Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Қызықты физика әлемі» интелектуаллды сайыс


«Қызықты физика әлемі» интелектуаллды сайыс

 «Қызықты физика әлемі» интелектуаллды сайыс

Сабақтың тақырыбы:   «Қызықты физика әлемі» интелектуаллды сайыс

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларды  сайыстыра отырып, физика курсынан алған білімдерін,  табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: 

Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: 

Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: топтық  жұмыс, көріністер

Көрнекілігі:   слайд, презентация

Құрал- жабдықтар: интерактивті тақта , жайпақ тарелка, жұмыртқа, топ аты жазылған тақтайшалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

  • Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблема)
  • Ой ширату (викториналық сұрақтар)
  • Үй тапсырмасы (алдын –ала сыныптар тапсырма дайындап келу)

8 «а» көрініс------ Архимед туралы аңыз

8 «б» көрініс----- «Үстел басындағы физика» 

8 «в» айтыс ------«Механика мен энергия айтысы»

8 «г» көрініс--- «Физиктерде әэілдей алады» телебағдарламалық көрініс

  • Адасқан  аударма
  • Сергіту сәті (Кел, күлейік)
  • Миға шабуыл (тәжірибе жасау)
  • Қай заң?

Барысы:

- Армысыздар, қадірлі ұстаздар және  білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан  бүгінгі “Қызықты физика әлемінде ” атты кешімізге қош келдіңіздер,- дей отырып сайысымызды бастайық.

Олай болса:

а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.

б) Әділқазылар алқасын сайлау.

  • Таныстыру (топтың аты, ұраны ) 
  1. Ньютон ----Тапқырлық таныту мақсатымыз,
                             Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
  2. Архимед----Болашақтың ұрпағымыз білімді,
                             Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
  3. Паскаль---  Нақтылы жауап ,сапалы шешім бере біл

                         Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл 

  1. Джоуль-----Қандай сынақ болса дағы беріспе,

                         Әрқашанда үміткер бол жеңіске

  • Ой ширату (викториналық сұрақтар)  (1 ұпай)

1. Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)

2. Қандай денеде конвекция болмайды (қатты дене, вакуум)

3. Аспан денелерін бақылауға,зерттеуге арналған құрал? Телескоп

4. Көзіңмен  көресің, бірақ  ұстай  алмайсың?  (көлеңке)

5. Сағат  тілі  ұшының  қозғалыс  траекториясы  қандай  сызық  сызады.

                                                  (Шеңбер  тәрізді траектория)

6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

7.  Қозалып келе жатқан денеде қандай энергия болады? (кинетикалық)

8. Қант қайнату заводындағы қызылшадан қантты шығарып алу қандай құбылысқа негізделген./Диффузия/

9. Архимед күшінің әрекетінен пайда болатын жылудың түрі.              /конвекция/

10. Жаңғырық көмегімен бағдар жасауға болады ма? /жоқ/

  • Үй тапсырмасы (алдын –ала сыныптар тапсырма дайындап келу)

8 «а» көрініс------ Архимед туралы аңыз

8 «б» көрініс----- «Үстел басындағы физика» 

8 «в» айтыс ------«Механика мен энергия айтысы»

8 «г» көрініс--- «Физиктерде әэілдей алады» телебағдарламалық көрініс

  • «Физикалық тілде сөйлейік»  1 ұпай
    Қай тілде,сөз мағынасын ашу

 

Метр

грек сөзі  « өлшеймін»

Диффузия

латын сөзі «жайылу, таралу»

Гелиос

грек сөзі   « күн деген мағынаны білдіреді»

Конвекция

латын сөзі « тасымалдау»

Инерция

латын сөзі «қозғалыссыздық, әрекетсіздік»

Гипотеза

грек сөзі «болжам»

Астрономия

грек сөзі  « жұлдыз, заң»

  • Сергіту сәті (Кел, күлейік)
  • Бұл не?

Оның  түсі - ақ. Ол  бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл. Ол атом реакторы іспетті. Оның сыртының температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К. /Күн/

  • Бұл қай жануар?

Адамға қарағанда 6 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы  аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіреді, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады /Мысық/

  • Миға шабуыл (тәжірибе жасау)

Екі жұмыртқаның қайсысы піскен екенін қалай анықтауға болады?
Керекті құралдар: 1 піскен және 1 шикі жұмыртқа, тәрелке. (Ол үшін жұмыртқаның 2-уін де жайпақ тәрелкеге салып, 2 саусақпен айналдырады. Піскен жұмыртқа шикі жұмыртқаға қарағанда жылдам және ұзақ айналады. Шикі жұмыртқаның ішіндегі құрамы бірден айналуға көшпейді. Оның қатты қабығы әсерінен жұмыртқа инертті қозғалысқа түседі.Жұмыртқаның ішіндегі құрамы тежеуіш рөлін атқарады)
 

  • Қай заң?

Қажетті сөздерді тауып, физикалық заңды оқыңдар

 

 

 

Е

Р

И

Д

Ж

Ә

Б

О

Д

Е

 

Н

Г

А

А

Ы

Н

А

Л

Р

Н

Д

Э

И

Қ

Ж

Д

Е

Д

М

Ү

Е

А

Ы

Я

Ш

О

Й

Е

Й

А

Т

К

С

Н

Д

Е

Ғ

А

Ш

А

Й

Р

І

Ы

Е

Е

Е

А

М

Қ

П

Д

І

Н

У

М

Н

Н

Н

Л

А

Н

Ы

Б

Ш

А

Е

Е

Е

Е

Е

Й

А

,

К

І

Е

С

Д

К

Д

Г

Е

Д

О

Е

Т

Г

Е

Р

І

І

Е

Ш

Д

Л

Т

Ү

Р

Б

І

Н

Ш

К

Ө

І

.

 

Жауабы: Сол жақтағы қиық бұрыштан бастап төменнен жоғары қарай фигура бөлшектенген квадраттардың диогналдарының бойымен ирелеңдете оқығанда : «Энергия ешқайда жоғалмайды және ешқайдан пайда болмайды ол тек бір түрден екінші түрге ауысады немесе бір денеден екінші денеге көшеді» деген сойлем шығады

- Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз."Қызықты физика әлемі" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қызықты физика
«Қазына» танымдық сайысы.
Қызықты физика
Кім білгір?
Ғажайып физика
Молекулалық физика негіздері
Физика - өмір кілті
Физика пәнінен жарыс
Физика –ғажайыптар әлемі
«Қызықты физика әлемі» интеллектуалды сайыс
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 23764 | Қосты: Гулзира Аманжолова Тлектесовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык