Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мәшһүртану


Мәшһүртану

Мәшһүртану

Павлодар облысы

Лебяжі ауданы

Малыбай жалпы орта білім беру мектебі

Арнайы курс

Тақырыбы: «Мәшһүртану

5-сынып

Дайындаған : Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Темиргалиева Жанар Алтаевна

Түсінік хат

Бағдарламадағы тақырыптар сыныптың жас ерекшеліктеріне сай, ақынның жарық көрген еңбектерінен, соңғы кезде жарияланған шығармаларынан алынды. 5-сыныпта ақынның  «Ағайын», «Өнерпаз» өлеңдері, фольклоршының ел арасынан жинаған қазақ ауыз әдебиеті үлгілері мен нақыл өлеңдері, аңыздары еңгізілген

Бағдарламада шығармашылық жұмыстар үлгілері, мәнерлеп оқу, сайыстар қарастырылды.

Курс С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы жалпы орта білім беретін мектептердің 5-11-сынып оқушыларына дайындалған арнаулы курстың бағдарламасы негізінде жасалды (Павлодар. Кереку. 2009 ж.)   Құрастырушы Р.Т. Хайруллина, А.Қ. Тұрышев

Курстың мақсаты:

Ақын, фальклоршы, публицист, ауыз әдебиетін жинаушы, ғалым Мәшһүр –Жүсіп Көпеевтің өмірінен мағлұматтар ұсыну; Мектеп оқушылары  арасында   Мәшһүр –Жүсіп шығармаларын насихаттау;  Оқушыларды ақынның шығармаларына, ойшылдық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін қалыптастыру;  Жас ұрпақты  халқымыздың тарихымен, халық ауыз әдебиеті үлгілерімен, салт-дәстүрімен, дара тұлғалардың өнегелі   өмірімен таныстырып, ұлттық сана-сезімдерінің дамуына ықпал ету;

Курстың міндеттері:

-ақын өмірінен жан-жақты мәлімет беру;

-оқушыларды ізденіске баулу

-дәстүрден тыс сабақтарды қолдану;

-тақырып аясындағы шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың білім, білік, икем, дағды, машықтарын дамыту;

-ақын мұралары арқылы оқушылардың рухани жан-дүниесін жетілдіру, адамгаршілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Курстың өзектілігі:

Аталмыш курстың  аясында  оқушылар М-Ж. Көпеевтің өмірі, шығармашылығы, нақыл сөздері, ел аузынан жинаған ауыз әдебиеті мұралары жайында білімдерін нығайтады, біліктіліктерін ұштайды.

Білім мазмұны

М-Ж Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы. (2 сағат)

М-Ж Көпеевтің туған жері, ақынның балалық шағы, шығармашылығы туралы әңгімелеу.

Мақал-мәтелдер (1 сағат)

М-Ж Көпеевтің  тәлім-тәрбие, бірлік, ынтымақ, мейірімділік, достық тақырыбында ел аузынан жинаған мақал-мәтелдері

Мәшһүр Жүсіптің мысал еңбектері. (2 сағат)

 «Жарты нан» (1 сағат).

Адам баласының біреуге істеген жақсылығы, қайырымды істері, елге еткен қызметі жаратқанның жадынан тыс калмайтындығы

 «Тырна мен қасқыр» мысалы (1 сағат)

Адам бойында кездесетін намыссыздық, алауыздық, жалқаулық, жағымпаздық, қулық сияқты жағымсыз қасиеттерді сынай отырып, оған қорытынды жасап, қарапайым халыктың көзін ашып, жақсылыққы ұмтылдыру

Қазақ ауыз әдебиетін жинаушы. Ертегілер (5 сағат)

«Бес тиын бақыр және мысық» «Жеті жетім», «Әлем», «Соқыр, мылқау»

М-Ж. Көпеев «Ағайын» өлеңі (2 сағат)

М-Ж. Көпеевтің нақыл өлеңдері «Бес қымбат» (2 сағат)

«Сүлеймен мен ібіліс» (2 сағат)

Шығармашылық жұмыс (1сағат)

Қорытынды сабақ 

«Мәшһүртану» курсы

5-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар

Жалпы сағат саны-17

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Тақырыпқа қатысты оқушылардың ізденіс жұмысы, зерттеу нәтижелері мен қорытындысы

1

2

М-Ж. Көпеевтің өмірі, шығармашылығы

2

 

Көрме ұйымдастыру

3

Мақал-мәтелдер

1

 

«Кім көп мақал-мәтел біледі?» сайыс

4

 Мәшһүр Жүсіптің мысал еңбектері 

 «Жарты нан хикаясы»

1

 

Ойтолғау (ауызша)

5

«Тырна мен қасқыр»

 

1

 

Сурет салу

6

Қазақ ауыз әдебиетін жинаушы. Ертегілер

«Бес тиын бақыр және мысық»

1

 

 

Сөздікпен жұмыс

 

7

«Жеті жетім»

1

 

Ойтолғау жазу

 

8

«Әлем»

1

 

Мәнерлеп оқу

 

9

10

«Соқыр, мылқау»

2

 

Ақын өміріне, шығармашылығына қатысты  альбом әзірлеу

11

12

М-Ж. Көпеев «Ағайын» өлеңі

2

 

Басылым беттерінен ақын шығармашылығына қатысты деректерді топтастыру

13

14

М-Ж. Көпеевтің нақыл өлеңдері

«Бес қымбат»

2

 

 Суреттер көрмесі

15

Сүлеймен мен ібіліс

1

 

Сөзжұмбақ құрастыру

 

16

 

Шығарма жазу

1

 

Қосымша әдебиеттермен жұмыс

17

Қорытынды сабақ

1

 

Сайыс. «Мәшһүр ата мұрасынан не білеміз?»

Пайдаланған әдебиеттер

«Мәшһүртану» Жалпы білім беретін орта мектептердің 5-11 сынып оқушыларына дайындалған арнаулы курстың бағдарламасы

Павлодар. Кереку. 2009 ж.

2.Көпейұлы М-Ж «Қазақ шежіресі» Алматы: «Жалын» 1993 ж.

3.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. Павлодар. ЭКО «ҒӨФ», 2004 ж.

  1. Көпеев М-Ж «Жарты нан хикаясы» Қ.П. Жүсіп

5.Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 4 том. Павлодар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Мәшһүртану» курсына арналған ХРЕСТОМАТИЯ
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдері
Атамекен - алтын бесік
Туған әдебиет жанашыры
Жеті қазына
Ұлттық шешендік өнер
Ежелгі мұралар
Графтық жоспар 2013-2014
«Аты әлемге мәшһүр жазушы.Ілияс Есенберлин - 100 жыл»
«Аты әлемге мәшһүр жазушы.Ілияс Есенберлин - 100 жыл»
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 4041 | Қосты: Темиргалиева Жанар Алтаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык