Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қош бол,даярлық топ!»


«Қош бол,даярлық топ!»

 «Қош бол,даярлық топ!»

Сабақтың тақырыбы: «Қош бол,даярлық топ!»

 Сабақтың мақсаты:

  1. Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерін,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
  2. Оқушылардың сөздік қорын,тілін,ойын дамыту,ой-өрісін кеңейту,өнерді сүйюге тәрбиелеу.
  3. Оқушыларды бауырмалдыққа,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
  4. Көрнекіліктер:шармен безендіру,қанатты сөздер,сурет салынған плакаттар,гүлдер т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)Акт залын дайындау,безендіру.

ә) Оқушыларды даярлау.

ІІ.Кіріспе бөлімі:

Мұғалімнің сөздері:

     Құрметті әріптестер,аяулыда,ардақты ата-аналар және бүлдіршіндер.Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының “Қош бол,даярлық топ!” атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

   Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер,бүгін саналы оқушы болып,1-сыныпқа қадам басқалы тұр.Білім кемесіне мініп,ілім іздеп алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы.Қазір бір жыл бойы алған білімдерін көрсетіп,өнерлерімізді  ортаға саламыз.

  Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар.Құрметті көрермендер “Қош бол,даярлық топ!”  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат беріңіздер. Сіздер үшін бүгін үлкен мереке,мерекелеріңіз құтты болсын!Отбастарыңызға береке-бірлік,жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Жүргізушінің сөзі:

Ұстаздар шығарады кеменгерді,

Бүгінгі ертеңгіліктің куәгері.

Ду қол шапалақпен қарсы алайық,

Бүгінгі салтанат иелерін.

        2.өтті оқу сан сабақ,

        Бүгін үлкен салтанат.

        Оқулықпен достасып,

        Даярлықпен қоштаспақ!

Ой-білімі жаңғырып,

Әліппеден  мәңгілік,

Әріптерді танымақ.

Өңкей білгіш балдырған,

Құтты болсын тойларың!

 

  1. бөлім. Біз білімді баламыз.

        Құрметті оқушылар сендер жыл бойы алған білімдеріңді көрсету үшін “саяхат сабағын”бастаймыз.

        Поезга мініп саяхат жасаймыз. Жолға шыгар алдында нелерді дайындаймыз (керекті заттарды) айтады сол керекті заттарды неге саламыз. (Жолкапшыққа) иә, жолқапшықты дайындау үшін мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын,соған жауап беруге дайынсыңдарма? ( иә дайынбыз)

      Біз мектепалды даярлық сыныбында қандай пәндерді оқып білім алдық. Қане барлығымыз айтып көрейікші. (балалар пән аттарын айтып шығады)

Осы пәндерді бекеттерге пайдалана отырып  пәндерден алған білімдеріңді  корсете  білейік.

  1. Сауат ашу бекеті

Сауат ашуда нелерді оқып үйрендіндер?

Әріптерді,дыбыстарды,буындарды,сөздерді, сөйлемдерді,дауысты,дауыссыз дыбыстарды, сөздер жазып үйрендік.

Тақтаға сөз,сөйлемдерді жазу,(Ана,Ата,Отан,Әже,Бала т.б)

Сөздерге сөйлем құрау,сызықша аркылы жазу.

  1. Математика бекеті.

Балалар сендер математика пәнінен нелерді оқып үйрендіңдер?

0-ден 20-ға дейін санап,жазып үйрендік,есептер шығарып үйрендік.><.=.+.-.таңбаларын үйрендік. Геометриялық пішіндерді үйрендік (үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек)

Есептер шығару.Мәселе есептер.

  1. Көркем әдебиет бекеті.

Көркем әдебиеттен нелерді оқып үйрендіндер(Өткен ертегілерді еске түсіру)

  1. Сергіту сәті:
  2. Айналаны қоршаған ортадан нені үйрендіндер?

(Табиғатты ,су,жер,күн,жанды,жансыз,жәндіктерді,жануарларды,құстарды  оқып үйренейік)

  1. Оқушыларға түрлі сұрақтар беру.
  2. Тіл дамытудан нелерді оқып үйрендіндер?
  3. (Әңгіме,диолог сөздер,мақал-мәтелдер,жумбақтар,таппақтар)

                 Өте дұрыс айтасыңдар:

ІІІ. бөлім “Біз өнерпаз баламыз”атты концерттік бағдарлама.

Олай болса бүгінгі мереке арналған жауаптарыңды айтып жіберіндерші; .

          (оқушылардың жаттаған таппақтарын айтады).

1)Ән, би орындалады:

Хор: Ардақты мұғалім,білім бердің біздерге таусылмас,сен жайлы айтылар жыр,әнім.

2)Көрініс: Үш бала «жақсыдан уйрен,жаманнан жирен»!

ІVбөлім«Ата-ана және мен»сайысы

(шар жару ішінде сұрақтар берілген)

Хор: Ортақ бізге бір Отан,

         Ортақ жердін байлығы

          Еңбек ортақ,жер ортақ,

          Ортақ бізге барлығы.

Хор,ән:Отан туралы ән.

Жүргүзуші: Құрметті балалар сендерді енді даярлықпен қоштасып 1-ші сынып оқушысы боласыңдар,сендер тәртіпті,жақсы оқушы болу  үшін маған қандай уәде бере аласыңдар?

Хор:Біз біріншіге барамыз,

         Біз оқушы боламыз.

         Жақсы оқып сабақты,

         Кілең бестік аламыз,

         Сабақтан ешбір,қалмаспыз,

         Тәртіпті біз боламыз,

         Шынар апайға көмекші біз боламыз!

1)Ақжүніс.батаңды бер Ата-ана 

Елдің атын жазамыз,

Жердің атын жазамыз.

Туған тілге тазамыз

Біз 1-ші сыныпқа барамыз

Батаңды бер Ата-ана (улкен кісіден бата сұрау)

2)Айбек Шынар апайды шақыру.

6жасқа толған біздей болсын,

Мектеп ана құшағына алады.

Ата-ана  қуанамыз шаттанып

IV бөлім қорытынды. Оқушының сөзі.

 Міне құрметті Ата-аналар,ұстаздар,қонақтар!Біздің бүлдіршіндеріміздің білімдерімен,өнерлерімен таныстыныздар,сіздерге рахмет айта отырып,біздің бүлдіршіндерімізге өз тілектеріңіз  болса білдіріңіздер демекпін .

Құттықтау сөздер алғыс хаттар тапсыру.

       1.Мектеп әкімшілігіне;

       2.Ата-аналарға;

       3.1-сыныпқа қабылдайтын апайларға;

       4.Қонақтарға т.б

       5.Алғыс хаттарды тапсыру .


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Даярлығым,қош енді!
«Қош бол ,даярлық сыныбым»
Қоштасу кеші
Әліппемен қоштасу
«Біз мектепке барамыз»
Даярлық топпен қоштасып Біз мектепке барамыз!
Қош бол, тәтті балғын шақ!
Біз мектепке барамыз
Mектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4030 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык