Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Динамикалық белгілермен жұмыс


Динамикалық белгілермен жұмыс

Динамикалық белгілермен жұмыс

Сабақтың тақырыбы:  Динамикалық белгілермен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Оркестр орындауында  Н.Тілендиевтің «Көш керуен» күйін

                                       Құрманғазының «Адай»күйлерін меңгерту.

Білімділік: Композитордың  өмірбаяны жайлы әңгімелесу. Аспаптардың шығу тарихын білу. Аспаптар дыбыстарын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік: Күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнер адамын құрметтеуге,  өнерін насихаттауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Оқушыларға аспапты меңгере отырып,  шебер орындай білуге үйрету. Музыкалық сауатын дамыту

Сабақтың типі: жаңа ұғымды қалыптастыру.

Оқыту әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, СТО технологиялары

Сабақтың көрнекілігі: портреттер, кеспе қағаздар,үнтаспа,буклет, музыкалық аспаптар.

                                 Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

ә) Шаттық шеңберінде  «Тілек айту»

2. Үй тапсырмасын тексеру: Құрманғазының күйі «Адай»

3.Актуалдау:

XIX – XX ғасырдағы күйшілер

XX – XXI ғасырдағы күйшілер

Күй авторы -

Н.Тілендиев (1925-1998) қазақ топырағындағы ажелгі Қорқыт, Асанқайғы, Кетбұға, бертінгі – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина,Тәттімбет секілді ұлы композиторлар, сазгерлердің музыкалық дәстүрін өткен ғасырда (ХХғ) тамаша дамытып, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырған айрықша талант.

Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келді. Дарынды композитор, дирижер және домбырашы.

Ол фольклорлық – зтнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

Жеті жасында Жамбыл атаның күні бүгінге дейін төрімнен түспей қымбат қазынадай сақтап жүрген домбырасын сыйға алыпты, осының барлығы музыканың оның ішіндегі күй өнерінің киелі болатыны содан. Музыка тілі барша әлем халқына ортақ тіл.
Әкесі Тілендінің күйшілік, шешесі Салиқадан әншілік қасиеттерін жастай бойына сініріп ел әлдилеген ән-күйдің ортасында жүріп домбырада , алуан түрлі тамаша орындаушылық әдістерді үйреніп, меңгеріп өсті. Арман жетелеген Нұргиса Алматыға келді П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсіп, Латиф Хамидидің баулуымен дирижер болып шықты..А.Жұбанов пен домбырашы Темірбек Ахметов оның талантын тани біледі. Н.Тілендиев он екі жасында Құрманғазы оркестрінде концертмейстер, он төрт жасында дирижерлік мінбеге шығады.
   Он жеті жасында Отан соғысына қатысады. Соғыс бітіп, бейбіт өмір орнағаннан кейін, елге аман есен оралады.
«Әке туралы жыр» Ж.Жабаевқа арнап жазылған.»Ата толғауы» күйі ақынымыз Жамбыл Жабаевқа арналып жазылған. «Баламышқа» татардың би әуені Л.Хамидиге арналған.
Сонымен қатар Нұрғиса көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге мемлекеттік хор капелласы «Абай арманы» атты вокальды поэма жазды.Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасында айтылатын «Куә бол» әні де аспан мүлгіген алатаудан сылдырап аққан бұлақ, сыбырлаған жапырақ, тау аңғарынан ескен салқын самал көз алдыңа елестейді. Сүйген жары Дариғаға арнап «Көңілді бикеш» шығармасын жазды.
 «Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Қырық өтірік», «Ақсақ құлан» сияқты бала қиялын кеңейтіп, ойландыруға итермелейтін мультфильмдер, «Менің атым Қожа», «Көксерек», «Құлагер» сияқты 25 көркем фильмге музыка жазды.
Н.Тілендиев 400 ән жазыпты. Олардың ішінде «Өз елім», «Алатау», «Саржайлау» «Құстар қайтып барады» әндері бар. Оның «Көш керуен», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқисса» т.б. күйлері қазақтың музыкасындағы 20-шы ғасырдағы үздік туындылар болып табылады.
«Алғыр қыран, қамал бұзар батыр, желден озған жүйрік, күн тимес сұлудың бәрі де дүниеден өтеді». Өлмейтін тек өнер деген екен. Н.Тілендиевтің өнері, қалдырған асыл музыкасы халқының құлағында мәңгі қалады. Оның оркестрлік музыкасының образдық әлемі ғасырлар қойнауынан жеткен жаңғырық іспетті. «Бостандық таңы» , «Мұрагер», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет», «Алтын дән» күй поэмалардың халқын сүйсіндіріп, оның өткенін де болашағын да музыка тілінде жырлаған деп танимыз.
Н.Тілендиевтің еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кеңес Одағының Халық әртісі, КСРО Мемлекекеттік сыйлығының лауреаты, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал, 1998 жылы «Халық Қаһарманы» деген еліміздің ең басты атағына ие болды.

«Көш керуен» оркестрлік шығармасы: «Қыз жібек» көркем фильміне музыкалық өңдеу ретінде ойластырылған дүние болатын,әу–баста қазақ киносының классикасы дәрежесінде қабылдынды. Алайда, ақырында аталған фрагмент көркемдік біртұтастығы жағынан «кинофильмге арналған музыка жанры» шеңберінен шарықтап шығып, толыққанды, жеке музыкалық туынды мәртебесін алды.

     Қыстаудан қымтырылып шыққан қалың жұрттың жазғытұрым жайлауға көшкендегі жазира көңілі мен сайын даланы думанға бөлеген шалқар шаттығы Нұрғиса Тілендиевтің бұл шығармасында шебер көрініс тапқан. Композитор көпшілік дүрмектің қуанышты дүбірін бір лекпен лықсытып, айшықты қанық әуезге айналдыра білген.Күйде бейнелердің анық көрінісін көре білу – Н.Тілендиевтің шығармашылық табысы деп тануға болады.

4. Жаңа сабақ: Динамикалық  белгілермен жұмыс.               

  Динамика (грек тілінде “күшейту” деген сөз) деп музыкадағы дыбыс күштерін азайту немесе күшейту дәрежесін айтады.Ән-күйдің мазмұны мен табиғи болмысын ашу үшін, түрлі орындалу ерекшеліктерін білдіру үшін арнайы динамикалық белгілер қолданылады. Негізгі динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян тіліндегі сөздердің бас әріптерімен белгіленеді.

Айтылуы

(Итальянша)

Жазылуы

(таңбасы)

Мағынасы

(қазақша)

Форте

         f

қатты күшті

Пиано

        p

ақырын,жай

Меццо-форте

       mf

орташа,күшпен

Меццо-пиано

       mp

ақырын

Фортиссимо

       ff

өте күшті,қатты

Пианиссимо

       pp

өте ақырын,жай

Крещендо

      <

бірте-бірте күшейте

Деминуэндо

      >

бірте-бірте жайлата

Сфорцандо

       sf

кенеттен күшейтіп

Музыкадағы динамикалық белгілердің естілуін табиғаттағы басқа да дыбыстармен салыстыруға болады. Мәселен, өте қатты найзағайдың дыбысын - ff:  поездың жүйткіп келіп тоқтағанын деминуэндо,тоқтап тұрған  поездың бірте –бірте жүйтки жөнелгенін крещендо белгісімен. Түнгі табиғаттың мүлгіген тыныштығын pp; ақырын ғана себелеп жауып тұрған жаңбырды p бірте-бірте естілген ат тұяғының дүбірін  крещендо белгілерімен салыстыруға болады.

Сергіту сәті: Н.Тілендиев: “Көш керуен” оркестрлік шығармасын үнтаспада тыңдату арқылы онда кездесетін динамикалық белгілерді ажырата білу.

“Көш керуен” оркестрлік шығармасындағы динамикалық белгілермен жұмыс жасау

Сабақты бекіту:

Динамика дегеніміз не?

Біз орындаған күйлерден қандай динамикалық белгідерді байқадық және оларды қалай орындадық?

Динамикалық белгілердің музыкада қандай орны бар?

 Оларды бізді қоршаған табиғаттағы қандай дыбыстармен салыстыруға болады?

Сабақты қорыту

Мұғалімнің қорытынды сөзі
Елімізді көрегенділікпен алға бастап бағыт ұстанған Елбасының мақсаты - «Мәдени мұра» бағдарламасын, Қазақстанды дүниежүзі бойынша барынша дамыған бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосу.
Сендердің мақсаттарың – «Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақта» деп Елбасымыз айтқандай, жан - жақты дамыған, мәдениеті жоғары, тәрбиелі де өнерлі ұрпақ болып өсу.
Үйге тапсырма беру: Н.Тілендиев «Көш керуен»

                                      Құрманғазының күйі:»Адай»

Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Нұрғиса Тілендиев
Абай жане оның әндері.
Нұрғиса қазақтың сұлу сазды жүрегі
Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.
Оркестрмен тілдескен дирижер.
XIV – XVI ғасырлардағы музыка өнері
Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев
Дәстүрлі күйшілік өнер
Ашық сабақ «Ахмет Жұбановатың шығармашылығы»
Римский-Корсаков. Ақшақар операсы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7412 | Қосты: Ауашова Ақбөпе | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык