Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жануарлардың көктемгі тіршілігі.


Жануарлардың көктемгі тіршілігі.

Жануарлардың көктемгі  тіршілігі.

Оқушылар санасына көктемнің жануарлар тіршілігіне өте елеулі өзгерістер әкелетіні туралы түсінік,ұғым қалыптастыру үшін олардың ойлау қабілетіні туралы түсінік,ұғым қалыптастыру үшін олардың ойлау қабілетін дамыта отырып біліктілігін,дағдыларын арттыру қажет.

Осы мақсатта өткізілгенбұл сабақтың көрнекілігі:жануарлардың суреттері,интерактивті  тақта,ойыншықтар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушыларды түгелдеп,эстетикалық  талапқа сай отырғызу.

ІІ.Үй тапсырмаларын тексеру.Үйге берілген «Құстар қалай қыстайды?»тақырыбы бойынша  сұрақтар қойып,жауап алу.

ІІІ.Жаңа сабақ.

 

Қыс

Жыл мезгілдері

          Күз

А)Тірек сызба арқылы ұйымдастыру.

Көктем

     Жаз

 

Ә)Мұғалімнің кіріспе түсінігі.

Көктем -ұйқыға кеткен жануарлардың оянатын кезеңі.Көктемде күн көзі ауаны жылыта бастайды.Күн жоғары көтерілген сайын жылылық молая  түседі.Осы жылынудан  топырақ жібіп,қар еріп,жылғалардан су ағады.Ауаның жылынуы,топырақтың жібуі жануарларға әсерін тигізеді.

Табиғат

Тірі табиғат

Өлі табиғат

 

Адам  Өсімдік      Жануар                          Тау     Ай       Тас     Көл Өзен   Күн

Б)Полиглот.Аңдардың атауы:

Аю-медведь

Қоян-Заяц

Қасқыр-Волк

В)Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар оқулықтан аю жайында мәтінді оқып,түсініктерін айтады.

Суретпен жұмыс.Тақтаға аюдың суреттері ілініп,аюдың тіршілігі жайлы қысқаша әңгімелеп береді.Сәуірдің ортасында аюлар кішкене қонжықтарын ертіп апаннан шығады.Бұл кезде  өте жүдеп,ашығып қалған аюға кез келген тамақ керек болады.Өткен жылдан қалған жемістерді,жаңа оянған  құмырсқаларды,топырақ арасынан кейбір өсімдіктердің жуашығы  мен тамырларын қазып жейді.Аюдың қонжығы анасының маңында 1-2  жылға дейін болады.

Г)Сергіту сәті.

Ойнап күліп аламыз.

Оқып білім аламыз.

Сөзжұмбақтар шешеміз.

Жетілсін деп санамыз.

Д)Слайд арқылы түсіндіру.

Е)Түсініктеме беру.

Көктемде жануарлардың төлдеуі басталады.Жануарлардың көбінің қалың ескі жүні түсіп,орнына жұқа жаңа жүн шығады.Мұны “түлеу”  дейді.

Ж)Мәтінмен жұмыс.

“Құралай желі” тақырыбын оқушыларға дауыстап оқып беріп,тақырып мазмұнын баяндап әңгімелеу.

Киіктің лағы  өте әдемі,көзі мөлдіреген қап-қара болады.Сондықтан,әдемі қыздарды құралайға теңейді.

З)Сөздің қорын молайту.

Тірек сөздер беріп,сөйлем құрату:түлейді,оянады,пайдалы,болады,күшіктері.

Жабайы аңдардың төлдерінің  атауы.

Қасқырдың баласы-бөлтірік

Түлкінің баласы-күшік

Аюдың баласы-қонжық

Бұғының баласы-бұзауқа

Қоянның баласы-көжек

К)Еркін сөйлетуге жаттықтырып,қай үй жануарларын қалай шақыратынын да түсіндіреді.

Төлдерді шақыру

Қой баласы,қоңырым,

Тәртіп бұсбас момыным,

Шопан ата түлегі,

Қошақаным қайдасың?

Пұшайт!Пұшайт!

Жүнін тарасаң бақырған,

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар,

Шөретайым қайдасың?

Шөре!Шөре!

 

 

Жолға шықсам көлігім,

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар ата өсірген,

Құла атым менің ,қаййдасың?

Құрау!Құрау!

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Ойсыл қара баласы,

Ботақаным қайдасың?

Көс!Көс!

IV.Қорытынды.Біз бүгін не туралы білдік?

V.Үйге малды күтіп-бағудағы адамның көктемгі еңбегі туралы суреттерді қарап,әңгіме дайындау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жабайы аңдар.
Құстардың көктемгі тіршілігі.
Жануарлардың қысқы мекені.
Жабайы аңдар
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі.
Аңдардың жазғы тіршілігі
Үй жануарлары.
Жан – жануарлар және олардың төлдері
Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы
Көктемгі табиғат
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10320 | Қосты: Өсербаева Лесхан | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык