Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Физ-мат кафесі» сайысы


«Физ-мат кафесі» сайысы

«Физ-мат кафесі» сайысы

Атырау облысы.Құрманғазы ауданы. С.Н.Имашев атындағы орта мектебі.

Математика- физика  пәні мұғалімі Рауила Харисова

«Физ-мат кафесі » сайысы

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімін одан әрі тереңдету, физикаға қызығушылығын дамыту, шығармашылық еңбекке баулу, тез ойлап, әр түрлі жағдайда тапқырлыққа, ұйымшылдыққа үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа,шапшаңдыққа,іздемпаздыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу

Көрнектіліктері: Ойын тақырыбы жазылған плакат.Кешке байланысты нақыл сөздер безендірілген зал,  карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел

Өткізілу түрі: ойын

Өткізілу әдісі: сайыс

Армысыздар сайысқа қатысушы оқушылар, көрермен қауым және ұстаздар. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе - білім» - деп М. Әуезов айтқандай, бүгінгі сайыс білім, ізденіс, шығармашылық сағаты

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысармыз

Ойламады сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,

Кешімізді бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділ-қазыларды  ортаға шақырайық! Олар:(Әділ-қазы алқасымен таныстыру )

Сіздерден кафенің«Бухгалтерлік мекеме»   деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!

Сонымен қатар есепшілер:Есепшілерді таныстыру.  

Жүргізуші:

Мектебімізде өткізіліп жатқан МИФ  апталығының құрметіне орай бүгін ашылғалы тұрған «ФИЗ-МАТ  кафесіне » хош келдіңіздер демекпін! Біздің кафеде бүгін алғырлар, тапқырлар   білімдерімен күш сынасады.Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған  меймандарымыз бар ендеше олармен таныс болыңыздар.Олар 8 А сыныбының оқушылары тобы  және 9 А сыныбы оқушылары тобы

Құрметті кафе қонақтары!    Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңізді үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер!

Сондай –ақ бұл кафеде математиканы-физиканы  сүйіп оқитын,оның қыр-сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық   жанкүйерлеріне орын бар.

Ойын жоспары:   1. Командалардың таныстыруы.

 І – топ: Шапшаңдар. Міндетіміз: білім алу, Мақсатымыз: жеңіп шығу.

ІІ - топ: Алғырлар. Ұраны: «Алғырлар жарыспайды, жарыста қалыспайды»

Барысы:      Сайыс тапсырмалары:

Ас мәзірі:

1. "Мәңгі ұмытылмас" салаты.

2. "Мақал қосылған винегрет салаты ". физикалық мағынасы бар мақалдар айту).

3. "Физикалық кеспе". (сөз құрастыру)

4. "Тез пісір" атты қаймақ қосылған борщ.  (тәжірибе көрсету.)

5. "Манты ".(сәйкестікті тағайында  )

6. Тұшпара. (көрермендерге сұрақ)

7. «Физикалық  рулет""(жұмбақ)

8 ."Рагу" (қимыл қозғалыс арқылы ситуациядан шығу)

9 . Дәмді физикалық тұшпара

10. "Қаймақпен көпіршіктелген балмұздақ" десерті.

1 жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын"Мәңгі ұмтылмас" салатын ұсынамыз.Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады.Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса,онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады.Дұрыс жауап 1 балмен есептелінеді

 Мәңгі ұмтылмас  салаты.  Сұрақтар:

9-сынып       Математика жағынан қарастырғанда бір поездің екінші поезден    айырмашылығы неде?           (поезд номерінде)

8-сынып . Онкүндік қалай аталады?            (декада) 

9-сынып .Нені дайындауға болады,бірақ оны жеуге болмайды?  (сабақ)

9 сынып .Тең әсерлі күшті түсіндіретін ұлттық ойын түрі (Арқан тартыс )

8сынып. Серпімділік күшін түсіндіретін қазақтың ұлттық ойын түрі.(Әділ қазы бағасы)

 2«Мақалдар қосылған винегрет» салаты.

1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.     /энергияның сақталу заңы/

2. Терек қисайған жағына жығылады.   /ішкі энергия/

3. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді.    /диффузия құбылысы/

4. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.    /ішкі энергияның өзгеруі/

5. Ит жүгіріп тазы болмас.  /        жылдамдық/

6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.   /Күш/

7. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/

8. Көктеректің жапырағы, желсіз де сыбдырлайды.    /Конвекция/

9. Қол жұмылмай - жылынбайды.     /Жылу берілу/

10. Ас - адамның арқауы.  /Энергия/

3. Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте "Физикалық кеспе" ұсынылады.Даяшылар ұсынған астан ала отырыңыздар! Сіздерге       Бұл кезеңде екі топқа  анаграмма беріледі. Артық сөзді табу керек және себебін түсіндіру қажет

ИМАТМЕАТКА     -    МАТЕМАТИКА     КЕЛУЛАМО-  МОЛЕКУЛА         

ГОБЛИОИЯ   -     БИОЛОГИЯ                                     АЗАКИФ     -    ФИЗИКА

РХИТА        ТАРИХ        ТОМА              -АТОМ

ПӘРЕДТ                   -     ДӘПТЕР                                           ЛИЯГОИБО-    БИОЛОГИЯ

Артық сөз – Дәптер. (Себебі: ол оқу құралы болып табылады).  (БИОЛОГИЯ

3.Шындап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар

«Өнерпаз болсаң» бөліміне келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар, – деп келесі бөлімге көшейік

4.  Физикалық рулет     

Үш минут уақыт ішінде физикамен математикадан білетін  формулаларын  жазады

4. "Тез пісір" атты қаймақ қосылған борщ.  (тәжірибе көрсету.) Бір команда екінші командаға тәжірибе көрсетіп түсіндіріп беруі сұралады

 Жуаны алып, оған мыс және темір сымдарды кіргізіп, өткізгіш сыммен жалғастырып, гальвонометр жалғаған. Гальвонометр тілшесі ауытқиды.Не себепті? (себебі көкіністі минералды тұздармен металдар әрекеттесіп, ток туғызады )

 Суы бар стаканға мұздың кішкене кесегін тастап, жіп және бір шымшым тұз арқылы мұзды судан шығарып алу керек. Іске қалай кірісуге болады?

Қағазды жағып бөтелкенің ішіне саламыз алақанмен аузын басқанда, бөтелке алақанмен бірге көтеріледі. Неге.

 5. Манты. (сәйкестікті тағайында)

Физикалық шама             Формалалар                       Өлшем бірлігі

1 Уақыт ------------------- А ----- ρ=m/V                а      Кг/м ³

2 Жылдамдық ---------- Б ------- υ=s/t                   б      Метр

3 Масса ------------------- В ------- m ₁υ ₁=υ ₂m₂   в      Секунд

4 Күш ---------------------- Г --------F==mg            г       Метр

5 Көлем ------------------ Д ----       V=abc            д      м/с

6 Аудан ------------------- Е -------- s=ab               е        м ²

7 Орын ауыстыру ------ Ж ------- V=abc            ж       кг

8 Жол ---------------------- З -------- s=υt              з      м ³

9 Тығыздық ------------- И--------- ρ=m/V         и        Н     

6. Тұшпара. (көрермендерге сұрақ)

. Шәйнекте шикі су, екінші шәйнекте қайнатылған су. Екеуінің де температурасы бірдей. Қыздыру бірдей болғанда қай шәйнектегі су тез қайнайды?

2. Бір жұмыртқаны пісіру үшін 4 мин уақыт керек. 4 жұмыртқаны пісіру үшін неше мин уақыт керек?

3. Қалайша жұмыртқа 3 метрге ұшып жарылмауы мүмкін?Ж: Жұмыртқаны 4 метрге лақтырса онда алғашқы 3 метрде жарылмайды.

4.  Мектептегі сайыста Айнаш басынан санаса да,  соңынан санаса да 5 – ші орында тұрады.   Сайысқа неше адам қатысқан?     Жауабы :9  

5.Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды ? (сабақ)

 6.Жерден көтеру оңай ал лақтыру қиын?(Мамық)

7.Адам қандай жолмен жүрмейді? /Құс жолы/     8.Кім барлық тілде сөйлейді? /жаңғырық/

2.) Екінші тағам1. Физикалық палау (сұрақтар)

9 сынып 1. Ньютонның 1687 жылы бүкіл әлемдік тартылыс заңының ашуына себеп болған не? Жауабы: алма

8 сынып 2. Қосарлап жегілген ат – арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді.    Жауабы: 25 шақырым

9 сынып.3. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?    Жауабы: Сәулесін судан көргенде.

8 сынып 4. Бақтиярдың 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар?      Жауабы:5 бала

7.  Физикалық рулет     

Үш минут уақыт ішінде физикамен математикадан білетін  формулаларын  жазады  

Рагу.                   Қимыл қозғалыспен Роботтың іс-қимылын көрсету керек

1. Мейрамхананың терезесін жуып жатыр.

2.. Мейрамхананың асын әзірлеу.

3. Мейрамхананың үстел үстін жинау

9. Дәмді физикалық тұшпара ( жәшіктегі қандай құрал екенін табу).

1. Ғылымды ашу үшін ең бірінші не қажет? /Кілт/     9 сынып

2. Күшті өлшейтін құрал. / Динамометр/         8 сынып

3. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. / Барометр/   8 сынып

4. Қысым айырымын өлшейтін құрал. / манометр/      8 сынып

5. Ток күшін өлшейтін құрал. /Амперметр/      9 сынып

6. Кернеуді өлшейтін құрал. /Вольтметр /     9сынып

7. Температураны өлшейтін құрал. /Термометр/            9 сынып

8. Массаны өлшейтін құрал. /Таразы/    8 сынып

2-жүргізуші.: Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады

 Кеш қызығын талай адам тыңдады

 Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі

 Болса егер көңілді жақын тыңдады. Барлық турларды қортындылап жеңімпаз топты анықтау үшін    әділқазылар алқасына сөз беріледі.

 Білім деген биік шың

 Бақытқа сені жеткізер

 Білім деген ақыл шың

 Қиындықтан өткізер – деп сайысымызды қорытындылаймыз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Ғажайып математика»
Қызықты математика
«Қызықты физика әлемі» интелектуаллды сайыс
«Математикалық асхана» атты сайыс
Математикалық дәмхана
Интеллектуалды білімпаз
Физика өмірде
Ғажайып физика
МИФ мейрамханасы, білімді достар ортасы
"толағай" отбасылық сайыс
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 6116 | Қосты: Рауила Харисова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык