Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz



My flat

Teacher:  Nurmukhanova Bibigul                           Class  5                                                 Date: 3.02. 2014

Title:  My flat

Мақсаты: 1.Үйге байланысты жаңа сөздерді қатесіз айта алу, жаза алу.

                  2. Жаңа сөздерді пайдалана отырып, 5 сөйлем құрай алу

                  3. жаңа сөздерді пайдалана отырып, әңгіме немесе диалог құрай алу

Қүтілетін нәтиже:  1.Үйге байланысты жаңа сөздерді қатесіз жаза,айта алады

                                 2.Жаңа сөздерді пайдалана отырып, 5 сөйлем құрай алады

                                 3.Жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөйлем немесе диалог құрастыра алады

Қолданатын әдіс-тәсілдер:  Суретпен жұмыс

                                                   Топтық жұмыс:

                                                                                1топ- a living room

                                                                                2топ- a dining room

                                                                                3топ- a study

                                                  There is, there are сөздерімен жұмыс, Ойын «Кім тапқыр»

Негізгі дереккөздер:    Оқулық Аяпова 5 сынып, Интернет көздері, суреттер

Сабақ мазмұны

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті және жазбалары

Оқушының іс-әрекеті

2 минут

 

Ұйымдастыру

Сыныппен амандасу

Түстер арқылы 3 топқа бөлу

«Табыс критерийлерімен» таныстыру

1.Жаңа сөздерді қатесіз айту

2.Жаңа сөздерді қатесіз жазу

3. 5 сөйлем құрай алу

4. Суреттер арқылы әңгіме немесе диалог құрастыру

Бағалау бетшелері таратылады

 

 

Амандасады

Түстермен 3 топқа бөлініп отырады

«Табыс критерийлерімен» танысады

Бағалау бетшелері арқылы сабақ бойына өзара бағалау жүреді

 

2 минут

Өткен сабақты «Қара, ойлан, тап» әдісі бойынша еске түсіру

Ұлттық киімдердің суреттерін  көрсету арқылы ұлт атауларын еске түсіріп,айтады

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

5 минут

Үй бөлмелері мен жиһаздарының суреттерін көрсету арқылы жаңа сөздерді таныстырып, жаңа тақырыпқа көшу

Суреттерді көру арқылы жаңа сөздерді қайталайды, жаңа тақырыпты тауып жазады. Мысалы:

A corridor, an armchair, a bedroom, etc.

Today’s new theme is “My flat”

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

10 минут

Берілген жиһаз суреттерін топтастыра отырып, үш топ үш түрлі бөлмелерді бейнелеу, призентациялау

1топ- a living room

2топ- a dining room

3топ- a study

Суреттердің астына жаңа сөздерді қатесіз жазып,  “There is, There are” құрылымын пайдалана отырып, әңгіме немесе диалог құрастыру.

Алдын-ала берілген суреттерді топтастыра отырып, призентация (флипчарт) дайындайды. Сурет астына жаңа сөздер қатесіз жазылу керек. Әр топ “There is, There are” құрылымын пайдалана отырып өз призентазиясын қорғайды. (жоғарғы деңгейдегі оқушылар әңгіме құрастыруы мүмкін)

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

 

7 минут

«Адасқан сөздер» әдісі арқылы сөйлемдегі сөздерді дұрыс орындарына қою

(төменгі деңгейдегі оқушыларға 5 жаңа сөздер беріледі, бірақ сөздің әріптері шатасқан. Оқушы қатені тауып, сөзді тұрыс жазу керек)

Бұл тапсырмада оқушылар ағылшын тілі грамматикасын еске түсіре отырып, сөздерді дұрыс орындарына орналастырады және оларды оқып береді. (төмен деңгейдегі оқушыларға бұл тапсырманы жеңілдетіп беруге болады. Яғни, 5 жаңа сөздің әріптерінің орнын өзгертіп беріп, оқушы қатесін тауып түзету керек)

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

3 минут

Ойын «Кім тапқыр» ойналады. Бір оқушы бір сөздің басқы әрпін айтады да допты келесі оқушыға лақтырады. Допты қабып алған оқушы сол әріптен басталатын кез-келген ағылшынша сөз айтуы керек.

«Кім тапқыр» ойынында оқушылар допты лақтырып отырып, бір-бірінің сөзін жалғастырады. Бұл ойында оқушылар өткен тақырып бойынша жаңа сөздерді тез еске түсіреді,

оларды қатесіз айтады және шапшаңдыққа үйренеді.

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі

10 минут

Жеке деңгейлік тапсырма: барлық оқушыға бір-бірден суреттер таратылады. Тапсырма:

1. Суреттің атауын жазу

2. Суретке кем дегенде 3 сөйлем құрау

3. Суретке кем дегенде 5 сөйлем құрау

4. Сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастыру

Ашық сұрақтар:

1.Which room do you like and why?

2. If you are the architect how will you build your house? And why?

3. Could you describe your room of your daydream?

Суреттің атауын барлық оқушылар жаза алады. Төменгі деңгейдегі оқушылар сурет бойынша кем дегенде 3 сөйлем жаза алады. Орта деңгейдегі оқушылар сурет бойынша 5 сойлем жаза алады

Жоғарғы деңгейдегі оқушылар сурет бойынша жүйелі әңгіме құрастырады

Жақсы жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.

Ашық сұрақтарға жауап береді. 

2 минут

Рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек»

2 жұлдыз – оқушылар ұнаған нәрселерді стикерге жазып, тақтадағы себетке салады

1 тілек – оқушылар ұсыныстарын стикерге жазып, себеттің сыртына қалдырады.

Бұл әдісте оқушылар өздеріне және сабаққа кері байланыс жасайды. Және мұғалімге келесі сабағын жоспарлауға көмектеседі.

2 минут

Бағалау. Сабақ бойына жұлдызшалар берілу арқылы формативті бағалау жүрген болатын. Сонымен қатар оқушылар табыс критерийлері арқылы өзара бағалау жүргізеді.

1.Жаңа сөздерді қатесіз айта, жаза алады – 3

2. 3 сөйлем құрай алады -3

3. 5 сөйлем құрай алады – 4

4. Суреттер арқылы әңгіме немесе диалог құрастыра алады  – 5

Бағалау бетшесі арқылы оқушылар бірін-бірі, өзара және өзін-өзі бағалайды.

Жұлдызшалар арқылы оқушылар сабаққа ынталанады. Сонымен қатар табыс критерийінің ең жоғарғы деңгейіне жетуге талпынады. Өзара және өзін- өзі  бағалау жүреді. Өздерін реттей алады. Бірін-бірі оқытады, үйретеді. Топтық жұмыста біріне-бірі көмектеседі. Бағалау бетшесінің құрылыма қарай ұпай арқылы сумативті бағалау жүреді.

1 минут

Қорытындылау. Әр оқушы бір-бір жаңа сөздерді айтып шығады.

Әр оқушы бір-бір сөзден айта отырып «My flat» тақырыбына байланысты жаңа сөздерді еске түсіреді.

1 минут

Үй тапсырмасы

Әр оқушы өз үйлерін суретке бейнелеп келу немесе үйлері мен сүйікті бөлмесі туралы әңгіме жазу

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаз деген... сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып
Қайталау (Ә,И,З,Ө,Ү,Г)
Жыл бойы өткенді қайталау.
Қыста. Тіл дамыту
Қысқы ауа райы
Синтаксис туралы түсінік
Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым
Ана
Ағылшын тілі пәнінен орта мерзімді жоспар. 7-сынып
Абай Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 3364 | Қосты: Нурмуханова Бибигул Сарсеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык