Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әулиелер мекені - Маңғыстау


Әулиелер мекені - Маңғыстау

Әулиелер мекені - Маңғыстау

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Ұйымдастыру   бөлімі.

А) Маңғыстау – маңғаз мекенім.

Ә) Маңғыстау – Ер Бекеттің туған жері.

Б)Отпаннан – от алған Маңғыстау.

В)  Бейнеу – бағым, қонысым.

ІІІ. Қорытынды

Сабақтың мақсаты:

 - Оқушыларға Отан, туған жеріміз - Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып, бала бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, азамат қалыптастыру.

-   Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

-  Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;

 

Әдісі: Әдеби азды кеш, әдеби монтаж.

Көрнекілігі: Слайд, «Жұмақ мекен – туған жер» кітап көрмесі.

  1. 6 «Р» сыныбы   - Би – «Торжорға»

 

А) Маңғыстау – маңғаз мекенім

1 – жүргізуші:  Армысыздар,  құрметті  ұстаздер  мен  оқушылар! Бүгінгі  өткізгелі  отырған «Әулиелер мекені - Маңғыстау» атты  әдеби  кешімізді  ашық  деп  жариялаймыз.

«Маңғыстау… Мәңгі қыстау деген сөзден шықты ма екен? Әлде… мың қыстау деген ұғымды білдіре ме?.. Малға қатысты айтылған ба, қалай? Мынау шетсіз де, шексіз даланың малсыз сәні келмесі анық. Әлде, маңғаз тау ма екен?..» Ой бесігі баяу тербеледі…

Ақ қала Маңғыстаудың ақ тасынан,

 Көк теңіз көбік шашқан тап қасынан.

 Арманға аттанады ақ кемелер

 Қазақтың жалғыз теңіз қақпасынан.

2 – ЖҮРГІЗУШІ:  «Жасаған Ие осы бір құлазыған былайғы дүниені шектен шыға таңдандыру үшін жаратқандай. Қиялда ғана болатындай қиян өлкеге көкте самғамасаң, жер бетімен жылжып, ғұмыры жете алмайтындайсың», – деп Ә.Кекілбаев айтқандай, шынымен де, бұл өңірді бұрын-соңды көрмеген адамның көз алдына елестетуі қиынға соғады. Табиғаты – тұнған тарих, сырға толы шежіре. Дарқан даласына көз жүгіртсең, тіршіліксіз құла түзге кезігіп, жаңа әлемге аяқ басқандай боласың. Бірақ осынау құлан жортпас атырап адам бойына үрей ұялатпайды. Керісінше, сортаң шөл мен сусыма құм шағылдары ішіне сыр бүгіп жатқандай сезім сыйлайды.

7 «Р» сыныбы   Алтынбасова Динара  -  Маңғыстау. (А. Бақтыгереева)

1 – жүргізуші: Маңғыстау жері – көне мәдениеттің куәгері. Өлкеде археологиялық қорықтар, 11 мыңға жуық аспан астындағы тарихи ескерткіштер, мыңнан астам тасқа қаланған жазбалы суреттер бар. Қасиетті мекен 362 әулиесімен танымал: Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей, Кавказ, Иран, Түркия елдерінен келіп, зиярат етушілердің орталығы.

2 – жүргізуші: Қалың қазақтың мақтанышы, заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың: «Қазыналы Маңғыстау Тәуелсіз Қазақстанның тез тыңайып, тез нығаюына жанқиярлықпен үлес қосты. Тәуелсіздік оның өз байлығына лайық өркендеуіне кең өріс ашып берді…», деп тебіренгені тегін емес қой. Ұшқан құстың қанаты, шапқан аттың тұяғы талатын қазақтың кең байтақ даласына не жетсін!

  1. 8 «Р» сыныбы     Ахтямов  Ренат – Маңғыстауым   (С. Назарбекұлы)

 

1 – ж: Кезінде академик Қ.И.Сәтбаев Маңғыстау түбегінің үстінен тікұшақпен ұшып бара жатып, бұл аймақты «ұйқыдағы ару» деп атап кеткен көрінеді

 

2 – ж: Белгілі ақын Темірхан Медетбек:

О, менің Маңғыстауым, Маңғыстауым!

Марқайып мақтанарым, алға ұстарым.

Өзіңде бар махаббат, бар құштарым,

 

Жыр болып құйылады алғыстарым.

О, менің Маңғыстауым, Маңғыстауым,

Есімің естілсе де қай жағымнан,

Кім болсын селк етеді айбарыңнан.

Аппақ бір нұр құйылып маңдайыңнан,

Жел есіп тұр ғой қазір айдарыңнан, – деп жырлаған-мұнайлы өлке, шырайлы өлке – Маңғыстау!

  1. 6 «А» сыныбы   Сүгірбаев  Айбек – Күй

1 – ж:  Маңғытаудың  Қаройын  мекендеп  жатқан 362  әулиенің  аруағы  мен  иесі  атойлап  тұрған  секілді.  Асылы Маңғыстаудың  жер кіндігі  екені  рас болар. 362 бұл  өлкені  тектен – тек жерленіп   жатқан  жоқ.  Бір қасиетті  беліп жатыр ғой,» деген  бұрынғылар.  Талантымен   талайды  тамсандырған тарлан  ақын – Уәйіс Қайралапов:

«...Бастан  кешкен   жортуылды, жорықтан көп,

..Айта алмаймын «ер халықты қорықты» деп

Халық аңыз қылады «Маңғыстауда

Үш жүз алпы әулие»  болыпты» - деп неге  толғанып, толқыды дейсің..?

2 – ж: Халық арасына кең тараған: “Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет” деген сөз бар. Олай болса, оның ілімін, ұрпаққа мирас еткен асыл қасиеттерін руханияттың сарқылмас бұлағы деп бағалағанымыз жөн.

  1. Ән – Ұшада Маңғыстаудан шағалалар – Орындайтын – Маңғысбаева  Гүлдана

Ә) Маңғыстау – Ер  Бекеттің  туған  жері   

1 – ж:  «Шамамен 1667-1766 жылдар аралығында өмір сүрген, қалмақтарға қарсы азаттық күрестің басшыларының бірі болған Есет батыр Көкіұлы Бекет бабамызға нағашы болып келеді», – деді. – Сол кісі тоқсаннан асқан шағында он екі жасар жиені Бекетке:

 

Үстіңнен дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін.

Ақ пен қараны айырар,

Жауды ері қайырар,

Атыңда айтып тұрғандай дүр боларсың.

Елге шуақ шашып нұр боларсың,

Үш жүзге танымал Пір боларсың… – деп бата берген екен. Дуалы ауыздан шыққан сөздің біздің заманымызда шындыққа айналғандай.

2 – ж:

Маңғыстау - ер Бекеттің туған жері,

      Кетіріп, кіндік қанын жуған жері.

      Кіндігін қожа-молда қолмен кесіп,

      Тамырын тарамыспен буған жері, - деп ақындар жырлағандай,

Аты аңызға айналған Бекет Ата Мырзағұлүлына Алла тағаланың дарытқан таңғажайып қасиеттерінің құпиясын адам баласы шеше алмайды.

1 – ж: Бекет Ата көзінің тірісінде   “Қиянатқа жол бермес әділдіктің, күпірлікке жол бермес адалдықтың, қараулыққа жол бермес шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес парасаттылықтың асқан үлгісін танытқан, елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы, үлкен – кішіні, алыс – жақынды, дос пен дұшпанды» түгел мойндатқан  азамат. Мейірімділіктен асқан кие, Парасаттан асқан  қасиет болушы ма еді?

  1. 6 «А» сыныбы – Еркаев  Жандос – Сөзім бар еді, АТА – Есенғали Раушанов

 

2 – ж:  Ендеше, сондай асқақ жұртының  асқар – шақаршының  басындай тәкаппар, жүрегінен  мәңгілік  жәннат  тапқан, «әлсізге медет, күштіге айбар, зарыққанға жебеу, тарыққанға демеу, асқанға тосқан, сасқанға сая, ұрпаққа ұстаз, ұлысқа ұран, ел иесі, жер киесі Пір Атаға қанша тағзым  қылсаң да  артық  емес  деп білеміз.

 

1 – ж: Өйткені,  атасыздық – Отансыздық, Отансыздық – опасыздық, опасыздық -  имансыздық. Өзінің  қадірін  белмеген, ненің  қадірін  білуші еді?! Ештеңенің  қадірін білмеген, ешкімді қарық қылмайды. Ләйім, жақы  тілегімізді  жөн тыңдап, жөн түінер  жақы  құлақтар  мен жайсаң жүректер  көбейе  бергей.

 

2 – ж:   Астасыатын Үстірттің  қиырымен,

Басталатын  алып ой бүйірінен,

«Бекет Ата» басында  арқар деген

Үйірімен  жүреді, үйірімен – деп  ақын  Темірхан Медетбек  ағамыз  жырлағандай  әжелеріміз бен аналарымыз  қуанса да ,  қамықса да, «әуелі АЛЛА, сонан соң БЕКЕТ» дейтін.

  1. 8 «А» сынып  оқушылары  Тағанбаева Г,   Сүгірбаева Г,    Мейлісова  Қ  - Бекет Ата

1 – ж: Ел аузындағы Пір Ата жөніндегі  ғажайып аңыз – әңгімелер қиялдан еме, шындықтан  өрбіген.  Олар  ұрпағына  шарапаты  мен  шапағатын аямай  беріп келе  жатқан Пір Атаға  деген  елдің  сарқылмас  құрметімен  әрленіп, нақты  оқиғалары  нақышты  бояумен  адам  жадында  жатталып қалатындай  етіп  мұқият  қашалған  халықтық  ұлы  мұра.  БекетАта  мұсылман  әлемнің  бағасын алған,  ризыққа  батар  береке –бірліктің, ұлтты  ұйытар  тұтастықтың  алтын  өзек ұстанымы, жасампаздық  пен  биік парасатқа  бастар  өнеге  даңғылы, адами  үрдістің  адалбақан тұғыры.

2 – ж: Сықырлап қаттың  сүйегі,

Сәждеге басын  иеді

Алласн айтып алдымен,

Кемеңдеп  кетер  иегі,

Оқыған  атам  дұғадан,

Осыны ғана ұға алам.

Үш есім, бейне үш жұлдыз.

Жырақтан  сәуле  шығарған,

Маңғыстау барып, Пір Бекет

Басына   түнеп,  бір  медет,

Тапқан ем, шыбын  жаныма,

...Пір Атам  мені  жүр  жебеп! ..

– деп  ақындар  жырлағандай,  ата  есімі  ұғымына  ұялап, санасына   орныққан  ұрпақ, оны  әркез  көңіліне  медеу тұтады.  Демек, бұл ата – баба  рухын қатерлеу  кепілі. Ләйім да солай болғай.

  1. 6 «Р» сыныбы  Елубаева Ақырыс – Оғыланды (Ф. Оңғарсынова)

Б)  Отпаннан  от алған – Маңғыстау!

1  - ж:  Батыс Қаратаудың  ұзындығы – 45 шақырым, ені  6 – 10  шақырымға  дейін  созылады.  Ең  биік  жері – Отпантау.  Таудың  жиектері  терең сайлармен  тілімделген.  Ал, Шығыс Қаратаудың  ұзындығы 42  шақырымға  созылып жатыр.  Бұл  таудың   ең биік нүктесі – Бесшоқы тауы.

«Адай ата – Отпан тау»  тарихи мәдени кешенінің салыну  мақсаты  негізінен  ата – баба  рухынан  нәр алу,  оларды  құрмет тұту, ол арқылы  өткен өмір  тарихымызды білу,  олардың  жүріп  өткен  өмір тарихы арқылы  өзіміздің  тәуелсіз  жаңа тарихымызды жасау.  Отпан тау – ол ата – бабаларымыздың  аяғы,  тұлпарларының  тұяғы  тиген   жер.  Батырларымыз бен билеріміздің   басын  қосып, ақылдасып,   елдің  тағдырын   шешетін   шешімдер  қабылданған   жер.

2 – ж:  Аталарымыз осы  жерде  елдің  амандығына  садақа  беріп,  Алладан  ұрпақтарына  саулық  тілеп  алыс  жолға  аттандырып  отырған.  Елге  жау  шапқанда  туған  жерін  қорғау  үшін атой салып, Ұран отын  жаққан  жер. Осы тарихи  жерді   Отпан тауды   Пір тұтатын киелі жерге   айналдыру. Оның  басында  жыл сайын  тәуелсіздік   пен  рухтың  Ұран отын жағу. Оның  авторы – белгілі  қоғам  қацраткері,  көрнекті  ақын – Сабыр Шеркешбайұлы  Адай.   Құрылыс 2005 жылы 10 қазанда  басталып,  2007  жылы 24 қазанда  ашылу  рәсімі  өткізілді.

  1. 8 «А» сыныбы – Мұқанова Индира – Маңғыстауым  (С. Адай)

1 – ж:  «Отпан»  тарихи- мәдени кешенінде  алынған  ескерткіштерге  тоқталсақ. Ақсарай Адай атамыздың  Ақордасы. Ақсарай  Адай атаның сегіз немересінің  құрметіне арналған. Яғни 8 бөлмеден тұрады.

2 – ж: «Маңғыстау  және  жеті  жұрт»  тақырыбындағы  көрме  залы  Маңғыстау тарихына  арналған.  Онда  археологиялық  сараптама, карта, маекттер  осы  күнге дейінгі  мекендеген халықтардың  тарихы  жинақталған. 

  1. 9 «Р» сыныбы – Қосмағанбетов   Кеңесбай   – Адай күйі

1 – ж: 362 бапалдақ. Киелі  маңғытауда  мекен  еткен 362  әулиенің  рухына  арналған 362  баспалдақ  Ақсарай мен  Адай Ата  кесенесін  жалғастырады.  Жер – Ананың  қойнауына  тәні  жерленген әулиелердің  рухы  Отпан  таудың  басына  келіп,  осы  баспалдақпен  жүріп  өткен  жанға  шапағаты  тиеді  деген  тілекпен  ырымдап салынған.

2 – ж: Ту  төбе.  Тәуелсіздігіміздің  көрінісі. Ресми саяси – мәдени  шаралар  ұйымдастыру  кезінде  Қазақтан  Республикасының  туы  ілінетін  арнайы  орын.  Ту  тұғының  биіктігі 20 м.шамасында.

  1. 6 «Р» сыныбы  Қосмағанбетова  Альбина  - Маңғыстау – көздің қарасы (С. Адай)

В) Бейнеу – бағым, қонысым

1 – ж: Каспий  мен  Арал теңізінің  аралығын  алып  жатқан  өңірде  өмір  сүрген  қазақтың  бір  тайпа  елінің  Маңғыстаудың  қырындағы  Берекелі  Бейнеу  өңіріне  шоғырланғаны  анық.  Әлемдегі  бәсекеге  қабілетті    елу  елдің  қатарына  қосылуға  бет  түзеген  ұлы  көшке  керуен  қосқан  Бейнеу  ауданының  мерейі  биік,  мәртебесі  ақақ.

2 – ж:  Бейнеу  ауданының  іргетасы  1963  жылы  теміржолдың  салынуына  байланысты  қалана  бастаған.  1973 жылдан  бері  аудан  орталығы  болып  келеді.  Бұл  жерде  көне  ғасырға  жататын  ескі   қамалдардың   орны  бар.  Кейінірек  бұл  жерді  Бейнеу  Намазұлы  мекендеген.  Бейнеу  Намазұлы  тарихта  болған  тұлға. 18 ғасырдың  басында  өмір  сүрген.     Бекет  Атадан  жас  үлкендігі  бар.  Өзара  ыйлас  болған. Ол  мекен  еткен  жер  Күйкенге  таяу, Қазір Ескі Бейнеу  деп аталады.

  1. 8 «А» сыныбы – Маңғыбаева  Гүлдана – Бейнеу – Өз шығармашылығы

1 – ж:  Бекет Атаның  жер  асты  мешіті  де  осында.  Бейнеу  Намазұлы  іргесін  салған  бұл  елді мекен  үлкен  көш  жолында  орналасқандықтан   осы  аймақ  халқының  әлеуметтік  өмірінде  үлкен  маңызы болды. Ер  атауы – Бейнеу  есімі  - Жер  атауына  айналды. Бейнеу  өңірінің  қадір – қасиетінің  артып,  киелі  мекенге  айналуы да  осы  мешіттің  арқасы.

2 – ж: Бұл  өлкеге  жолы  түсіп  келген  адам  қасиетті  Атаның  мешітіне  ат басын  тіреп,  құлшылық  етіп  сыйынып,  арман мақсатының жүзеге  асуын  тілеп,  жалынбай, жалбарынбай  кетпейді.   Жалбарынып  тіледім,

Ар намысым, сән  кием,

Жар бола  көр  бір өзің,

Бекет Ата – әулием.

  1. 8 «А» сынып  - Еркаева Майра – Бейнеу – Р. Қосбармақов

1 – ж:  Мақат – Маңғыстау, Бейнеу – Қоңырат  теміржолдары   ел мен  елді  жалғастыратын  күре  тамырға  айналды.  Бейнеу  станциясының  бағы  жанып,  тоғыз  жолдың  торабы, Орта  Азияға  шығатын  Қазақстанның  қақпасы  атанды.

Жүректерді  елжіреткен  жыры  бар,

Тыңдағанды  тамсандырар  сыры  бар.

Қасиетті  Бекет  ердің  жыр  елін,

Адал  жандар  айтқызбай  ақ  ұғынар.

Көк  байрағым  тұрсын  мәңгі  көгімде

Оты   өшпесін  еркіндіктің өмірде

Шаттық  пенен  шабыт   тасып  көңілде

Той  тарқамас,

Берекелі  Бейнеуімнің  жерінде.....

  1. Ән: «Бейнеу» - орындайтын – Маңғыбаева  Гүлдана  және  Омарова  Марта

2 – ж:  Осымен  біздің «Әулиелер мекені - Маңғыcтау» атты  әдеби  азды  кешіміз  өз  мәресіне  жетті.  Бекет атаның  едік  ұстанымдарды  ұлықтайтын  ізгілікті  өиеттері  әрдайым  халықтың  рухани  қажетіне  жарай  берсін.   Жаратушы  жар  болып,  Бекет Ата  рухы  қолдап, қорғап  жүре  берсін! 

Маңғыстау  облысы, Бейнеу  ауданы

Кітапхана меңгерушісі, Сармысова  Гүлзира


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Малта Ілияс Жансүгіров
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Маңғыстау
Маңғыстау мақтаныштары
“МАҢҒЫСТАУ ҚАЙТАЛАНБАС ТАБИҒАТ ӨЛКЕСІ”
Асыл қазынаға тұнған жер.
Наурыз–Думан
Туған жерім - тұнған шежіре
Интернат қоймасы
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 9695 | Қосты: Сармысова Гулзира Есентемиркызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык