Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz


Сабақ Ана тілі 3 сынып
Саб. тақырыбы: «Ана» Ғали Орманов
Сілтеме: Блум таксономиясы
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 50 бет. Диалог арқылы СТО
Мерсер зерттеушілік әңгіме Диалог (2008ж)
Жалпы
мақсаттары Мәнерлеп оқып, «Ана» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу
Оқушылардың тіл байлығын дамыту
Ананы ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу
Табыс критерийлері: 1. «Ана» өлеңін оқып әңгімелейді
2.Өлеңнің мағынасын аша отырып, оның мазмұнын түсініп талқылайды
3.Өлеңдегі сөздерді пайдалана отырып өз аналарына, әжелеріне ақ тілектеріңді білідіріп хат жазады
4.Анаға байланысты өлеңдерді айта отырып Ғ. Ормановтың «Ана» өлеңімен салыстырады
5.Ана өлеңін тізбек бойынша жатқа оқыту
6.Ана туралы алған ойларын тұжырымдап бағалайды
Тапсырмалар: Психологиялық дайындық! Аутотренинг «Көктемгі табиғат» Топқа бөліну: «Білім ұшақтарының түстеріне қарай топқа бөліну. І топ «Сары түсті ұшақ», ІІ топ «Жасыл түсті ұшақ», ІІІ топ «Қызыл түсті ұшақ», ІҮ топ «Көк түсті ұшақ»
Сабақтың тақырыбын ашу: «Ой қозғау»
Көктем мезгілі жайлы әңгімелеп, оның айларын айта келіп, наурыз айына тоқталу. Наурыз айының ішндегі мерекелі күндерді ататып, 8 наурыз мерекесінің қандай мереке күн екенін айтқызу.Аналарымызға 8 наурыз мерекесіне арнап Ғ. Ормановтың «Ана» атты өлеңін оқып, жаттап аламыз. Қол шапалақтау. Шығарманың авторы Ғ. Ормановтың өмірбаянымен Қасен Ақбота таныстырады. Бас бармақпен бағалау
1. Тыныштық сәті: Өлеңді оқу «Ана» өлеңін бір оқушы оқып береді. Оқушылар мұқият отырып тыңдайды. Өлеңді оқып болғаннан кейін оқушылар өлеңнің мазмұнын қара сөзбен түсінгендерін әңгімелейді.Жұлдызшалар тарату
2. Топтық жұмыс: Өлеңнің мазмұнын талқылап постерге түсіріп әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
Қол шапалақтау.
3. Тендер ойыны:(Оқушылар берілген тапсырманы орындайды да, кезекпен тендерлік комиссия алдында өздерінің тілектерін оқиды. Комиссия қай оқушының тілегін «үздік» деп тапса сол оқушы «жеңімпаз» деп танылады ) Олай болса, 8 наурызда аналарыңа айтатын тілектеріңді жаза қойыңдар. Гүлдің суретімен бағалау
4. Тақырыптардың түйісуі: Анаға арналған тақпақтар оқу. Ол тақпақтарын бүгінгі «Ана» өлеңімен салыстыру. Өлеңдердің ұқсастығымен айрмашылықтарын табады. Смайликтер тарату Сергіту сәті
5 «Тізбек бойынша сұрау» (Өлеңді айтып тұрған оқушыны кез келген жерінен тоқтатып, ары қарай басқа оқушының жалғастыруы сұралады)
Өлеңнің әр шумағын төрт топқа бөліп беріп, жаттатқызу, тізбек бойынша сұрау.
Бас бармақпен бағалау
6. Шығармашылық тапсырма:
І топ «Ана» мақал – мәтелдер жазу
ІІ топ «Ана» суретін салу
ІІІ топ «Ана» ребус құрау
ІҮ топ «Анаға сыйлық» суретін салу
Екі жұлдыз бір тілек
Қорытынды: Жүректен жүрекке: Мұзафар Әлімбаевтың «Жанымда анам барында» өлеңімен сабақты қорытындылау
Жанымда анам барында,
Даланың көк мұз қарында
Тоңбаймын, жаурап тоңбаймын,
Жан анам бар жанымда!
Үскірік, аяз, ызғарда,
Жүрсе де ұзақ мұз – қарда,
Тоңбайды анам өзі де,
Қасында мына біз барда!
Олай болса, бәріміз шеңбер жасап «Әрқашан күн сөнбесін» әнін бірге орындайық
Рефлексия: Бүгінгі сабаққа деген өз ойларын, көз қарастарын, ұсыныстарын, сұрақтарын, стикерге жазып смайликтердің астына жабыстырады




Бағалау критерилері Өз ойларын дәлелдей білуін. Топпен, жұмыс жасаудағы белсенділігін бағалау
Тапсырмалардың қатесіз, жүйелі орындалуын. Сұрақтарға толық жауап беруін
Үйге тапсырма «Менің анам» тақырыбында эссе жазып келу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаз деген... сабақ жоспары қазақ тілі 7 сынып
С. Оспанов Сегізінші наурыз күні.
Заттың қимылын білдіретін сөздер. Ұлыстың ұлы күнінде
Наурыз – жыл басы
Өтебай Тұрманжанов «Жаралы торғай»
Қош келдің, Наурыз! М.Дулатов
Апамның астауы. Баубек Бұлқышев
Көктем келді.
Сәкен Сейфуллин. Наурыз.
Жарасқан Әбдірашев

Автор Смагулова Самига Шариповна

Алматы облысы Сарқан ауданы Алмалы ауылы Новопокровка орта мектебі

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 2988 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар