Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сын есім



Сын есім.

Сабақтың тақырыбы:

Сын есім

Қарсы мәндес сын есім

Сабақтың мақсаты:

Сын есім туралы түсініктерін бекіту, еске түсіру; сын есімдерді мағынасына қарай топтай білуді үйрету.

Оқушылардың ойлау, есте сақтау,

шығармашылық қабілеттерін,  сөйлеу тілін дамыту.

   Сабақ барысында  ана тілін құрметтеуге, сөздік  қорын молайтуға,  сауатты  жазуға,  білімділікке тәрбиелеу.

Оқушыларға мағынасы қарама-қарсы сын есімдер туралы түсінік беру, сын  есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру.

   Оқушылардың ойлау, есте сақтау,

шығармашылық қабілеттерін,  сөйлеу тілін дамыту.

   Сабақ барысында  ана тілін құрметтеуге, сөздік  қорын молайтуға,  сауатты  жазуға,  білімділікке тәрбиелеу.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Топтастыру», «Кубизм», «Бес жолды өлең» стратегиялары.

     ой қозғау, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, талдау.

                       Көрнекілігі:  слайд, суреттер, карточкалар

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

 Қызығушылығын арттыру.

 Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топтың ортасына бір зат қойылады. Сол затқа жан-жақты сипаттама беру тапсырылады. Алдымен топ мүшелері өздері жеке жазып, сосын ортақ бір тізім жасайды.

Осы тізім төмендегідей үлгіде топтастырылады.

      Мысалы:                                                    көлемі

                                                                    жіңішке, ұзын ...

                                             түсі              Қарындаш        сапасы

                                       қазыл, сары ..                             қатты, мықты ...

 

 

 

Осылай талдау арқылы сын есім туралы алған біліміне қойылатын сұрақтарды еске түсіреді, мысал келтіреді. «Сын» деген сөздің мағынасын қалай түсінетіндері анықталады.

    

 

Мағынаны тану кезеңі

 

 

Ережені бірнеше рет оқыту.

Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.

 

Құрамына қарай  түрлері

Сын есім

 

       
   
 
 

 

 

 

негізгі                        туынды             дара              күрделі

Мысалдар  келтіру:

Қара шалбар, таза дәптер (негізгі сын есім)

Кешкі ауа, өнерлі жігіт, көшпелі ел (туынды сын есім)                                                            

Көк, көкшіл, көкпеңбек (дара сын есім)

Көк ала, қара ала (күрделі сын есім)

 

 

Жаңа сабақ.

                             Сын есім.                                                        Қарсы мәндес сын есім.

Дәптерге күнің жазады. Көркем жазу.

  Қараңғы, суық, үлкен, ұзын, биік, жалпақ,  қоңыр, сұр, әдемі, тамаша, қырлы, ауыр.                            

Осы жазылған сөздерге қарсы-мәндес сын  есімдер  айтайық.

 

  Ойын:   ,, Жұбын тап, толықтыр ,,

ірі-                            жұмсақ  –

  тұщы                             -   ылғал

оңай -                               жуан  -

Қандай қорытынды жасауға болады?

Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.

 

 

Сергіту сәті.

АКТ-ны пайдалану.

 

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы 1-жаттығудағы сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қояды.

2- жаттығу.

 

3-жаттығуда да осындай тапсырмалар орындалады.

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорыту.

«Кубизм» стратегиясы қолданылады.

Сын есімдердің кез келген затпен тіркесе бермейтінін мысалдар келтіріледі. Мысалы, тұщы су. Ал тұщы көше деуге болмайды.

Әр бетіне тапсырмалар жазылған текшені топтың ортасына тастағанда, қай бетіндегі тапсырма түссе, сол тапсырманы орындайды.

1-                                               тапсырма.   Сын есім дегеніміз не?

2-                                      тапсырма.  Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалдар келтір.

3-                                      тапсырма. Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетеді?

4-                                      тапсырма. Сын есім қандай сөз табымен байланыстырылып айтылады?

5-                                    тапсырма.   Сын есімді кез келген затпен байланыстыруға бола ма? Мысалдар келтір.

 

Ой толғаныс.

«Бес жолды өлең» жазу.

Зат есім (1) Қоян

Сын есім (2) Қорқақ, ақ

Етістік (3) Жүгіреді, қоректенеді,секіреді.

Сезімді білдіретін (4). Қоян саққұлақ, қорқақ жануар.

Синоним. аң

Әр топқа арналып түрлі зат есім таңдалып алынады.

Бағалау.

Үйге 5-жаттығу. Ереже жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жаттығу. Екі мәтінді салыстыр. Мағынасы бойынша қарама-қарсы сын есімдерді зат есімдермен бірге көшіріп жаз.

Суық жел, ауыр бұлт, қатты дауыс, жылы жел, жеңіл бұлт, әлсіз дауыс.

  1. Жаттығу.Көп нүктенің орнына мағынасы сәйкес сые есімдерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
  2. Жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Қарсы мәндес сын есімнің астын сыз.

 

 

 

 

 

 

Сабақты қорыту.

 

Ойын   «Жалғастыр»  Мақалдың жалғасын табу.

Қарсы мәндес сын есімдері бар мақалдар айтып жарысу.

1. Аз сөз – алтын,

... сөз – көмір.

 

2. Көргенді кісі көргенін айтар,

...              кісі бергенін айтар.

 

3. ...     дос келгенде,

Ескі достың көзінен жас шығар.

 

4. Адал еңбек елге жеткізер,

 ...  қулық елден кеткізер.

 

5. Жақсы қойшының төлі түлеп туады,

...   қойшының төлі жүдеп туады.

 

6. Білім арзан, білу... .

 

7.  Үлкен кісі бастар, ...кісі қостар.

8. Жақсы бала – қуаныш, ...  бала – өкініш.

9...  бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.

Сын есімдерді тап. Олардың мағынасына назар аудар. 

Ой толғаныс:

Шығармашылық тапсырма.

 

           «Жоғалған сөз» ойыны.

 Ең  ... де - .тіл.

Ең  ...    да – тіл.

Ең  ...   да - тіл.

Ең  ...  та -тіл.

 

Сонымен, біз бүгін не туралы айттық?

Қарсы мәндес сын есім деген не?

Сұрақ – жауап арқылы оқушының білімін бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау.

Үйге тапсырма: 4-5-жаттығу. Ереже  жаттау

                     

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Дара және күрделі сын есім.
Қарсы мәндес сын есім
Сын есім және оның анықтамасы
Сын есім
Сын есім
Зат есім
Сын есім
Сын есім
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сан есім
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4716 | Қосты: Ахметова Зүлфия Аманжолқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык