Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5285 |
|
|
|
ТІЛДІ ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
ТІЛДІ ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
«Тіл - халық рухы, халық рухы - оның тілі» деген екен атақты неміс ойшылы, тілшісі Вильгелм Гумбольдт. Ұлтаралық қатынастардың негізгі дәнекершісі - тіл. Алайда тіл туралы толғанғанда оны әлеуметтік өмірмен, болашақпен тығыз байланысты қарастыруымыз қажет. Тіл үйренудеЫНТА, ЗЕЙІН, ТАЛАП, БЕЙІМДІЛІГІ, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ, ДАМЫТУ, МЕҢГЕРУ үдерістері қатар, яғни бірге жүруі тиіс.
Ықылас пен ынта болмаған жерде еңбектің өнбегі болмақ емес. Ал ықылас пен ынта, тіл білсем деген құштарлық пен құлшыныс өзінен - өзі келмейді. Бұлар үйренуші мен үйретушінің объектіге деген қатынасы негізінде туындайды. Әлбетте, бұл өз кезегінде тілге деген әлеуметтік қажеттілікті екі жақтың бірдей сезіну, сезінбеуіне тікелей байланысты. Олай болса, әлеуметтік қажеттілікті үғыну мен ұғындыру ісі оқу-ағарту саласының барлық арнасы бойынша, атап айтқанда, балабақша, мектеп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында, мамандық жетілдіру, ересектерді оқытатын курстар мен үйірмелерде жоспарлы жүргізілуі тиіс.
Аса көрнекті орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің балаларды 11-12 жасқа дейін тек ана тілінде оқыту керек деген концепциясы адамның физиологиялық, интеллектуалдық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуден туған ғылыми қағида екенін біз қазір ұмытып кетіп жүрміз. К.Д. Ушинский бұл арада басқа тілдерді еркін меңгеру үшін балалардың әуелі өзінің ана тілінің бар байлығын жеткілікті дәрежеде игеріп алуы қажеттілігін айтады. Сонда өз ана тілінің фонетикалық әуезі мен лексикалық, грамматикалық, синтаксистік конструкциясын жақсы меңгерген шәкірт екінші тілді де тез үйренеді. Өйткені ол бір тілді жан-жақты сіңірген соң, сол тілдің тәжірибесі оған енді екінші тілді үйренуге үлкен база болады.
Жалпы, әуелі бір тілді дұрыс меңгеріп алмаған сәбиге екінші тілді тықпалау оның бойында тілдік қана емес, рухани диградация да туғызатынын жасырып қалу адалдық болмас еді. Сондықтан тілді үйренуді бала организмінің рухани жетілу үдерісімен ыңғайластырып жүргізбесек, жалғандыққа, жалаңдыққа ұрынуымыз оп-оңай.
Жүсіпбек Аймауытов "Баланы тілге жаттықтырудың мағынасы: баланы сөйлеуге, басқалардың сөзін ұғуға, өз бетімен жазуға, оқуға төселдіру. Бірақ бұл мағынасыз әдеттендіру, құрғақ төселдіру емес, тілге жаттығумен бірге адам ойлауға да жаттығады Тіл адам жанының тілмашы, тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түпкіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Адам тілі арқасында жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады" деп жазады.
Мектеп оқушыларының бойындағы коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда пікір сайыс сабақтары, ғылыми жоба сайыстары, ғылыми конференциялар мен таңдау курстарының маңызы ерекше. Бұл бағыттағы жұмыстарда оқушының риторика, тіл мәдениеті аймағында сөз әдебі мен көркем сөз нормаларын меңгеруі арқылы әдеби тілге нәр беретін қайнар сөздер синонимдер мен фразеологизмдер тілдің көркемдегіш құралдарын қолдану дағдысы қалыптасады. Сонымен қатар қоғамда талап етілетін мемелекеттік және басқа да тілдерді игерту негізінде коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастыру көзделеді. Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып отырған коммуникативтік құзіреттіліктерін қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді. Әрі тұлғаның әдеби тіл нормаларын меңгеру сапасы жоғарылайды. Тілді пайдалану – сөз. Қазақ сөз деп тілдің жарыққа шыққанын, тілдің қолданысын айтады. «СӨЗ» деген сөздің алты-жеті түрлі мағынасы бар. Соның біреуі «лингвистикалық термин» тіл мамандары пайдаланады. Айтылған ой, өлең, ұсыныс та сөз. Сондықтан сөз мәдениеті дегеніміз – тілдің қолданысындағы мәдениеті. Ал тіл мәдениеті дегеніміз – дұрыстық, нормалық.
Бүгінгі күні әдеби тілде жазып, әдеби тілде сөйлеуге ұмтылудамыз. Әдеби тілде сөйлеу деген мақалдап, мәтелдетіп отыру емес. Дұрыс сөйлеу. Сөйлемді дұрыс құру, сөзді дұрыс дыбыстап айту.
«Шекара» демей, «шегара» деп, «қол қойылды» демей, «қол ғойұлды» деп сөйлеу. Сөздің мәдениеті дегеніміз сөздің дұрыстығы, норманы сақтау. Норма – жүйелілік, тәртіп. Тәртіпсіз ешнәрсе болмайды. Тілдің де тәртібі бар. Жазу тілінің де, ауызша сөйледің де тәртібі бар. Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерту, пікірталас түрлеріне сай тілдік құралдарды ойларын дәлелдеуде пайдала білу, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету мақсатында берілетін білім мен іскерлік дағдылардың шығармашылық бағытта өрістеуі арнйы немесе бағдарлы курстарда жүзеге асады.
Коммуникативтік құзіреттіліктің өнімді топтық қатынас аспектісі бойынша оқушы тапсырмаларды орындау іс-әрекеті кезінде пікірін қорғауға, өзіне берілген міндетті орындай отырып ойын дәлеледеп айта білуге, сұрақ қоя отырып тапсырмаға сәйкес жауап беруге дағдыланады.
Берілген тақырыптарға баяндама, ғылыми жоба жұмыстарын дайындау кезінде көпшілік алдында сөз сөйлеу аспектісі бойынша қисындық байланыс құралдары мен көрнекіліктерді сауатты пайдалануға дағдыланады. Оны жазуда, қорғауда тиімді тәсілдерді қолдану біліктілігіне төселеді.
Жаһандану үдерісі, жаңа әлеуметтік-мәдени талаптар және мемлекетіміздің экономикалық деңгейінің өсуі шет тілін оқытуды одан әрі жетілдіру мен жеделдетуді талап етеді.
Көптілділік - екі не одан да көп тілді қоғамның қажеттілігі, сол өмірлік қажеттіліктің өтемі, қоғамдық, тарихи категория.
Жалпы көптілділік қостілділіктен бастау алатынына ешкім күмән келтірмес деп ойлаймын. Қостілділік - игілікті құбылыс. Қостілділік - көпұлтты қоғамда тілдердің дамуына қолайлы жағдай туғызылған болса, адамдарға интернационалдық тәрбие берудің қуатты құралы болар еді.Қостілділік пен қоғамның өзара байланысы- «Тіл мен қоғам» деп аталатын жалпы өзара байланысты проблеманың құрамдас бөлігі. Қостілділік осыдан біраз бұрын әркімнің-ақ арманы болатын. Көпұлттылық жағдайында кәрі-жастың күнделікті керегі, өмірлік қажеті.
Қазақстан - әлемдік бәсеке сапындағы көпэтносты халық отаны. Қазақстан азаматы бірнеше тілді білуі тиіс. Кемінде үштілді тұлға болуы қажет. Елбасының “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында “тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.
Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда.
Тілдің тарихы – халық тарихының көрінісі деп бекер айтпаған. Халықтардың даму жолы тілдердің даму жолымен айқындалады. Өзге халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен теңестіреді, ол өзін еркін ұстайды, егер де сол халықтың күресі мен қамқорлығы оның жүрегіне әсер етсе, ол ешқашан да шет қалмайды. Адамның табиғаты осындай,- деп ұлы Абай айтқан.
Тіл - халықтың жаны. Біздің көпұлтты мемлекетімізде бір тілді басқа тілден, бір мәдениетті басқа мәдениеттен бөліп алу мүмкін емес. Әр ұлт өкілдері өздерінің тілін, мәдениетін, ұлттық ділін жоғары биіктіктерге көтеру мұраттары айқын. Ұлы Абай атамыздың: Егер де адам өз халқынан шет болмай, өз халқының басқа халықтармен достық қатынаста болуын тілесе, ол – саналы, адал адам.
Осығын орай Елбасы Қазақстан халықтар ассамблеясының XII сессиясындағы баяндамасында: «Шет тілін білмейінше ұлттық бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болады»- деп атап кеткен.
Көптілді тұлғаны тәрбиелеуде, оқыту үдерісінде дәстүрлі және жаңа оқыту әдістері: диалог, әңгіме ойын түрлері, оқып жүрген тіл уәкілдерімен кездесу тәсілдерін қолданған жөн.
Шет тілін жетілдіре және жеделдете оқытуда ең бірінші білім берудің инновациялық педагогикалық технологияларын меңгерген, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық
қызмет дағдылары мол мамандар қажет. Қандай әдіс-тәсілді қолдану тіл үйретуші мамандарға байланысты.Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы – сабақ. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана жетістікке жетугеболады.Қай тіл болмасын оны оқыту мен үйрету бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру керек. Мұғалімнің жұмысының нәтижелілігі, ең бастысы – сабақ мақсатының айқын болуы. Сонда үш біріккен мақсат: оқыту, дамыту, тәрбиелеу сөзсіз сақталады.
Ағылшын тілін оқытуда технологияның басты тиімділігі
Ұрпағымыздың көптілді тұлға, азамат болып өсуі, жаһандану үдерісінен туындап отырған уақыт талабы. Қазіргі таңда педагогика ғылымының басты мақсаты тек іргелі білім беруде ғана емес, сондай-ақ біліктілігін өз бетінше жетілдіре алатын, шет тіліндегі ақпараттық ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдалана алатын азаматтарды тәрбиелеу.
Логикалық-мағыналы модельдерді қолдану оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамытып, ойларын жинақтап, ағылшын тілінде жеткізуге танымдық іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыруға ықпал жасайды. Мұндай модельдер лексикалық, грамматикалық материалдарды да жақсы меңгеруге жол ашады.
Ақпараттың мазмұнын жеткізуге осындай модель жасау үшін алдымен тақырып немесе мәтін координаттар ретінде бірнеше бөлімге бөлінеді де, әр бөлімнің мазмұны координаттардың негізгі элементтері: тірек түйіншектері арқылы көрсетіледі. Модельді жасау жұмысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1. Тақырыпты немесе мәтінді бірнеше негізгі бөлімге бөлу (яғни координаттарды айқындау);
2. Әр бөлімнің маңызды элементтерін, тірек түйіншектерін анықтау;
3. Тірек түйіншектерінің координаттағы орнын белгілеу;
4. Ақпараттың мазмұнын ашу мақсатында тірек түйіншектерін атау үшін сөз, сөз тіркестерін айқындау;
Осылайша логикалық-мағыналы модельдің көмегімен ауқымды ақпаратты сызба (схема) ретінде дәптердің бір бетіне де сыйғызуға болады.Мектепте жүргізген сабағымда құрастырылып, қолданылған модельдің үлгісін ұсынып отырмын:ЛММ «Үй және пәтер», бұл модельді мұғалім тақырып бойынша сөздерді қорытындылағанда қолданады. Сөздердің көмегімен әңгіме де құрастыруға болады.
Шет тілі пәні үшін қызықты да қиын. Қазіргі таңда мектептерде шетел тілін оқыту жүйесі жан-жақты дамыған түрде қарастырылуда. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей шет тілі сабақтарында интерактивті тәсілдер оқушылардың интеллектуалдық белсенділіктерін, танымдық қасиеттерін , логикалық ой, талдау, салыстыру қабілеттерін жетілдіріп еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Яғни түрлі тілдік ойындар , танымдық ойындар , эстафеталар, түрлі жағдаяттарға құрылған рольдік ойын , диалогтар, дебаттар, білім сайыстарын сабақта қолданудың маңызы зор. Топпен жұмыс істеу оқушылардың бірін бірі тануына, тыңдау мен пікір алысу мәдениетінің қалыптасуына да өз әсерін тигізеді.
Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі.
Құзыреттілік ұстанымын іске асыру қазіргі мектеп үшін төңкеріс сипатына тән емес. Бүгінде оның элементтері, мысалға, оқушылардың дербес таным жұмысын ұйымдастырумен байланысты ізденіске бағдарлайтыны қазіргі технологияларға тәуелді, ал оның оқу үрдісіне енгізілуіне сәйкес кейбір элементтері кеңінен қолданылып жүр.Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттілігі туды. Дамыта оқыту мен жеке тұлғаны қалыптастыру идеаясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін. Ж.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы». Ағылшын тілін оқытуда бұл технологияның басты тиімділігі:
- оқушыны үнемі әрекетке қосады;
- тілдік категориялардың лексика-грамматикалық құрылымын игертіп, ауызша, жазбаша, тілді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
- оқушы әрі талдай, әрі салыстыра отырып, негізгі білімді өздігінен меңгеруге әрекеттенеді.
Саралап деңгейлеп оқыту технологясы – оқушылардың сапасын арттырудың негізгі кепілі
Оқушыларға білім беруде, тілді оқытуда, тәрбие беруде олардың бойында коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыруда тіл үйретушінің алатын орны зор. Тілді меңгертуде жоғарыда қарастырылғын мәселелер ескерілсе, ісімізден нәтиже шығары сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан мектебі 1-5. 2010 жыл
2. Республикалық әдістемелік журнал «Мектептегі шет тілі» №1-6. 2004 жыл
3. Республикалық әдістемелік – педагогикалық журнал «Мектептегі шет тілі» № 5-7. 2008 жыл
4. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері № 3-4. 2006 жыл
5. Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал «Ағылшын тілі мектепте» №1-5
2010
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |