Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математикалық дәмхана


Математикалық дәмхана

Математикалық дәмхана 

Тақырыбы: “Математикалық дәмхана ”
Мақсаты:
Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: ойын тақырыбына байланысты плакат, математикаға байланысты нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.

Ойын барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысармыз.
Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.
Олай болса, бұл не тұрыс,
Кешімізді біз бастайық.
          Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар!

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп
          Мектебімізде өтіліп жатқан «Математикалық дәмханаға»  қош келдіңіздер демекпін! Біздің дәмханамызда бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдермен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар!
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе,
ортаға қонақтарымыз 5 «а» сыныбының                     тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық!

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсатын.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты – деп
5 «б» сынып оқушыларынан құралған              атты тобын ортаға шақырамыз!

Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.
Еркін сезініп  барынша,
Жарыстан сірә қалмайтын – деп ортаға 5 «в» сыныбының                   тобын шақырамыз!
          Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңіздің үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер! 
Сондай – ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Математика мерекесіне қатысып отырған  командаларымен жанкүйерлерге  «Қош келдіңіздер» деп алдарыңызға кафеміздің бүгінгі мәзірін ұсынамыз:

1.     Салаттар:

a.     «Математикалық винегрет»

b.     «Мәңгі ұмтылмас»

c.      «Математикалық рагу»

2.     Ыссы тамақ:

a.     Ойлау тұздығы қосылған – «Тұшпара»

b.     «Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ

c.      «Түрлі есептерден тұратын» пицца

3.     Математикалық ойын антракт.

4.     Жұмбақ – жаңылтпашқа  толы  жеміс-жидектер.

5.     Сусындар.  

6.     «Логикалық есеп» балмұздағы

Ал, ендеше құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық!

Салаттар.

 Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын

  1. «Математикалық винегрет»
  2. «Мәңгі ұмтылмас»
  3. «Математикалық рагу»  салаттарын ұсынамыз.  Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап бір балмен есептеледі.

«Математикалық винегрет»:

1.     Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

2.     Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (1)

3.     Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (кесінді)

4.     Заттарды өлшеу үшін қолданылатын сандар? (натурал сандар)

5.     1 ге және өзіне бөлінетін сандар? (жай сандар)

6.     Ең кіші үш таңбалы сан? (100)

7.     Қандай сандар 5 ке бөлінеді? (5 немесе 0 мен аяқталған сандар)

«Мәңгі ұмтылмас» :

  1. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
  2. Ең кіші жай сан? (2)
  3. Бір жағы нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (сәуле)
  4. Екі немесе одан да көп бөлгіші бар сандар? (құрама сандар)
  5. Қандай сандар 2 ге бөлінеді? (жұп цифрмен аяқталатын сандар)
  6. Ең үлкен ортақ бөлгіші 1 ге тең болатын сандар қалай аталады? (өзара жай сандар)
  7. Тақ циырларды ата? (1,3,5,7,9)

«Математикалық рагу» :

1.      Ең үлкен 3 таңбалы сан? (999)

2.     Жалғыз жұп жай сан? (2)

3.     Тік бұрыш неше градусқа тең? (90)

4.     Екі ғасырда неше жыл бар?

5.     Ең кіші ортақ еселік дегеніміз не? (Берілген сандардың ортақ еселікттерінің ең кішісі)

6.     Қандай сандар 10 ға бөлінеді? (0 мен аяқталатын сандар)

7.     180 минутта неше сағат бар? (3 сағат)

Ыссы тамақ:

Үш командаға даяшылар есеп жазылған команда ойыншысы есепті дауыстап оқып, 2 мин ойлануға уақыт алады.

Ойлау тұздығы қосылған – «Тұшпара»

  1. ЕКОЕ(24 және150)
  2.  Бір кісіден «Өзінің және баланың жасы қаншада?» деп сұрағанда, былай

жауап беріпті: Менің әкем әрбір туған күніме бір қой сойып терісін жинап келген. Мен де баламның туған күнінде бір қой сойып терілерін жинап келемін. Биыл балам екеуміздің терілеріміз теңдей болды депті. Әке мен баланың жастары қаншада? (Әкесі 29-февральда туған. 4 жылда бір рет туған күн белгілейді. Баласы 10, әкесі 40)

  1. Теңдеуді шешіңіз:
  2.  

«Тез пісер» атты қаймақ қосылған борщ

  1. ЕКОЕ(180 және 15)
  2. 2 ер бала 8-наурызда мектепке гүл алып шығады. Бірі екіншісіне: «Маған 2 гүл берші екеумізде теңдей  болсын», десе екіншісі : «Маған сен 2 гүл берші, менде сендегіден 2 есе көп болсын» дейді. Екі баладағы гүлдер саны қанша? (10; 14)
  3. Теңдеуді шешіңіз:
    •  

   «Түрлі есептерден тұратын» пицца

  1. ЕКОЕ(35 және 175)
  2. Бір оқушы қой бағатын кезегім» деп сабақтан қалып қойғанда мұғалімі қанша қойың бар?» деп сұрапты. Сонда оқушы: «Біреуі екеуінің алдында жүреді, екеуі біреуін айдап жүреді, ал біреуі екеуінің ортасында жүреді депті. Қанша қой бар?  (3 қой).
  3. Теңдеуді шешіңіз:
  4.  

Математикалық ойын антракт.

Құрметті қонақтар! Сіздердің асқазандарыңызды математикалық тағамдардан сәл ғана демалту мақсатында кішкене ғана математикалық антракт жарияласақ дейміз.  Алдымен «Қара жорға» биін билеп, көрермендермен ойын ойнатылады.

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары?     / 6 /

  1.  Бір – бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді    / 8 /

Жұмбақ – жаңылтпашқа  толы  жеміс-жидектер.

Тақтада көрсетілген жемістер корзинасынан топ басшылары жемісті таңдап ондағы жұмбақты тобына жасырады да, жаңылтпашты өзі айтуы қажет.

Жұмбаққтар:

1. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
2.  Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. (сызғыш)
3. Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі  (Кесінді)

1.  Кім сызғышсыз?
Біз сызғышсызбыз!
Сызғышсыздарға,
Сызғышсыз сызғыз.

2. Шеңбер,шеңбер доп емес,

Доп сияқты доп емес.

Доп, доп, доп деп шеңберді,

Ойлама шеңбер ол емес.

3. Жоғалды 5 шыбыш
Жоқ әлі  еш сыбыс.
Әлі жоқ еш сыбыс
Жоғалды 5 шыбыш.

1.     Сусындар:  мақал  - мәтелдер сайысы.

Ол үшін сіздерге, сандарға байланысты мақал – мәтелдер ұсынылады. Сіздер мақал – мәтелдердегі сандарды дұрыс табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.

1 – сусын:
....(екі)жақсы қас болмас, ....(екі) жаман дос болмас.
Досыңды ...(үш) күн сынама, ...(үш) жыл сына.
...(10) рет айтқаннан ...(1) рет көрсеткен артық.
Білгенің бір ...(9), білмегенің ...(99)
Ит... (7)қазынаның бірі
2 – сусын:
Жұмысқа ...(үш) жылда үйренеді, жалқаулыққа ...(үш) күнде үйренеді.
...(6) жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
Болар бала.....-інде (15) баспын дейді, болмас бала ...(25)- інде жаспын дейді.
...(бір) елі ауызға -...(екі) қақпақ.
Айдағаны ... (5)ешкі, ысқырығы жер жарады.

3 – сусын:
Жігіт ... сырлы , ...(8) қырлы болады.
...(бір) күн тұзын татқанға, ...(40) күн сәлем.
Ұлға ... (30)үйден,  қызға (40) үйден тыю

Жақсы жігіт ....-інде (15) де жас емес, ...-ге (100) келсе де пәс емес.
...-ау (6) ала болса ауыздағы кетеді, ...-еу(4) түгел болса төбедегі жетеді.

«Логикалық есеп» балмұздағы

Тақтада көрсетілген балмұздақтарға логикалықесептер жазылады.  Топтар балмұздақты тере отырып ондағы сұрақтарға дауап береді.

Қорытынды.

Құрметті қонақтар! Сіздердің құрметтеріңізге кафе қызметкерлері әзірлеген барлық тағамнан ас тартпай, қадірлі қонақ бола білгендеріңіздің құрметіне және шынында да кафеде отырғандарыңызды сезіндіру үшін жандарыңызды жадыратар бір ән ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділ-қазы сөз алады.
Кешіміздің жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
Үш таңбалы сандарды оқу, жазу, және салыстыру.
«Ғажайып математика»
«Математикалық эстафета» математикалық сайысы.
«Математикалық асхана» атты сайыс
«Физ-мат кафесі» сайысы
Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
«Жас қыран» атты математикалық сайыс
Сандар сырының құпиясы
Қызықты математика
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 3475 | Қосты: Берманова Асель Салыққызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык