Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұқсасын тап


Ұқсасын тап

   Ұқсасын тап

Тақырыбы:             Ұқсасын тап

Мақсаты: Балаларды әр түрлі пішіндерді, түстерді, ажыратуға үйрету. Көру, есту сақтау қабілеттерін, аңғарымпаздығын дамыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: Пішіндер, құлып және кілт суреттері.

 

Әдіс – тәсіл: сұрақ – жауап, көрсету, ойын, жеке жұмыс.

 

Билингвизм: Самолет, замок.

 

Барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

 

Шаттық шеңбері: Қосыл, қосыл шеңберге

                               Нағыз адал дос болып.

                               Қосыл, қосыл шеңберге

                               Ең сенімді дос болып.

 

Бүгінгі ауа – райы туралы және күз мезгілі туралы балалармен шағын әңгіме жүргізіледі. Балалар күз туралы тақпақтар айтады.

 

Тосын сәт: Топ бөлмеге ұшық ұшып келеді. Балалар тәрбиешімен бірге ұшықты қарап тамашалайды.

  • Бізге не ұшып келді? (Ұшақ)
  • Ұшақты біз орысша айтсақ САМОЛЕТ-деп айтамыз. Қалай айтылады? (самолет)
  • Мына ұшақ қандай пішінге ұқсайды? (үшбұрыш)

Тәрбиеші ұшақ ішінен хат тауып алады. Балалармен хатты ашып қарап: - Мына хат ішінде не бар екен балалар? Мынау не?

  • Құлыптар.
  • Дұрыс құлып, олар бізге неге керек?
  • Үйдің есігін жабуға.
  • Балалар құлыпты орысша замок дейді. Орысша қалай айтылады?
  • Замок.

Тәрбиеші балаларға – замок – сөзін бірнеше рет қайталатады.

  • Құлыпты жабу үшін не керек?
  • Кілт.
  • Кілті жоқ екен, осы топтан іздеп көрейікші.

Тәрбиеші балалармен бірге стол үстінде тұрған кілттерді тауып алады.

-     Енді балалар қай кілт қай құлыптыкі екенін біздер табайық.

Тәрбиеші құлыптарды тақтаға орналастырады. Балалар бір бірден келіп құлыптағы және кілттегі пішіндер суреті арқылы құлып пен кілттің сәйкесін тауып орналастырады.

- Мына құлыптың ортасында үшбұрыштың суреті бар, мына кілттің ортасында үшбұрыш бар ол мына құлыптікі.

Балалар осы әдіспен барлық құлыптың кілтін табады.

  • Кілт нешеу? Құлып нешеу?
  • Құлыпта, кілтте үшеу, барлығы бірдей.

 

Сергіту сәті:    Бойыңды сергек ұста,

                           Емін еркін тыныста.

                          Деміңді ішке тез алда,

                          Сол қолыңды соз алға.

                          Қол ұшына қарады,

                          Үш бұрыш сыз ауады.

                         Оң қолда бос тұрмасын,

                         Дөңгелек сызып зырласын.

                         Екі қолды қосайық

                         Төрт бұрышты сызайық.

 

Тәрбиеші балаларға стол үстіндегі жатқан геометриялық пішіндерден үйшік құрастыруға тапсырма береді. Балалар үйшікті қандай пішіннен құрастырғанын айтып береді.

 

Дидактикалық ойын: Ұқсасын тап.

 

Тәрбиеші қолына геометриялық пішінді ұстап тұрып:

  • Осы бөлмеде мына пішінге ұқсас қандай заттар бар? (төртбұрыш)
  • Терезе, есік, теледидар...
  • Үш бұрышқа ұқсайтын үй шатыры, кубиктер, ұшақ...
  • Домалақ доп бар, шар, күн...

 

Қорытынды: Тәрбиеші балалардан топқа не ұшып келгенін сұрайды. Ол не алып келді? Пішіннен не құрастырдық? Белсенді қатысқан балаларды атап, мадақтайды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әжемнің көрпешесі
«Кірпіге дос табайық».
Сиқырлы жолдар.
«Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»
«Ұқсасын тап »
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Фигуралар
Б б дыбысы мен әрпі
Әртүрлі дөңгелектер
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4410 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык