Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ  ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері,елімізде  көптеген өзгерістер болып жатыр.Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды.Оның дәләлі - «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». Онда Елбасы:«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы  болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін  барлық күш –жігерімізді салуымыз керек»-деген

Оқу материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау,мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру.Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

    Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік  дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім,білік,дағды,іскерлік,әрекет тәсілі) жиынтығы.
   «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылықты дамыта отырып, жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына коммуникативтік құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттілік негізінен бастауыш сынып оқушыларын оқыту үрдісінде қалыптасады. 

Сталиндік репрессия құрбандары, ақындар, қоғам қайраткерлері Жүсіпек Аймауытов «Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы сөйлеуге, басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру. Бірақ бұл мағынасыз әдеттендіру, құрғақ төселдіру емес, тілге жаттығумен бірге адам ойлауға да жаттығады» [5 томдық шығ. ж. А., «Ғылым», 1998, 30-б.] деп нақтыласа, Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде «Тіл адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Адам тілі арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады» [А., «Рауан» 102 б.] деп жазады.

Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып отырған коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді. 
 

Құзіреттілік  дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:
•         Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
•         Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
•         Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
•         Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
    Бұл  жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы  болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім  мүмкіндігінше қолдана алады.
      Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың
·        Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға
·        сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге
·        жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.
 Ғалым Ф.Ш. Оразбаева «коммуникация» термині туралы былай тұжырымдайды: «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді. 

Осыдан барып, «комуникабельді» -тез тіл табысады, түсінуге бейім, «комуникабельдік»-түсінушілік т.б. деген сөздер пайда бола бастады.

Ғалым «коммуникация» сөзін «қатысым» деп танып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас»«тілдік қарым-қатынас», «тілдесім», «жазылым» және т.б.терминдерді енгізді. [«Тілдік қатынас», оқулық, Алматы 1, 39 бет.]

Бастауыш сынып оқушылары коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан  екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізілді.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.

Диалог-екі жақты құбылыс. Қарым-қатынаста көзделетін мақсатқа орай диалогтың өзіндік әртүрлі ерекшіліктері болады:

  • күнделікті тұрмысқа байланыстылығы;
  • ресми қарым-қатынасқа құрылуы;
  • ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі;
  • эмоционалды-экспрессивтілігі, әсерлілігі;
  • сөйлемдердің ықшамдалуы;
  • сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы;
  • ауыз-екі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.

Оқу бағдарламасында коммуникативтік құзырет деңгейіндегі диалогқа қойылатын талаптар тұрғысынан белгіленгені:

  • сөйлеу мәдениетін игеру, өзінің сөзін, ойын жалғастыра алу;
  • экология, тарих, өз қаласы, мәдениет тақырыптары, белгілі адамдар туралы сөйлесе алу; 
  • айтылған әңгіме, оқылған мәтін, кітап, өнер, кино туралы өз ойын білдіру;

Диалог репликалардан құралады, оның бәрі –сөйлеуге уәж жасайтыны, екіншісі-жауап ретіндегі реакция-реплика. Диалогта ой ауысып отыратыны белгілі, сондықтан әңгімелесушілер –бір-бірімен ақпарат ауысып отырады. Алғашқы сөйлеуші әңгіменің басталуына түрткі болады, адресатты әңгімелесуге шақырады (сұрайды, бұйырады, келіседі, келіспейді, өтінеді т.б.)

Оқушылардың тілінде болатын фонетикалық т.б. қателер диалогта кездесетіні байқалады, сондықтан тілдік жағынан диалогтің дұрыс құрылуына баса мән беріледі.

Күнделікті сабақта жаңа материалдарды оқытқанда және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті қолданамыз. Осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырамын. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жететін біліктілік болып табылады.

Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.

Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес бастауыш сынып оқушыларының еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның алатын орны ерекше деп есептеймін. 

Ролдік ойын кезіндегі оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда сөздік қорларының да орны ерекше.

Оқушылардың диалогтік ортасын құруда кесте мазмұнының да алатын орны ерекше. Кестедегі түйін сөздердің көмегімен оқушы сұрақ қою арқылы диалогтік ортаға енеді. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады.

Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.

Сонымен, қорыта айтқанда, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз. 


Демек, бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы коммуникативтік құзіреттіліктерін арттырудың тиімді жолында атқарар еңбектері әлі де алда деп есептеймін

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. «Қазақ тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет
  2. Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет
  3. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007
  4. «12-жылдық білім беру журналы», №8, 2006, 4 бет
  5. Ж. Аймауытов, бес томдық шығармалар жинағы «Ғылым», 1998, 30 бет
  6. М. Жұмабаев «Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.
«Металдар» тақырыбын қорытындылау
«Металдар» тақырыбы
Сөз өнері факультативінің бағдарламасы
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР МОДУЛЬІ БОЙЫНША ДИОЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКСИВТІК ЕСЕП
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы нәтижеге бағытталған құзыреттілікті білім беруді дамыту
ТІЛДІ ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
ТІЛДІ ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары презентация
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7418 | Қосты: Алимкулова Кымбат Аскаровна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык