Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Асыл қазынаға тұнған жер.


Асыл қазынаға тұнған жер.

 

 Асыл қазынаға тұнған жер.

Тақырыбы:                     Асыл қазынаға тұнған жер

                        (Берекелі Бейнеудің 40 жылдығына арналады)

Мақсаты: 

Оқушыларды туған жері  Бейнеудің географиялық орнымен,тарихымен таныстыру.

Шығармашылық  зерттеу жұмыстарына баулу, тіл байлықтарын дамыту.

Туған  жерін мақтан тұтуға, өз жерінің, өз ұлтының  иесі болуы үшін патриоттық  сезімге  тәрбиелеу.

  •   слайд, буклеттер, сурет көрмесі, кітап бұрышы, талапқа сай безендірілген сахна.
  •    көрсету, әңгімелеу, ой қозғау, топпен жұмыс, ізденіс жұмысы
  •  

І     Жер кіндігі атанған өлке

ІІ    Ақыл-парасат

ІІІ  «Сыр-сұхбат» бөлімі

ІV    Жыр шашу

V   Сурет көрмесі

VІ  Музыкалық  бөлім

      VІІ   Қорытынды

 

Мұғалім: «Қазақ деген мал баққан елміз,

                 Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

                 Жерімізді жау баспасын деп,

                 Елімізден құт – береке қашпасын деп,

                 Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.

Біздің Отанымыз –Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала  - қазаққа қымбат дала.

                 Жүрегім, жырым сенікі,

                 Кеңісті далам, кең далам.

                 Тудым, өстім есейдім...

                 Ен далам – анам, мен балаң!-демекші,  бұл өлең  шумақтары не туралы айтылған?

 

  • Туған жер
  • Әрине, олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз  туған жеріміз Берекелі Бейнеуге арналады. Биыл  ауданымызға 40 жыл толатынын естеріңе салып кетейін және де  қонақтарымызбен таныстырып өтейін.
  •  -Домбаяқов  Ахметжан  Хадисұлы- мұражай қызметкері 

-Айнахан  Есет - жергілікті ақын, Маңғыстау газетінің редакторы

 

                        І   «Жер кіндігі аталған өлке» бөлімі

                                          Ой қозғау

Мұғалім:

- Балалар,   «Ауыл»,  «Алтын бесік», «Туған жер»  дегенді қалай түсінесіңдер?  Ауыл кімдердің мекені?  Осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..

(Оқушы ойлары тыңдалады)

Ия ,дұрыс айтасыңдар!

          Не замандар өтсе-дағы бұлағай,

          Көк түріктің туы қалды құламай.

          Маңғыстауым-тұнып тұрған тарихым,

          Ашық аспан астындағы мұражай,-деп ақындар жырлағандай  кең-байтақ қазақ  даласында осы бір қасиетті өлкенің орны ерекше.

    Тарихының  тамыры  тереңге  тартқан  Маңғыстау жерінің қасиет тұнған топырағы талайларды тамсандырып келеді. Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған шежірелі өлке. Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Жер кіндігі атанған өлке» бөлімінде Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының  тарихымен  танысамыз.

 

     - Бейнеу Адайға сегізінші ұрпақ болып келеді. Бейнеу атамыз Бекет ата Мырзағұлұлымен тұстас өмір сүрген. Екеуінің арасында көп жас айырмашылық жоқ. Үлкендердің айтуы бойынша   1830 жылдары қайтыс болған Атақозы батырдың қасына жерленген. Бейнеу атамыз Қыдыр көрген, қасиеті мол, халқына қайыры тиген әруақты адам болған дейді. Отырған жері Ескі Бейнеу. Бес құдығы болыпты. Көшпелі ел жаз жайлауға кеткенде, қыстық жиһаздарын Бейнеу атамызға қалдырып кетіп отырған. Ел "Бейнеуде қалды", "Бейнеуден аламыз" дейді екен. Міне содан бері жеріміздің Бейнеу атауын Бейнеу Намазұлының есімімен байланыстырады.

Тарихы тұнған шежіре мекен -Бейнеуім,

Атадан қалған мұра деп басым иемін.

Тау –тасың сырға тұнып бір жатқан сиқырлы,

Сені жырласам шабыт пен шалқып кетемін.

 

Қойныңда жатыр не бір ақын мен асылдар

Біздерге мұра боп, әрқашан жебеп жатыңдар.

Сан жылдар өтіп халқын да сенің көбейді.

Жасырған әлі қандай сырлар бар айтыңдар.

 

Атам Бейнеуден басталған сенің тарихың,

Сол күнен бүгін 40жыл өтті танығын.

Киелі мекен кішкене ауыл бүгін де

Аудан боп дамып, көбейді бүгін халқың.

 

Ендеше туған жеріміз туралы қысқаша мәліметті тыңдайық.

 

                          Бейнеу ауданының жалпы мәліметі

Бекзат :

  Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында орналасқан аудан. Бейнеу ауданының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қалана бастаған. 1973  жылдан бері  аудан орталығы. Елдің мекеннің аты осы өңірде мекендеп, бес құдығы болған орта ауқатты Намазұлы Бейнеу (1760-1830) деген кiсiнiң атына байланысты аталған. Әкесі Намаз – Адайдағы Атақозы батырдың iнiсi. Бейнеу ауданында  теміржол және автомобиль жол қатынастары, сондай-ақ  телекомуникация жүйесі мен байланыс торабы біркелкі дамыған.

                                                           Халқы

Дана :

        Село халқы табиғи өсім мен көшіп келушілердің есебінен  6 пайызға өсті. Бұл аудан халқының  70 пайызын құрайды. Селоға көрші шетелдерден   бірнеше  отбасы  көшіп  келді. Оларға  әлеуметтік  көмек көрсетілді. Селода  2028  зейнеткер  бар,  оның  бесеуі  Ұлы  Отан  соғысының ардагерлері. Ауған  соғысының  ардагерлері  38  адам.

                                                        Өнеркәсіп

Ерлан :

   Селода  бірден-бір  өндіріс  орындары  болып  саналатын  ұлу  тас  карьерлерінің  2002 жылы 1, 2003 жылы 2  ұлу тас өндіру карьерлері  жаңадан ашылып, олардың саны 29-ға  жетті.   

 Селода іркіліссіз теміржол, мұнай, газ тасымалдау мекемелері  жұмыс жасап келеді.

                                             Шағын және орта бизнес

Мағжан:

   Село бойынша шағын және орта бизнеспен 706 адам айналысуда.  Село халқын азық-түлікпен және күнделікті ұсақ-түйекпен, үй жиһаздарымен, құрылыс жабдықтармен, автобөлшектермен қамтамасыз ететін 43 дүкен бар. 2009 жылы тәулігіне  5  тонна  сүт  өнімдерін  шығаратын  «Бейнеу  сүт  зауыты»  ашылды. Аудан  тұрғындарының  сүт  өнімдеріне  деген  сұранысының  76%-ін  қанағаттандыратын  бұл зауыт жақын уақытта іске қосылып, өнім шығаруға кіріскелі тұр.

 

Мәдина :

«Бейнеу  сервистік  дайындау  орталығының»  тәуліктік  қуаттылығы  2  тонна  ет  дайындайтын  мал  сою  пункті  іске  қосылып,  өнімін  сататын  дүкені  жұмыс  істей  бастады.  Аудан  халқының  жартысын  етпен  қамти  алатын  бұл  кәсіпорында  қазір  24  адам  жұмыс  істейді.

 

Фарида:

Аудандық  әкімдіктің  «Бейнеубизнессервис»  кәсіпорны  жылына  85  тонна  өнім  беретін  5  жылыжай  алды.  Аудан  халқының  көкөніске  деген  қажеттілігінің  13%-ін  өтейтін  бұл  жылыжай  іске  қосылғалы  6,1  тонна  өнім  шығарды. Қуаттылығы  90  мың  тонна  ұн  мен  30  мың  тонна  жем  шығаратын  цехы  бар  «Бейнеу  астық  терминалы»   жұмыс жасап тұр. Нәтижесінде   аудан  аймағында  ұнның  бағасы  тұрақтандыруға  мүмкіндік  туды.

 

                                      Коммуналдық шаруашылық

Қаламқас:

  Бейнеу селосында коммуналдық қызмет атқаратын «Бейнеусусервис»,  «Бейнеуэнергосервис», «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы, «Теміржолсу-Маңғыстау»  ЖШС–гі, аудандық электр жүйесі мекемелері сумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырса, тазалық жұмыстарымен «Бейнеу мехтранссервис» ЖШС, «Қаратау», «Болат жол» ПИК мекемелері айналысады.

 

                                                         Мәдениет

Шаттық :

  Селода   1  кітапхана,  1  телестанция  орталығы, 1мәдениет үйі,  1  пошта,  2  байланыс  үйі, 2 ұялы телефон станциясы  жұмыс  жасайды. Тұрғындар  теледидардан  Хабар,  Евразия,  Қазақстан-1  және  Еларна  каналдарын  көріп  тамашалайды.  2011 жылдан бастап отандық «Отау ТВ» ақылы каналы қосылды.

                                                           Білім беру

Жалид :

     Бейнеу селосында 10 орта мектеп, өнер және спорт мектептері, гимназия, лицей, политехникалық  және  гуманитарлық  колледж, балабақшалар бар.Биыл өзіміз білім алып жатқан  Бейнеу гимназиясына 15 жыл болады. Осы уақытқа дейін  алған жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай жетерлік.Ауданымыздың одан қала берді облысымыздың намысын қорғап  талай додаларда  алдыңғы қатардан көрініп келеді.

                                             Денсаулық  сақтау

Сандуғаш :

        Село тұрғындарына медициналық көмек көрсетумен аудандық орталық аурухана, туберкулез ауруханасы мен аудандық емхана және оның бөлімшелері қызмет көрсетеді. Бейнеу селосында 2012 жылы  туберкулез  ауруханасы мен  перзентхана пайдалануға берілді.

 

 

                                   ІІ  «Ақыл-парасат»  бөлімі

                 (оқушылардың  білімі мен біліктілігін  байқау)

«Кім тапқыр?» ойыны

Ойынның шарты: Орналасу ретіне қарай сұрақтар беріледі.Сұрақтарға жауап беріп, Бейнеу ауданындағы  киелі  орындар  мен  қасиетті жерлерді табу.(барлық  сұрақтарға  дұрыс  жауап  берілсе  Бейнеудің ақын –жазушыларының суреті   шығады.)

10. Бейнеудегі қандай тарихи ескерткіштерді білесіңдер?

10. Туған жеріңде өсетін қандай өсімдіктерді білесің?

(Бейнеудің өсімдіктер дүниесі жайылымдылық шөбінің өнімділігі ерте  кезден зеттелген. Үстіртте сексеуіл, жыңғыл, баялыш, қоранғыл, жантақ, адыраспан өседі.)

10. Үй жануарларынан төрт түліктің қай түрі өсіріледі?

20. Жабайы жануарлардың қай түрі кездеседі?

20. Бұл қандай киелі орын? (Бекет ата мешіті)

(Мұнда сәулет өнерінің небір сұлулығы мен сымбаты самсап тұр. Аспан астындағы алып мұражай. Он екі ата Байұлының бір тармағы Адай тайпасының Пірі -Бекет Атаның өз қолымен тұрғызған жер асты мешіті . Бейнеу өңірінің қадір қасиетінің артып, киелі мекенге айналуы да осы мешіттің арқасы)

20. Бейнеу ауданының әкімі кім?

(Биыл  2013 жылы  Бейнеу  өз алдыны дербес аудан болғанына 40 жыл толады. Осы уақыт ішінде Бейнеу ауданы көптеген жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда мұнай мен газ өнімдері дамыды. Бейнеу Астық терминалы іске қосылды бірнеше құрылыс материалдары өндіретін карьерлер қарқынды жұмыс жасап жатыр. Бейнеу -Жезқазған темір жолыда өз жұмысын бастады. Халықтың әлуметтік жағдайы жақсарып келеді. Бұл игі істердің бастамасында ауыл азаматтары мен ауданымыздың әкімі Басшы Айжанақұлының  еңбегі мол. )

30. Бейнеу гимназиясы қашан құрылды?

30. Гимназия директорының аты-жөнін білесің бе?

30. Бейнеуде туып-өскен ақын,жазушы,мәдениет қайраткерлерін білесің бе?

 

Мұғалім:  Бейнеу мекенінде туып өскен тұлғалар  Әли Балта палуан,  Жылкелді, Тұрсын, Досат, Әділ, Шолтаман , Қайыптардың ізін басқан Қаржаубай Жылқыбайұлы, Уәйіс Қайралапов  ағаларымызбен мақтана  аламыз.

 

                                   ІІІ  «Сыр-сұхбат» бөлімі

Мұғалім:

-Домбаяқов Ахметжан Хадисұлы  Қазақстанның бүкіл тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерінің тең жартысынан астамын иеленетін бұл өңірде көшпенділердің көне мәдениетінің қайталанбас ғажайып із-өрнектері сайрап жатыр.Осы құтты, қасиетті туған жеріміз туралы оқушыларға әңгімелеп берсеңіз. (Мұражай қызметкеріне сұрақ қою)

-Айнахан Есетқызы, тоғыз жолдың торабы атанған Бейнеу жері тума таланттардың тұрақты мекеніне айналған. «Ел іші-өнер кеніші» дегендей Сам құмында,Сыңғырлау мен Үстіртте талай-талай арынды ақындар мен дарынды күйшілер өткен.Осы туралы айтып беріңізші.(ақын,журналист Айнахан апайға сұрақ қою)

 

                            ІV     Мен ... атындағы көшеде тұрамын.

Тапсырма. Оқушыларға  өздері  тұратын көше кімнің атында екенін, сол тұлға жайлы мәлімет жинап, дайындалып келу болған.

 

                                       V      Жыр шашу

 Әр топ оқушылары «Берекелі  Бейнеу» тақырыбына өлең шығарады. Болмаса белгілі ақындардың  Бейнеу туралы өлеңдерін оқиды.

 

                                            VІ  Сурет көрмесі

Тапсырма. «Кешегі, бүгінгі  және  ертеңгі  Бейнеу» тақырыбына  суреттерден  үш топ  оқушыларына  коллаж жасау, оны қорғау

 

                                       VІІ  Музыкалық  бөлім

       «Жастар биі» күйі   орындайтын  Умашев Ерлан

«Жаса Қазақстан»          орындайтын  Тұралина Алтынай

«Қазақ биі»   қыздар тобы

 

Алтынай

Еліңді сүй! Еліңді сүй! Сөзім шын,

Ел дегенде ет-бауырың езілсін.

Ел дегенде көкірегің сөгіліп,

Ел дегенде қамыңды ойла өзіңнің.

Ел дегенде асау жүрек ұрғылап

Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!

 

Нұрболат

Туған Отан-абыз Атаң тұғырың,

Ғазиз Анаң сарқылмайтын шым бұлақ,

Еліңді сүй, сүй еліңді есті ұлан,

Қия көкке бастайсың сен жас қыран.

 

  •  

Әр таңың арайланып атады екен,

Батқан күн бағын тілеп жатады екен.

Бейнеуім береке мен ырыс қонған

Әрқашан әнім болған  Атамекен

 

Ән : «Бейнеу бағым»  орындайтын «Арай» ансамблінің жетекшісі, әнші ,құрметті ата-ана  Бакотбаев Тұралы

 

 

 

                                         VІІІ   Қорытынды

 Тәрбие сағатымыздың қорытынды сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі                          

Бекібай Марал апайға беріледі.

Мұғалім:

Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерім де,

Жарқырап көзін ай, жұлдыз күлсін көгіңде.

Ысырап емес, береке дарып Бейнеуге,

Төрт түлік малың жайылып жүрсін төріңде.

 

     Киелі Маңғыстау жері туралы сыр шертетін болсақ бұған бір 35 минут түгіл 1 күнде аздық етер деп ойлаймын. Абыл, Нұрым, Сүгірлерден бастау алатын жыраулар мен 362 әулиемен жалғасын табатын киелі мекенді жырлауға 10 күнде жетпейді. Сөзімнің  соңын: Қысылғанға дем, жабыққанға жар болған қасиетті Бекет ата рухы кім-кімді де қолдап, есін жиып, ел болу жолында келелі қаракеттерге қадам басқан отандастарын оң іске бағыттай берсін! Аллатағаланың назары түзу болып, Мәдинада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет, Оғыландыда-Пір Бекет, Маңғыстаудың ойында-360 әулие, Отпан тауда Адай-Ата желеп жебегей! Туған  жеріміздің  40 жылдық мерейтойы құтты болсын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өкініш
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Маңғыстау мақтаныштары
“МАҢҒЫСТАУ ҚАЙТАЛАНБАС ТАБИҒАТ ӨЛКЕСІ”
Әулиелер мекені - Маңғыстау
Интернат қоймасы
Анашым құдіретіңе табынамын
Көпбұрыштың периметрі
Жалпы және жалқы есім
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2500 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык