Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»


«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»

«1,2,3,4,5  цифрлары  туралы  өткенді  пысықтау»

Тақырыбы: «1,2,3,4,5  цифрлары  туралы  өткенді  пысықтау»


Мақсаты:

а)  1- ден  5 – ке  дейінгі  сандар  туралы  өткенді  пысықтау;

ә)  геометриялық  фигураларды  табу  қабілетін  дамыту;

б)  логикалық  тапсырмаларды  шешуді  үйрету;

 

Мотивациялық  -  қозғаушылық:   Амандасу
Қуан,  шаттан!  Алақай!

Қуанатын  күн  келді!

Қайырлы  таң,

Қайырлы күн.

Күліп  шықты  күн  бүгін.

 

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы: 

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар!  Балалар,  бүгін  біз үшін ерекше сабақ.  Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар қазыр  жылдың  қай  мезгілі?
- Көктем.

- Көктем  мезгілінде  неше  ай  бар?

- 3 ай

- Наурыз,  сәуір,  мамыр.

 

Қызықты сәт.
Жүгіріп  қоян  кіреді.  Қолында  сыйлығы  бар.

Қоян:  Сәлематсыздар ма!  Балалар.

Тәрбиеші:  Сәлематсыз   ба  қоян,  көңілдісің  ғой?

Қоян: Ия  балалар  бүгін менің  туған  күнім,  маған  қасқыр  сыйлық  берді.

Тәрбиеші:  Сыйлығыңды  бізге  көрсетесің   бе?  Қасқыр  саған  не  сыйлады  екен? 

Қоян:  Білмедім?  Ендеше  сыйлықты  бірге  ашып  көрейік. 

Қоян:  Ой  балалар  мына  қораптың  ішінде  дым  жақ  қой!  Сонда  мені  қасқыр  алдағаны  ма?

Тәрбиеші:  Қоян  тоқта  ренжіме  қораптың   ішінде  хат  жатыр.  Хатты  ашып  көрейік.

Тірбиеші:   Қоян  қасқыр  саған  тапсырмалар  беріпті  сол  тапсырманы  орындасаң   сыйлығыңды  табасың  депті.   

Қоян:  Қандай  тапсырма?

Тәрбиеші:  Тапсырма  математика  сабағына  байланысты  екен.

Қоян:  Ооооой,   балалар  тапсырманы орындауға  маған  көмектесесіңдер  ме?

Тәрбиеші:  Балалар  қоянға  көмектесеміз  бе?

1  тапсырма:  «Сан  қатары»

Балаларға   жеке  карточкалар  таратылып  беріледі.

0....2....4               .....1.....3.....5

5....3....1....           .....4.....2.....0

 

2 - тапсырма:   «Қай  пішінге   ұқсас?»

Жеке   карточкаларда  заттардың  суреттері   беріледі.  Жанындағы  бос  төркөзге  қай  пішінге  ұқсас  екенін   салып  көрсетеді.

 

3 - тапсырма:

Екі  қаз  ұшып  барады,

Биіктен  төмен  қарады.

Аяқ  нешеу,  бас  нешеу?

Жауабын кім  табады?

 

Алма  бағы  жайнаған,

Қызыл  алма  айналам.

Алдым  үзіп  екеуін, 

Тағы  да  алдым  екеуін,

Алдым  сонда  нешеуін?

 

Сергіту сәті:

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым - папам,

Балаң үйрек - апам.

Ортан терек - ағам

Шылдыр шүмек -  мен

Титтей бөбек - сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

 

Тәрбиеші:  Міне,  балалар,   сабаққа  өте  жақсы  қатыстыңдар.   Қоянға  көп  көмек  көрсеттіңдер. Қасқырдың   тапсырмаларын  орындап  қоянның  сыйлығын  тауып  бердіңдер.  Өздеріңнің   ойларыңды,  тапқырлықтарыңды,  қиындықтан   қорықпайтындарыңды  көрсеттіңдер.  Жарайсыңдар  балалар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі- ертегі сыр шертеді.
Ертегі елінде
Сиқырлы жолдар.
«Ертегілер елінде»
«Заттың санын цифрмен сәйкестендіру»
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Қыс қызығы
5 санымен таныстыру
Саңырауқұлақ саясында
1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 2576 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык