Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көлік түрлері


Көлік түрлері

Көлік түрлері

Тақырыбы: Көлік түрлері

Мақсаты: Балалардың көлік туралы түсініктерін бекіту, тиянақтау.

                 Балалардың қызығушылықтарын  дамыту.

                 Жол ережелерін сақтауға  тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: Көліктердің түрлері, жер, су, әуе, желкен, кабина, желкен таяғы, терезе

                              дөңғалақ, т.б.

Қолданылатын құралдар: Үнтаспа, көліктер түрлерінің суреттері, айыншықтар : кеме,

                           ұшақ, автобус; бағдаршам және оның белгілері, сыйлықтар.

Балаларға арналған құралдар: карточкалар, қарындаш, қалам салғыш, тәрелке,

                          бағдаршам, билет түрлері, аяқталмаған суреттер;  

Алдын- ала жұмыс: Балалармен көліктер мен саяхат сюжетті рөлдік ойынын ойнау, жол

                          Белгілері жайлы д/о, тақпақтар қайталау.

 

                                Іс - әрекет

кезеңдері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың әрекеттері

Мотивизациялық- қозғаушылық

 Балалар қарандаршы бүгін бізге ДЫМБІЛМЕС  келіпті. Кәне, барлығымыз амандасайықшы!

Ал, сіз бізге сонау жақтан қалай жеттіңіз?

(Дымбілмес өзінің қандай көліктер арқылы жеткенің жұмбақ арқылы жасырып айтады.Шешімдерін табу арқылы бүгінгі тақырыпты ашамыз.)

Балалар амандасады.

 

 

Олар жауабын табуға тырысады.

Ұйымдастыру -ізденушілік

    Балалар кейіннен қонаққа өздерінің көліктер жайлы жаттаған тақпақтарын айтады.

         Ұшақ                                      Кеме

Бұлттар менен көктегі,   Теңізді жүздім балықтай,

Мен боламын туысқан.   Дүниені кездім жалықпай

Озып шығам құстарды,   Көліктердің бір түрі,

Қанат қақпай ұшамын.    Мен боламын қайықтай.

 

              Машина

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.

 

  Осыдан кейін Дымбілмеске көліктер жайлы түсінігін бекіту үшін дидактикалық ойындарды ойнауға кірісеміз.

1)  Д/о: «Жер, су, әуе» Балаларға көлік түрлері көрсетіледі, ал олар оны классификациясын карточка арқылы көрсетеді.

 

2)  Д/о: «Не артық?» Балалардың алдына үш сурет қойылады. Ал, балалар оның ішінен артық затты алып тастайды.

 (ұшақ, зымыран, жүк машина)

 

3) Д/о: «Өз көлігіне отыр!» Балаларға таратылған билеттер бойынша балалар өзінің көліктеріне отырады. (Музыка әуені арқылы) Кейіннен, көліктердің орындары ауысып, өз орындарын табады.

 

4) Д/о: «Көлікті аяқта» Балалар көліктердің жетіспейтін бөліктерін салады, атап береді.

 

5) Д/о: «Бағдаршамның белгілерін ата»

 Балалар Дымбілместің қоржынындағы белгілердің мағыналарын түсіндіреді. Бағдаршам жайлы тақпақтарын айтады:

 

         Бағдаршам

 Ашса кезек үш көзін,

 Айты деп үш сөзін:

 Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

 Жүрме жолға таласып.

 

6) «Шындық, жалған» Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оны бағдаршам арқылы дұрыс, дұрыс еместігін айтады.

Балалар өздерінің тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер, су, әуе суреттерін көтеріп отырады.

 Артық көлікті алып, неге екенің түсіндіреді.

Барлық балалар қатысып, шапшан орындауға тырысады.

 

Қарындашпен өз беттерінше орындайды.

 

Тек, қол көтеріп, толық жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам көздері арқылы балалар анықтап, көрсетеді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Балалар енді Дымбілмеске өзіміздің сабаққа қатысқанымызды бағдаршам арқылы бағалауды үйретеміз. Қызыл – сабаққа қатыспадым,

                  Сары – сәл ғана ат салыстым,

                   Жасыл – сабаққа өте жақсы қатыстым.

Соңында Дымбілмес, жүк машинасының ішінде тұрған сыйлықтарын береді.

 

Сыйлықты алғасын, өз ризашылықтарын айтып, қоштасыды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Технологиялық карта
Бағдаршам.
«Бағдаршам»
«Бағдаршам және біз»
Автобус
« Мен көшеде келемін»
Көлік түрлері.
Абайлаңыз бағдаршам
Сақ бол¸балдырған!
Жол ережесін білесің бе?
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 7852 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык