Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба


Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба

   Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба

     Қазақстан тарихы бойынша орта мерзімді жоспарымды құрудағы басты мақсатым бағдарламаның жеті модульін кірістіру және осы модульдерді қолдана  отырып оқушыларды сабақ барысында бақылау. Маған орта мерзімді жоспарлауда көптеген қиындықтар кездесті. Себебі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай  және талантты және дарынды оқушыларға арнап шығармашылық тапсырмалар кірістіруім керек болатын. Сондықтан сабағымды  әр түрлі деңгейдегі оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жоспарладым. Мен жоспарға әр түрлі әдіс-тәсілдер мен стратегияларды кіріктірдім. Нәтижесінде жоспарыма жеті модульдің барлығын кірістірдім. Менің ойымша  жеті модульдің  ықпалдасуы  оқытудың нәтижелі болуына оң әсерін тигізеді.

                  Сабағымды өткізгенде оқытудың жаңа тәсілдерін- жұптық жұмыс, топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлаудың әдістері- "ыстық орындық", "уақыт шеңбері","ББҮ" стратегиясын т.б. және презентация жасап және оны қорғау үшін  АКТ-ны, жас ерекшелігіне байланысты  әр түрлі  деңгейлік тапсырмаларды қолдануды, шығармашылық тапсырмаларды бере отырып,  бірнеше талантты және дарынды оқушыларды анықтауды,  әрбір тапсырма соңында оқушылардың тапсырманы орындауда бір-бірін, топтық, формативті бағалау, бағалау критерийі  арқылы бағалау парағын оқушылардың өздеріне беріп, кей сабақтарымда оқушылардың  топ басшыларына бағалату үшін   «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульін жоспарладым. Осы модульдерді  жүзеге асыруда өзімді көшбасшы ретінде санадым.                                             

                 Алдағы уақытта орта мерзімді жоспарды  жасақтауда сабақтарымда кездескен кедергілерді жою үшін оқушыларды қызықтыратын, әрбір алынған ақпаратты сыни тұрғыдан талдап, сараптап, дәлелді қорытынды шығаратын, белсенді әр түрлі әдіс – тәсілдерді көбірек енгіземін. Сабақтарымның  нәтижесінде оқушыларым өздерін реттеген , өздігінен білім алу дағдыларын жетілдірген тұлға болады деген ойдамын. Бағдарламадан күтілетін нәтижелерге орай  оқушылар қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізетін , ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде  қалыптасуын жүзеге асырамын деп ойлаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика пәнінен рефлексивті есебі
Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.
Жылулық қозғалыс физикадан сабақ жоспары
Биология сабақтарына жеті модуль идеясын енгізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
Орта мерзімді жоспар
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазбалары.
«ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы»
Орта мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы пәнінен «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімі бойынша орта мерзімді жоспар
Орта мерзімді жоспарлау арқылы оқыту деңгейін арттыру
Бөлім: Уроки / Коучинг | Көрсетілім: 4211 | Қосты: Даутова Гулнур Темиргалиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык