүнінен киім тоқылады, суықтан қорғайды. Ешкі төлін лақ деп атайды. Пірі – Шекшек ата.
«Зеңгі баба» тобы:
Айкөркем: Төрт түліктің бірі – сиыр. Сиырдың адам үшін пайдасы мен маңызы орасан зор. Оның етін, сүтін, терісін, пайдаланады. Сүт – біздің дастарқанымыздың берекесі, одан неше түрлі дәрменді тағамдар дайындайды.
Нүгүл: Сиырдың төлін «бұзау» деп атаймыз. Сиырдың еті мен сүтінен өзге, оның терісі де жақсы бағаланады. Былғарысынан неше түрлі бұйымдар жасалып, киімдер тігеді.
Гаухар: Сиырдың сүтінен қаймақ, құрт, ірімшік, сүзбе, айран жасалынады. Сүттің денсаулық үшін пайдасы көп.
«Қамбар ата» тобы:
Айнұр: Төрт түліктің төресі – жылқы. Мінсе - көлік, қымызы – сусын, еті – жал-жая, қазы-қартасы ең дәмді тамақ.
Бекзат: Жылқының төлін «құлын» деп атаймыз. Оның еті жоғары, сапалы тамақ. Жылқының пірі – «Қамбар ата».
Назерке: Жылқының сүті «қымыз» деп аталады. Ол денсаулыққа пайдалы.
«Ойсылқара» тобы:
Фариза: Түйенің адам үшін маңызы зор, өйткені түйе таптырмас көлік. Түйенің сүтінен шұбат дайындалады. Соны сіздерге ұсынамын.
Алтынай: Түйе шөлге төзімді, көп талғамайтын жануар. Екі өркеші болады, бір өркешті түйені «нар» деп атаймыз.
Нұрдәулет: Түйенің төлін «бота» дейді. Оның мінезі жуас.Оның түрі көп: жамбознар, әленар, желмая, ұрғашысы – інген бура.
3 бөлім:
Жүргізуші: Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмеген момыным деп.
Жүргізуші: Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Жүргізуші: Түйе сүйеді баласын боташым деп,
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жүргізуші: Жылқы сүйеді баласын құлыным деп,
Тұлпар болар жүгірген жұрыным деп.
Жүргізуші:-Міне, балалар, әр төрт түлік төлдерін осылай еркелетеді екен. Қане, бізде өзімізге ұнайтын түлігімізді ермексазбен мүсіндеп көрелік. Іске сәт! (әр топ өз жұмыстарын ұсынады, қорғайды)
Жүргізуші: Қазақ халқы малды құрметтеген, малға қатысты көптеген жұмбақтар бар. Келесі кезекті жұмбақтар сайысына берейік!
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы топ бойынша жұмбақтар сайысы
Жүргізуші:-Жарайсыңдар балалар! Бәрің де тапқыр екенсіңдер.
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық,
Өнерді қарсы алайық,
Бәріміз тамашалайық! Әр топ өз өнерлерін ортаға салсын.
«Шопан ата» тобы:
«Қамбар ата» тобы:
«Ойсылқара» тобы:
«Зеңгі баба» тобы:
Жүргізуші:-Келесі кезекті әділ-қазылар алқасының төрайымы Бекетова Л.Н. сөз берейік.
Марапаттау.
Жүргізуші: -Қарашаш, аталар өсиетімен өсіп өнген балаларымыз төрт түліктің қадір-қасиетін түсінген сияқты. Ол туралы көп мағлұмат алды деп ойлаймын.
Жүргізуші:-Иә, Тазша бала! Бабалар бұлағынан нәр алған жастарға батаңды беріп кет!
Әуелі құдай оңдасын,
Құдай болсын жолдасың,
Көңілді өтсін өмірлерің,
Қабақтарың ашық боп,
Табаққа толсын астарың,
Байлықтың көзі қарағым!
Төрт түлік бассын қораңды!Жүргізушілер бірге: Төрт түлігімізді қадірлей білейік, ағайын! Қош сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |