Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Математикалық асхана» атты сайыс


«Математикалық асхана» атты сайыс

«Математикалық асхана» атты сайыс

Мақсаты:

1) Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.

2) Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту.

3) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Ойын барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:  Ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.

ІІ Ойын жоспары:

  • Топтардың таныстыруы
  • Сайыс тапсырмалары. «Ас мәзірі»

а) «Мәңгі ұмытылмас» салаты.

ә) «Математикалық винегрет»

б) «Тез пісер» қаймақ қосылған борщ.

в) «Рагу»

г) «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті

д) «Мерекелік шашу» торты

ІІІ Жеңімпазды анықтау. Марапаттау.

     Сайыс барысы:

  Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін естіп тұрып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Біз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойламды сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар.

Олай болса, бұл не тұрыс,

Кешімізді біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділ қазыларды ортаға шақырайық! Олар:

       (Әділ – қазы алқасымен таныстыру)

   Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

        Математика – бұралаңсыз, нақты ілім,

        Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін

Айдынында сүңгіп – сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың – деп мектебімізде өткізіліп келе жатқан дәстүрлі «Болашақ» зерделілер сайысында математика пәні бойынша ашылғалы тұрған «Математикалық асханаға» қош келдіңіздер! Біздің асханада бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдерімен күш сынасады.

Құрметті асхана қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Сондай-ақ бұл асханада математиканы сүйіп оқитын, оның қыр-сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің асхана мәзірінен тіл үйіретін дәмді тағамдармен, сусындарды таба аласыздар. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!

Құрметті асхана қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді білгіміз келеді. Ендеше, өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер! (Әр топ өздерін таныстырады)

Ал, енді құрметті қонақтар! Нақты сайысымызды бастайық.

 сайыс. Құрметті асхана қонақтары! Біз сіздерге асхананың аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз. Дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.

а сынып. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады?     ( бұрыш)

ә сынып . Математика жағынан қарастырғанда бір пойыздың екінші пойыздан айырмашылығы неде?   (пойыз нөмірінде)

а сынып.  Египетте қалған көпжақ ? (пирамида)

ә сынып Нені дайындауға болады, бірақ оны жеуге болмайды? (сабақ)

10 сынып. Қандай фигура күннің көзімен достасқан?  (сәуле)

II сайыс. Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Математикалық винегрет» ұсынылады.Сіздерге ұсынылған тағамда бейнеленген геометриялық фигуралар қандай да бір әріпке сәйкес келеді. Қоршауда тұрған фигуралардың орнына осы әріптерді қойсақ, қандай сөз шығады екен? (Ойлануға 1 минут) уақыт беріледі.

III cайыс. Ендігі кезекте сіздерге кім үлгерсе, сол ішер дегендей біздің азпаздар «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщын ұсынады. Ол үшін орны ауыстырылып берілген сөздерден математикаға байланысты сөздерден математикаға байланысты сөздер құрастыру керек.

Сөздер: Имртеиямс (симетрия), Келшөб (бөлшек), горифу (фигура), картвад (квадрат), деңуте (теңдеу)  (әр жауап 1 ұпаймен бағаланады)

 IVсайыс. Қадірменді қонақтар! Келесі кезекте зейін мен ойланудан тұратын әртүрлі тілүйіртер ащы дәмдеуіштер қосылған «Рагу» ұсынылады.  (Әр жауап 10 ұпаймен белгіленеді)

8а сынып.    Бұны орындағың келмесе де орындайсың, оны білмейтін сияқтысың, бірақ оны білгің келсе, лезде таба аласың. Кей кезде есептер оның көмегімен шешіледі. Кейбір оқушылар оны шеше алмағандықтан шешкісі келмейді. (теңдеу)

8ә сынып . Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастамайды. Ол өзі ерекше бір зат: өлшеп - өлшеп алып, түр – түрге бөліп тастайды. (транспортир)

9а сынып.  Оны ертеректе дүкендерде қолданған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда ол өзі сарт-сұрт етеді. Қарапайым калькулятор деп те атауға болады.    (есепшот)

9ә сынып. Ол ғалымның фамилиясымен атанған. Оны фигуралардың қабырғаларын табуда қолданамыз. Оны дәлелдеу керек.   (Пифогор)

10 сынып.  Бұл заттың пішіні тіктөртбұрыш тәрізді. Оны жол жүргенде ғана пайдаланасың. Оны сен жай алмайсың. Жол жүрген адамда болуы тиіс. Бұл не?      (жол билеті)

 Vсайыс. Енді құрметті қонақтар! Сіздерге «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десертін ұсынамыз.

          Ол үшін сіздерге сандарға байланысты мақал-мәтелдер ұсынады. Сіздер мақал-мәтелдегі сандарды дұрыс табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

8а сынып.  (Екі) жақсы қас болмас, (екі) жаман дос болмас.

    Ер қаруы – (бес) қару

8ә сынып. Досыңды (үш) күн сынама, (үш) жыл сына.

     (10) рет айтқаннан, (бір) рет көрсеткен артық.

9а сынып. Жерді (екі) рет жыртқан, өнімді (екі) есе алады.

    Жақсы жігіт (он бесінде) жас емес, (жүзге) келсе де пәс емес.

9ә сынып.  (Алты) жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

     Білгенің бір (тоғыз), білмегенің (тоқсан тоғыз).

10 сынып.  Жұмысқа (үш) жылда, жалқаулыққа (үш) күнде үйренеді.

      Болар бала (он бесінде) баспын дейді, болмас бала (жиырма бесінде) жаспын дейді.

 VI сайыс. Құрметті қонақтар! Асхана әкімшілігі сіздерге ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін асхана әкімшілігі сый құрмет ретінде «Мерекелік шашу» тортын ұсынады. Тортты кесуден кім шеберлік көрсетеді екен? Ол үшін сіздер мерекелік тортты алты кесу арқылы бірдей 8 бөлікке бөлулеріңіз керек. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.

Құрметті асхана қонақтары! Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпадыңыздар . Асты қорытып, ас бойларыңызға тез сіңу үшін асқазан үшін таптырмас дәрі «Мезимді» ұсынамыз. (Бейне ролик көрсетіледі).

Қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау.

Жүктеу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
Математикалық дәмхана
«Физ-мат кафесі» сайысы
Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Математика әлеміне саяхат
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
Сандар сырының құпиясы
Математика аруы -2014
«Математикалық асхана» сайыс
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3339 | Қосты: Каюпова Молдир Орынбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык