Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Мәшһүртану» курсына арналған ХРЕСТОМАТИЯ


«Мәшһүртану» курсына арналған ХРЕСТОМАТИЯ

Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп

«Мәшһүртану» курсына арналған

ХРЕСТОМАТИЯ

5-сынып

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығында Р.Т. Хайруллина, А.Қ. Тұрышев құрастырған бағдарлама және оқулық хрестоматиясы негізіне сүйеніп жасалды. 

 Аталмыш хрестоматия жалпы білім беретін мектептің 5-ші сынып оқушыларына 5-ші сыныпта арнаулы курсқа бір жылда 17 сағат белгіленген. М-Ж.Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат орын алды. Бағдарлама бойынша ақынның ел аузынан жинаған ертегілері, мысал өлеңдері енгізілді. Сол сияқты мақал-мәтелдер,  аңыз әңгімелері сыныптың жас ерекшелігіне сай еңбектер ретінде орын алды.   

Жалпы орта білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған

Құрастырушы: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Темиргалиева Ж.А. 

1.М-Ж. Көпеевтің өмірі, шығармашылығы.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) - көрнекті ақын, публицист, этнограф, ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Ақын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы өңірінде туып-өскен. Ақынның 3 жасында «Тауық жұты» деген жұт болып, бар малынан айрылып, бір ат, бір сиырмен ғана қалған әкесі Көпей: «Дүние жолдас емес, ғылым, білім жолдас» дегеншешімге келіп, баласын оқыту үшін Баянауылға көшіп келеді. Сол кезде аға сұлтан болған Мұса Шорманов Баянауылға медресе салдырды. «Бес жаста «бісмілла» деп жаздым хатты, бұл тағдыр жастай маған тиді қатты» деп ақынның өзі айтқандай, 5 жасынан бастап-ақ молдадан хат таныған, ол 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің медресесінде дәріс алады, молда бір ғана дін сабағын емес, араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына дейін тәптіштеп түсіндіреді. Арабтың, парсының тілін үйретеді. Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар болып өседі, одан кейін Бұхарада оқиды. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып,  халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен. Ақырында 8 жастан 9-ға аяқ басқанда, әдебиет пен тарихтан жатқа айтқан сөздеріне сүйсінген Мұса Шорманов (1818-1884) баланың әкесіне мынадай сөздер айтады: «Сопы, мұнан былай мына баланың бас киіміне үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен! - дейді. Содан былай қарай бұрынғы «Жүсіп» деген атына «Мәшһүр» - деген ат қосылып айтыла бастайды». Жүсіп 5 жасынан ел ішінде өлеңші  бала атанады.  Қалың шаршы топтың арасында мүдірместен, нақышына келтіре отырып: «Қозы көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» лиро-эпостық, «Алпамыс», «Қобыланды», «Төрт жігіттің өлеңі», «Ер Тарғын» эпостық жырларын, «Мұхаммед пайғамбар», «Қисса анхазірет Расулдың Миғражға қонақ болғаны», «Бозторғай», «Қисса Зақұм», «Ғазауат Сұлтан», «Қисса Салсал», «Хикая Әбушаһыма» т.б. көптеген діни дастандарды да  мақамына салып жырлаған. Жүсіптің есімі алты алашқа кеңінен  тарала бастайды. Бұл сөз Мұса Шорманның да құлағына шалынады. – Мынау Мәшһүр болатын бала екен! – деп, ақынның бас киіміне үкі таққызады. Содан былай Жүсіп атына Мәшһүр аты қосылады. «Мәшһүр» арабтың сөзі танымал, белгілі – деген ұғымды береді.

Мәшһүр-Жүсіп:               Бес жаста «бісміллә» айтып жаздым хатты,

                                 Бұл дүние жастай маған тиді қатты.

                                 Сегізден тоғызға аяқ басқан күнде,

                                 Мұса еді қосақтаған «Мәшһүр» атты

–  деп жырлаған еді.

Медреседе оқып жүрген кезінде ол балалардың алды болып, 15 жасынан өлең жаза бастаған. Ол туралы ақынның өзі:                                   «Жабысты маған өлең он бес жаста,

     Жұрт айтты: «Не қыласың» - деді баста.

Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,

    Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.

                                                          Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша,

Он бесте шабыттандым жүйрік атша.

   Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,

                                                          Кеудеме өлең толды сызған хатша»

– деген жыр жолдарына қарағанда оның ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасында басталған.1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады.

           Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады. 1887-1890 жылдары Орта Азияны аралап, Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұхара қалаларында болды. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысқан. Ол осы жылдары түрколог-ғалым В. Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, бастыру ісімен айналысты. Жар-жар, аужар, бата, ұлағатты сөздер, ертегі, аңыздар, діни қиссаларды жинап, жариялады. Сонымен бірге «Гүлшат - Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы» сияқты Шығыс дастандары үлгісін және бірнеше тарихи жырларды жинап, хаттады. «Көроғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр» жыр-дастандары мен Бұқар жырау,

Шортанбай, Орынбай, Шөже, Жанақ, Сақау секілді ақын-жыраулардың әдеби асыл мұраларын хатқа түсірді. Бұқардан қалған сөз маржанын Мәшһүрге дейін хатқа тұтас түсіруші болмаған. еді. Мәшһүр Жүсіптің әлеуметтік көзқарасына 1905 жылғы бірінші орыс революциясы тұсындағы оқиғалар үлкен әсер етті. Ол 1907 жылы Қазан қаласында Хұсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқа кімдікі?», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады. Ақын бұл шығармаларында қазақ халқына бостандық, беру, елде мектеп-медреселер

ашу, жер мәселесі, сөз бостандығы сияқты өзекті ойлар толғайды. Мәшһүр Жүсіп халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін - дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды («Көрұғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б.) жинап, Бұқар жырау, Шортанбай, Шөже, т.б. ақын -жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдырды.

Мәшһүр Жүсіп көзі тірісінде, яғни 1930 жылы мәңгілік мекенін екі бөлмелі етіп салдырады. Өзі қадағалап, жөн-жоба сілтеп отырады. Төрдегі бөлмесіне өзін жерлеуді және ашық қоюды өсиет етеді. Қырық жылға дейін денесі сол қалпында сақталатындығын және жыл сайын жаз айында ақ дәкемен орап отыруды ескертеді. Сонан соң кіре беріс бөлмеге құранын, кітаптарын, ыдыс-аяқтарын, ер-тоқым, ат әбзелдерін, насыбай үккіші мен шақшасын, басқа да өзі тұтынған заттарын сақтауды аманаттайды. Мұнысы олай-бұлай жүрген жолаушылар пайдалансын дегені. Сахара қағидасы бойынша нәрселерді ұқыпты, таза, ретімен пайдалану ләзім.

Мәшһүр Жүсіп дүниеден озғанға дейін өзінің жылын өткізеді. Ол 1932 жылдың тақсіретке, қасіретке, қырғынға толы екендігін күні бұрын білген.

1946 жылы атақты жазушы Сәбит Мұқанов қабірдің ішіне түскен, тағзым еткен. 1952жылы Қазақстандағы безбүйрек, құзғын саясаттың зұлымдық әрекет-кесірінен Мәшһүр атаның қабірі, үйі қопарылып тасталған.

Мәшһүр Жүсіптің  балалық кезі

          Шоқтығы биік, дара тұлғаның бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Тек қана жастайынан сергек сезімді, зейінді болып, қанатты сөздердің қадірін түсіне білген Бұқар жырау, Төле би, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім сынды асыл жандар елінің ыстық ілтипатына, шексіз құрметіне бөленді. Олар өзгеше дүниенің есігін ашып, өркениеттілік пен болашақ ортасындағы көпірге ұқсап, көптің көкейіне қонар ой айта білді.

            Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы Баянаула және Қызылтау деген екі таудың етегіндегі «Ашамай тасы» деген жерінде қыста, 1858, «қой» жылында, арабша ай аты «ережеп» деген айда, жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге келді. Туғанда азан шақырып қойылған есімі – Адам Жүсіп. Мәшһүр-Жүсіп бала күнінде тұрмыстан көрген кемдіктерін, Қызылағаш, Бұзаутасқа қыстағандығын өлеңмен былай деп жазады:

«Жылым – қой, тауық жылы мен үш жаста,

Кәріплік (ғаріплік) бұл жалғанда біздің баста.

Қыстаған Қызылағаш, Бұзаутаста.

Баянтау қаласына болдым жатақ,

Емес қой «жатақ» -деген – сол жақсы атақ.

Атасы басқа румен ауылдас боп,

Әр түрлі кішкентайдан көрдік шатақ».

            Әкесі Көпжасар кедей болса да баласының оқып, көзі ашық азамат болғанын қалаған. Бұны біз Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының:

«Бір жерде жын бар десе оқу атты,

Жалма-жан даярлайды әкем атты» деген өлең жолдарынан да көре аламыз.

            Бес шақырым Қызылағашта қыстап отырып, Баянаулада бала оқытып жатқан Байжанұлы Нәжімеддин хазіретке Мәшһүрді оқытпақшы болып, қыстыгүні жолға шығады. Тәуекелге бел байлап шыққан әке Мәшһүр-Жүсіптің балалығына да қарамастан хазіреттің алдына келіп бірақ тоқтайды. Әрине Нәжімеддин хазірет те баланы сынап көрсе керек. Әйтпесе Көпжасардан басқа талай байлардың да балалары бар емес пе... Дегенмен де Мәішһүр-Жүсіпке көңілі түсіп, оқытуға келісімін бередің. Екі күн түнеп, үшінші күні Көпжасар үйіне қайтады. Кетерінде баласына: - Сен осы үйде қаласың, осы үйде жатып, оқу оқисың, - деп айтып, түсіндіріп кетеді.

            Балалық кездің ауырлығы мен жоқтықты Мәшһүр-Жүсіп біліммен жеңгендей болды. Оның 5-7 жас аралығындағы шәкірттік өмірін Иманғали Мәненұлы төмендегідей сипаттаған болатын: «Жас Мәшһүр күндіз сабақтан бас алмайды да, кешкісін ауыл сыртында жиналған адамдардың аяқ жағында отырып, әңгімелерін тыңдайтын. Құрбыластары ойынға кеткенде жалғыз қалып, кітаптан бас алмайтын. Зерек, зейінділігі мен ұққыш ұғымдылығының арқасында Мәшһүр-Жүсіп құрбы-құрдастарының көш алды болды. Хазірет алдында отырған балаларға: - Анау отырған Көпейдің бес жастағы баласы құрлы дәнеме ұқпайсыңдар!- деп ұрсатын. Ұстазының осы бір сөзі жүректеріне тиген соң таман бала далаға шыққан соң: «Осы –ақ бізге бір пәле болды, қарғадай қақылдап, сырнайдай тақылдап, білмейтіні жоқ, самардай қақсайды да отырады!»-деп, ұрысқаны ұрсып, ұрғаны ұрып, жекіп, нұқып, «ақ түйебас» аунатып, домалатып, қолдарынан келген мазақ, кележемдерін түгел көрсетеді. Кейде жылатып, кейде қинап...бес-алты жастың қызық шағын осылай басынан атқарады.

«Мәнді» оқыған жоқ менен басқа бала,

Араб, парсы өлеңін жатқа жана.

Самардай қақсағаным бар жазығым,

Үш жылдай жер аударды ата-ана.

Жас та болып көргем жоқ құнды, пұлды,

Бала біткен бәрі де менен оңды.

Талай елдің баласы тулақ қылған,

Қыс та болса үстімдегі қатқан тонды.

Аузы ашықтар аямай көп сабайды,

«Пейіліме өзімнің дөп сабайды».

«Сен сабақты аласың жылдам-жылдам,

Бізге молда ұрсады!»- деп сабайды.

Жазығым сол – зерекпін, «неген» емен,

Несие сөз жасымнан деген емен.

Сабақ білмей, болмаса ойын ойнап,

Мен таяқты молдадан жеген емен.

Ас келмейді алдыма толы аяқ,

Бес пен алты, алдыма толық аяқ,

Қайда басы құралған көп баладан,

Тойып жүрдім жеуменен күнде таяқ,- деп жазады.

Мәшһүр-Жүсіп бала жастан ұлт құндылықтарын асқан зеректікапен бойына дарытқан, нағыз құйма құлақтың өзі тін.

(Ә. Пазылов. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мұрасы – Наследие Машхур Жусупа Копеева, Екібастұз, 2010 жыл. – 174 бет).

            Сол сияқты Мәшһүр-Жүсіп Көпеев атасының мұрасына барлық ынта-жігерімен үлес қосып, зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып жүрген Әсет Қажымұқанұлы Пазыловтың  2004 жылы 12 мамырда «Взгляд на события» газетінде жариялаған «Жұмбақ жан» (Мәшһүр-Жүсіп туралы бір үзік сыр) мақаласынан үзінді беру де оқушылардың М-Ж.Көпеевтің өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін дамыта түсетіні сөзсіз.

 

М-Ж.Көпеевтің тәлім-тәрбие, бірлік, ынтымақ, мейірімділік, достық тақырыбында ел аузынан жинаған  мақал-мәтелдері

  1. Ағайынның азары болса да,

                Безері болмайды.

  1. Адамзатты сөз бұзады,

              Тау мен тасты жел бұзады.

  1. Адасқанның айыбы жоқ,

              Айналып үйірін тапқан соң.

  1. Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді,

              Құйма құлаққа айтсаң, құйып алады.

  1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

              Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

  1. Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,

               Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без.

  1. Батаменен ер көгереді,

               Жаңбырменен жер көгереді.

  1. Дос жылатып айтады,

                 Дұшпан күлдіріп айтады.

  1. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
  2. Ерте тұрғанның – ырысы артық.
  3. Жақсы әйел жаман еркектің басын хан қылады,

                  Жаман әйел жақсы еркектің басын даң қылады.

  1. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

                Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.

  1. Күлме досыңа, келер басыңа.
  2. Қызың өссе, қылықтымен ауыл бол,

                   Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол.

  1. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
  2. Сабыр түбі – сары алтын.
  3. Талапты ерге нұр жауар.

 

          «Жарты нан хикаясы»                   

Ақынның «Жарты нан хикаясы» деп аталатын туындысы көркемдігімен де, көтеретін өзіндік идеясының терендігімен де өзгеше дүние. Адам баласын құртатын кұрғыр нәпсі ғой, бір адам жолда келе жатып бір сандык тауып алады, ашса ішінен айдаһар шығады, ол сандық болмай оған бәле болып жабысады. Сонда ойламаған жерден отыз адам кездеседі, олар  жабылып айдаһарға түк істей алмайды. Бұлардың да колынан ештеңе келмейді, енді не істеймін, бұл айдаһардан қалай құтыламын деп әбіржіп тұрғанда құдайдың құдіретімен бір жарты адам кездеседі, енді соны тындайык:

Жарты адам ыңғайланып тұра калған,

Сөзіне мұның айтқан кұлақ салған.

-Айдаһар, айтқаныңның бәрі өтірік,

Нанбаймын мен орынсыз сөзге жалған.

Нандырдың талай жанды таңырқатып,

Өтірігің болды әшкере тандай атып.

Сөзінді әуел маған рас қылшы, ,,. ,

Сандықты  қылдың  мекен  қалай   жатып.

Осы бір оңынан дәл тауып қойылған сұракка төбедей айдаһардың ашуы келді, әсіресе «өтірікшісің, алдамшысың» деген сөз оның жанына аяздай батты, ол бір орыңда тұра алмай жанталасты, елегізіп шиыршык атты. Содан кейін жыландай түтін болып аспанға ұшып келіп сандыққа қайта түседі. Жарты адам «Бәрекелді, айтқаның рас екен» - деп сандықтың бётін жаба кояды. Алланың құдіретімен отыз кісі және бес адам кұтқара алмаған айдаһардан селтеңдеген жарты адам көзді ашып-жұмғанша жұтайьгн деп тұрған жерінен байғұсты құтқарып алды.

             Бұл мысал өлеңде адам баласының біреуге істеген жақсылығы, қайырымды істері, елге еткен қызметі жаратқанның жадынан тыс калмайтынын акын шебер суреттеген. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев мысалдарынын қай-қайсысын алсақ та, әрбірінің бойынан тек кана мысалға тән көркемдік  ерекшеліктерімен қатар философиялык тереңдік, ұлы ақынның ақындык шеберлігіне, шұрайлы тіл байлығына қанық боламыз.

«Тырна мен қасқыр»

«Бес тиын бақыр және мысық» ертегісі.

Бұрын ерте уақытта бір адам: «Адал еңбекпен азға қанағат қып, қалай байиды екен?- деп, адал еңбек қылып, азға қанағат қып байиын!» - деп, сол ойының соңына түседі дейді. Өз елінен басқа, өз шаһарынан басқа, бір алыс жерге барып, бір байға жұмыскер болып жұмыс істеп тұрады. Баймен жалақысына баға сөйлеспей тұрады. «Құдайдың бұйырғанын алармын, адал еңбегімді жемес!» - деп, жыл он екі ай болып, байдан шықпақшы болып, еңбегін сұрағанда, бай бес тиын бақыр ақша береді. «Құдайдың бұйырғаны осы шығар!» - деп алып, бір дарияның шетіне келіп, суден өтпекші болып, киімдерін шешініп, о ғып бұ ғып аудастырып жүргенде, бес тиын суға түсіп кетеді. Қайтадан манағы байға келеді де, тағы жұмыс істейді. Еңбегі – баяғы бес тиын. Осы тәртіппен үш рет бастапқы тәжірибе болады. Арада үш жыл өтеді. Қайтуы бір жыл, баруы бір жыл, арада бес жыл өткеннен кейін, өзінің еліне, жеріне қайтып келе жатса, бір адам жолығады. Қойнына тығып алып келе жатқан қара мысығы бар жігіт. Мысық иесіне:

-  Мысығыңды сатамысың?- деп сұрады.

Мысық иесі:

  • Сатамын – деді.
  • Бағасы не? – дегенде:
  • Бойыңда не пұлың бар, соған беремін,- деді.
  • Бойымдағы бес тиын бақыр, мә! – деп, алып берді.

Азсынған жоқ, алып кете берді. Бұл жігіт мысығын алып, қойнына тығып алып, өз жөніне жүріп, аман-есен еліне келеді. Келсе, елінде бір аждаһа пайда болған. Көзіне көрінген нәрсені жұтып, харап қылады. Оған уақытында көрген адамдардың қолынан келетін жұмысы – қашып құтылу, тілеген нәрсесін берісу болған. Бір күндерде харап қылып, қырысу, жұу қара мысықты баланың шаһарына кездесіп, бала мен қара мысыққа ұшырасады. Қара мысық бір хайламенен аждаһаны өлтіреді. Қара мысықтың даңқы барлық ел халқына түгел жайылып білінеді. Шаһардың патшасы балаға:

  • Мысығыңды сат, маған бер, - дейді.
  • Бала:
  • Сатамын. Үш шартым бар, соны орындасаң, сатамын да, беремін! дейді. Бір шартым – қызыңды бер! Бір шартым - өз ауырлығыңдай алтын бер. Бір шартым - өз отырған сарайыңдай сарай салғызып бер де, ал! – деген.

Патша бәрін де орындап, алады. Бала бай болады. Тоғыз мың ділда тоғыз сиыр болып, бір атқа айырбасталады. Ат бір тымаққа айырбасталады. Тымақты суға ағызып жіберіп, онан кейін байбатшамен серттесіп, оның барлық малын алып, адал еңбекпен толық байып шығады.

«Жеті жетім»

«Әлем»

«Соқыр, мылқау»

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев   «Ағайын»

Аманыңда елжіреп, мақтайтын да ағайын,

Алыстамай айналып,  жақтайтын да ағайын.

Ауырыңды жеңіл ғып, жоқтайтын да ағайын,

Еркелетіп бетіңнен,  қақпайтын да ағайын,

 

Жаман атақ бойыңа тақпайтын да ағайын,

Тарыққанда рақым ғып сақтайтын да ағайын.

Сабыры қалмай сағынып жүретін де ағайын,

Есіне алып елжірей білетін де ағайын.

 

Мақтағанда мамыққа бөлейтін де ағайын,

Алаңсыз сұрап алыстан жөнейтін де ағайын.

Сылдыр сөзбен сыбырлап,  ерітетін де ағайын,

Ұйықтап жатқан жыланды түртетін де ағайын.

 

Айтқаныңа қалтқысыз сенетін де ағайын,

Аяқ тайса, алдымен көретін де ағайын.

Маңдайдағы күніңді жоқтайтын да ағайын,

Басыңдағы бағыңа тоқтайтын да ағайын.

 

Жаяу жүріп аттыға ұқсайтын да ағайын,

Адал айтқан ақылды ұқпайтын да ағайын.

Адасқанда аттарын беретін де ағайын,

Кем- кетікті көл қылып теретін де ағайын.

 

Туысқансып түрлі істі  білетін де ағайын,

Қылға тізіп қимылды күлетін де ағайын.

Жолы болып жортқанда жүретін де ағайын,

Еріксіз ұстап қолыңнан беретін де ағайын.

 

Жан қысылса,  жатырқап,  үркетін де ағайын,

Көлгірсініп көз жасын сүртетін де ағайын.

Толып жатыр түрлі сөз,  қайсы бірін жазайын,

Әуел баста аңдамай тартып жүрме сазайын!

 

Түсінсе түйіткіл сөзімді улы тілмен шағайын,

Өскен ордам жамандап,  жақсыны қайдан табайын?!

Өкпелерге орын жоқ, қараңғы еді маңайым,

Өлмеген құл көреді-ау  өзгерістің талайын. (1929 жыл).

 

 

Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің нақыл өлеңдері

М-Ж. Көпеев. Бес қымбат.

 «Ең әуел керек нәрсе иман» деген,

«Ақырет істеріне (ишларына) инан»! - деген!

«Құдай кешірер!» - дегенмен, іс бітпейді,

«Иман шартын білмесе, есен (ибан)» - деген.

«Екінші керек нәрсе – ғақыл» - деген.

«Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!» - деген.

«Аз іске ашуланып, дінін бұзар,

 Иманын кәпірлікке сатар!» - деген.

«Үшінші қымбат нәрсе – сабыр!» - деген,

«Сабырлысы мұратын табар!» - деген.

«Әр істе сабырсыздың тәубе – зорлық,

Сабырсыздық басқа пәле салар!» - деген.

«Төртінші, қымбат нәрсе шүкір» - деген,

«Нығыметке шүкірсіздік – күпір!» - деген.

Жатқан жерден: Құдай кешір!» - деген – қорлық,

«Себеп іздеп тура жолмен жүгір!» - деген.

«Бесінші, қымбат нәрсе - әдеп» - деген,

Әдепсізде иман тұру ғажап!» - деген.

«Кәпірлік - әдептіде тұрмағандай,

Әдеп деген махаббатқа себеп!» - деген.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өзін-өзі тану арқылы бойдағы әлсіздіктермен күресу
Машһүр Жүсіп Көпейұлы " Гүлшат-Шеризат"
Мәшһүртану
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдері
Туған әдебиет жанашыры
Ахмет Иассауи хикметтері
Білімнің жағып шырағын
Аты әлемге мәшһүр жазушы. Ілияс Есенберлин 100 жыл
«Аты әлемге мәшһүр жазушы.Ілияс Есенберлин - 100 жыл»
«Аты әлемге мәшһүр жазушы.Ілияс Есенберлин - 100 жыл»
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 5122 | Қосты: Темиргалиева Жанар Алтаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык