|
|
Біз баламыз шыныққан, Денсаулығы мықты жан.
Тақырыбы: Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.
Мақсаты: заттармен жалпы дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін дамыту, дәлдеп алысқа лақтыру, төрт тағандап жүруді, секірт- педен секіруді үйрету. Салауатты өмір салтын, дене мәдение- тін қалыптастыру. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, өз отбасына, достарына қайырымдылық, сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Құралдар: доп, кедергілер, баскетбол, үлкен доп, әткеншек,туннель.
Блингвистикалық компоненттер: жұмбақ жасыру.
Инклюзивті әлеумет: Ұялшақ балаларға көмек көрсету.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, көркем сөз, ойын, мадақтау.
Шаттық шеңбері
Денсаулық - ол шыныққан,
барлық денең мүшесі.
Денсаулық -ол тыныққан,
жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық -ол күлуің,
көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
ешқай жерің ауырмай.
Кіріспе бөлім:
Бір қатармен бірінің артынан бірі жүру, аяқтың ұшымен, қол белде,
өкшемен жүру, қол желкеде. Қаздар секілді отырып жүру. «Маймылдар», «Құмырсқа жүрісі», ирелеңдеп жүгіру, жай жүріс, 4 қатар-
ға тұру, доптарды алу.
Негізгі бөлім:
Ізденіс ұйымдастырушы
1. Б.қ. «Кім биік?»
1Аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғары көтеріп допқа қарау.
2. Допты алдымызға қойып отыру,қолды артқа тіреп, аяқты сәл жинап тізені оңға, түзу,солға бұру.
3. Екі аяқ бірге қол кеудеде бір орында тұрып секіру.
Жәй жүру, дем алу жаттығу.2қат.бөлінді.
Тәрбиеші:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Біз баламыз шынықан,
Денсаулығы мықты жан спорттық сайысымызды бастаймыз.Біз бәріміз
деніміз сау, күшті,әдемі болып өскіміз келеді.Онда анықтайық.Біздің
бүгінгі сайысымызда 2 топ жарысқа түседі. «Мықтылар» тобы мен «Шымырлар» тобы қарсы алыңыздар!
1 – сайыс.
«Эмблемалар сайысы» эмблемаларды тапсыру.
2 «Үй тапсырмасы»
«Тазалық – денсаулық кепілі»
екенін бәріміз білеміз. Микробтардан күресу үшін бізге көмекшілер керек.Бүгіні екі топ бір- бірлеріне жұмбақ қою арқылы, дұрыс жауабын
айта алу керек.
3.Сайыс. Капитандар сайысы.
«Кім көп шар жарады?»
4.Эстафеталық жарыс.
1. «Кенгуру»- үлкен допты астыларына койып кедергілер арасынан межеге
жетіп, кері қайту.
2.Екі қолдап баскетбол торына көздеп түсіру.
3.Төрт тағандап түнелдің ішінен өтіп, әткеншектен сырғанап межеден ай- налып өту.
4.Межеге дейін секіртпемен секіріп, қайта оралу.
Қортынды бөлім: дем алу жаттығулары, нүктелі массаж.
Барлығы бірге :
Сәби шақтан бастап біз,
шынығуды сүйеміз.
Ашық күнмен достасып,
жалаңаяқ жүреміз.
Қыста, жазда әр дайым,
айрылмаймыз бәріміз.
Шынықтыру жасап біз,
мықты болып өсеміз.
Әділқазылар екі топтың бағасын береді.
Ата-аналарға алғыс айту, балаларды мадақтау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |