Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқушылардың жұмыстары.


Оқушылардың жұмыстары.

Оқушылардың жұмыстары.

Мысығым – ай, мысығым,

Үй жинайды пысығым.

Ақылымды тыңдайды,

Айтқанымнан шықпайды.

     

Қыста аппақ,

Жазда сұр.

Өзі қорқақ,

Қандай аңға шығармын

мен жұмбақ?  ( қоян)

Жүйрік екен жануар,

Құлын деген төлі бар.

Пайдасы мол адамға,

Қымызын ішкен сауығар.

                              (Жылқы)

Күзетте тұрады,

Ешкімнен қорықпайды.

Түнде де жүреді,

Артымнан ереді.

                   (ит)

 

            Тазы ит.

Аң аулайтын иттерден,

Жүйрігі де,мықтысы.

Жүгірістен негізі,

Бірінші боп келеді.

 

Аңға шықсаң онымен,

Олжасыз үйге оралмас.

Қоянды да ұстайды.

Түлкіден де қорықпайды.

 

          

             Қоян.

Қоян деген қорқақ қой,

Оны сен де біліп қой.

Көргенде ол қасқырды,

Қырға қарай асырды.

 

       Қоян – ноян.

Қорқақ деген қоян,

Қоян деген ноян.

Қорқада ол бәрінен,

Тіпті  де өз – өзінен.

 

     Арыстан.

 Орманның ол басшысы,

Жыртқыштардың патшасы.

Өзі үлкен, өзі дәу,

Аң патшасы – арыстан.

 

            Өтірік өлең.

Қоян келіп аюға,

Бұйырды сәбіз жинауға.

Аю қорқып  қояннан,

Қашып кетті орманнан.

                     Арыстан.

Жыртқыштардың үлкені,

Аңдардан да бірінші

Келер бірақ алыстан,

Аң патшасы  - арыстан

                       

    Өтірік өлең.

Бара жаттым жұмысқа,

Алдымнан шықты құмырсқа.

Мініп алып мен оған,

Асып кеттім машинадан.

 

Даусы жоқ, тілі бар,

Өзінің де ойы бар.

Ашып қалсаң бір бетін,

Білім саған шашылар.

     

     (Кітап)

 

       

             Жаңа дос.

Аян базарға барды,

Қоян сатып алды.

Қоян болса қорықты,

Ұайымдады, қамықты.

 

 Жаңылтпаш.

Беті ақ,

Өзі тақ.

Балғамен шеге қақ.

 

          Шашым.

Шашым- ай, шашым,

Тыңдамайсың  қырсығым.

Қанша жинасам да,

Қарқап қаласың да.

 

               Дос.

Күні – түні күзетеді,

Ешкімнен де қорықпайды.

Адамның ол және досы,

Мысықты да аяйды.

 

 

           Қыздар – ай.

Қыздар – ай, қыздар – ай,

Қыздар мойнын бұрады – ай.

Көріп қойса бір жерден,

Аямай бізді ұрады – ай.

Ручка – қалам,

Беру – алам.

 

Оса – ара,

Смотри – қара.

 

Окно – әйнек,

Чайник – шәйнек.

 

Лето – жаз,

Гусь – қаз.

Зайчик – қоян,

Проснись – оян.

 

Рука – қол,

Дорога – жол.

 

Ручей – бұлақ,

Уши – құлақ.

 

Палка – таяқ,

Нога – аяқ.

 

Транспорт – көлік,

Дневник – күнделік.

Мініп алдым құртқа,

Өрмеледім  аспанға.

Салып айды қалтама,

Сыйлаймын оны анама.

     Татулығы табысқан ел.

Тәуелсіз ел – Қазақастан,

Бірлігі де жарасқан.

Тату – тәтті тұрады,

Қуанышта табысқан.

 

Орыс пенен өзбек те,

Бір көшеде тұрады.

Балалары олардың,

Ағайындай болады.

 

Бірге үнемі жүрейік,

Бақытты өмір кешейік.

Алға қойған мақсатқа,

Бірге болып жетейік.

                           Ынтымақты елміз.

Жиырма жылдың ішінде,

Қазақстанды дамытқан.

Жүрсін аман Елбасы,

Татулықты қалаған.

 

Ынтымақты елміз біз,

Көп ұлтты да елміз біз.

Неміс, орыс, татар да,

Тұрады бірге қатарда.

 

Тіліміз ғой қуатты,

Сөйлейміз біз сауатты.

Достығымыз жарасты,

Тұрамыз біз бақытты.

                                        Бір шаңырақта.

Достығымыз жарасқан,

Тәуелсіз Қазақстан.

Тату – тәтті тұрады,

Ағайын боп жарасқан.

 

Көркейтейік елімізді,

Барлығымыз бір болып.

Шаңырағымыз шайқалмасын,

Көтерейік бір болып.

 

Ұлт достығы.

 

Екі бала дос болды,

Айырылмас қос қолды.

Орыс, қазақ бір болып,

Табар солай ақ жолды.

 

Көмектесер әрқашан,

Ренжітпес досын ол қатаң.

Солай бірге жүреді,

Бақытты боп күледі.

Жазған: Қадыр Ермұрат 4 а гимназия сынып оқушысы

                        Достығымыз жарасқан.

Достығымыз жарасқан,

Елімізде ұлт тасқан.

Өзбек, түрік, татар,

Жүрдік біз де қатар.

 

Достығымызды сақтайық.

Міндетімізді ақтайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Бейбітшілікті жақтайық.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Күнді іздеген достар" ертегі қойылымы
​Қоян мен бұғы.
Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ
Мектеп сахнасына: Аюға көмек
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Достар
Жануарлар әлемінде
Бауырсаққа көмектес
Аңдар Етістіктер
Қоян
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1780 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык