|
|
С.Шаумаханов «Ағаш ек»
Тақырыбы: С.Шаумаханов «Ағаш ек»
Мақсаты: 1.Мәтін мазмұнын түсініп,идеясын ашу арқылы балаларды дүниежүзілік мәселелер жайлы сөзге тарту.
2.Дүниетану пәнімен байланыстыра отырып оқушылардың жан-жақты танымын кеңейтіп,білуге құштарлығын арттыру,дамыту.
3.Отан мен туған жер,табиғат ұғымдарының бірлігін жасампаз адамзат істері арқылы түсінуге мүмкіндік беру.Экологиялық мәселе шешімін іздеуге талпыныс арқылы оқу,жазу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі: тақта,бор,қосымша материалдар, плакат,маркер.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,ассоциация,топпен жұмыс,РАФТ әдісі (рөлге ену),сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
Ә) үй тапсырмасын сұрау,бағалау. Қадыр Мырза –Әли «Бірінші рет балға ұстаған балаға» мәнерлеп оқу.
Б)Жаңа сабақ: Психологиялық дайындық: Жел еседі,жел еседі,
Тербеледі ағаштар.
Біз айтамыз «тыныш-тыныш»
Биіктесін ағаштар!
1.Қызығушылығын ояту:
Көнеден қалған мынадай сөз бар екен:
Адам өз өмірінде 3 нәрсе жасау керек: ол-үй салу,ағаш егу,бала тәрбиелеп өсіру.Олай болса С.Шаумахановтың «Ағаш ек» мәтінін оқып,түсінеміз.
2.-Балалар,биылғы көктемдерің құтты болсын! Көктемнің белгілерін айтып жіберіңдерші:
құстар ұшып келеді құстар сайрайды
жасыл шөп
к
кк
күннің жылуы
ағаштың бүршік жаруы
-Көктемгі қандай еңбек түрлерін білесің? (егін егу,жер жырту,ағаш отырғызу,мал төлдету,жер жырту т.с.с)
3.-Ал ағаштар туралы не білеміз? Ағаштың адамзатқа тигізетін қандай пайдасы бар?Саралап көрейікші:
демаламыз
ауаны тазартады
топырақты қорғайды
АҒАШ кондиционер
Жеміс береді
Отын
Құрылыс материалы
Үй мүліктерін жасайды
Қағаз,дәптер
Құстардың, жан-жануарлардың мекені
Көрік береді
-Ағаш пайдалы екен,отын керек болса,не үй салатын болсақ орманға барып кесіп ала береміз бе?
-Қазақстанда қандай ормандар мен бақтар бар?
-Ормандарды,жалпы табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар істеліп жатыр?(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
4.Топпен жұмыс:
1-топ: Қазақстандағы ұлттық бақтарды тізіп жазыңдар.
2-топ:Қазақстандағы қорықтарды жазыңдар.
3-топ:Өздерің білетін ағаш түрлеріне топтастыру жасаңдар.
5.Мағынаны тану:
Мәтінді тізбектей оқу арқылы түсіну,мазмұнын игеру.
6.Дәптармен жұмыс:
1-топ: Тегінде бір нәрсеге бас ию керек болса,онда осы ағаштарға бас иіп,тәжім ету керек.Адам өз өміріне қажеттің бәрін осы ағаштан алады.
2-топ:Топырақ орманы болғанда ғана Отанға айналады.
3-топ:Артыңда мал қалғанша ,тал қалсын.
Әр топ өздеріне берілген асыл сөздердің мән-мағынасын ашып ,түсіндіреді.
7.Сабақты қорытындылау :
1-топ:Ауладағы ағаш не деп сыбдырлайды? деген тақырыпта мысал жазу (рөлге ену)
2-топ:Биылғы көктемге ағаш егу жоспарын құрыңдар.
3-топ:Ағаштарды қорғау заңын құрастырыңдар.
8.Үйге тапсырма:Мәтінді түсініп оқып келу.5 жолды өлең құрап келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |