Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ тілі – қазақ тілінің ұлттық тілі.


Қазақ тілі – қазақ тілінің ұлттық тілі.

   Қазақ тілі – қазақ тілінің ұлттық тілі.

 

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің  қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін  аяққа баспай   қашанда биік  ұстауға   үйрету;

 ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

 б)   Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,                             

 

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

 

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, шығармашылық іздену

 

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, суреттер

 

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, тарих

 

Сабақтың барысы : 

                                  

                              а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар аудару

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

                    Ұлт тілінің жаншыры бола аламызба? Эссе жазып келу.

37-тапсырма

Мәтіндегі өлең жолдарын оқып, ерекшеленіп жазылған сөздердің мағынасына талдау жасаңыз. Осы сөздерді халықтың және әр дәуірдегі сөз зергерлерінің шығармаларында қолдануынан қазақ әдеби тілінің ежелгі дәуірден бастау алып, дамып келе жатқанына назар аударыңыз.

 

38-тапсырма

Берілген етістіктерден мақал мәтел құрастыру

  1. Болсаң, бол Ұлық болсаң кішік бол
  2. Болмай, болмас Бірлік болмай, тірлік болмас
  3. Берсең де, берме Өз басыңды дауға берсең де,. Жолдасынды жауға берме.
  4. Ексең, ішерсің Ексең егін, ішерсің тегін
  5. Ойнап, ойла Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле

 

 

Білімді бекіту

Берілген сөйлемдердің синонимдік қатарларын қос сөздер арқылы беріңдер:

  • Қисапсыз мол, орасан көп (көл-көсір, ағыл-тегіл, ұшаң-теңіз, телегей-теңіз, аста-төк, ұлан-асыр, ұлан-ғайыр, т.б)
  • Бекерге, текке (қарадан-қарап, қараптан-қарап, жайдан-жай, бостан-бос)
  • Туысқан, туыс (өрен-жаран, үрім-бұтақ, тұқым-тұқиян, туған-туыс, туған-туысқан)

 

Бағалау :  Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма :

  • Ит, құс сөздеріне қатысты мақалмәтелдер немесе тұрақты сөз тіркестерін тауып, дәптерге орындап келу.
  • Берілген тіркестің біріне фонетикалық, лексикалық талдау жасау

Пәні: қазақ тілі

 Күні: 09.10.14

 Сыныбы: 10 «е»

 

Сабақтың тақырыбы: Шортанбай – әлеуметтік өмірдің шынайы суреткері

Сабақтың мақсаты:

- Білімділік: Ақын Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту. Шортанбай өлеңдеріндегі қоғамдық мәселелердің мәні, заман көрінісі, толғауларының ерекшелігі мен тіліне талдау

- Дамытушылық: Оқушылардың зар заман туралы түсініктерін кеңейте отырып, тарихи негізін білуге, өзіндік ойын тұжырымдап айта білуге, талдай алуға мүмкіндік туғызу.

- Тәрбиелілік: Оқушыларды әділеттілікке, адамгершілікке, тіл мәдениетіне баулу.

Сабақтың түрі: әдеби - танымдық, шығармашылық.

Әдіс - тәсілі: оқу, баяндау, сұрақ - жауап, салыстыру, талдау, ой толғау.

Көрнекілігі: сызба - кесте, қима қағаздар

Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы XIX ғ. II жартысындағы қазақ мәдениеті, тарихы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі;

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Шортанбай Қанайұлының өмірі, шығармашылығы мен XIX ғ. II ж. Қазақстан мәдениеті, тарихы туралы баяндау.

I. Білім шыңы (сұрақтарға жауап)

1. Шортанбай ақынның туған жері, туған жылы;

5. Шортанбай кімдермен айтысты?

6. Шортанбай ақынның қайтыс болған жері?

7. Шығармаларының мазмұны.

8. «Зар заман» өлеңінің тақырыбы не?

Зар заман ақындары өлеңдерін салыстырып көрейік

Дулат

Аға, сұлтан, қазының

Ел сілкінді ісінен.

Ауылдың атқа мінері

Жемтікке қонған күшіген.

Майырдың алса бұйрығын

Борбайға қысып құйрығын,

Ел пысығы жортады.

Мұрат

Еділді тартып алғаны,

Етекке қолды салғаны

Жайықты тартып алғыны,

Жағаға қолды салғаны

Ойылды тартып алғаны

Ойдағысы болғаны.

 

Зар, зар заман, зар заман

Зарлап өткен бір заман

Әуелгі қорлар зор болды

Сондай зорлар қор болды

Әуелгі барлар жоқ болды.

Жөн білмеген жамандар,

Ел билеген бек болды.

 

Осы әділетсіздіктерді көріп күйінген Дулат, Шортанбай, Мұрат секілді ақындар өткен хандық дәуірін көксеп, жаңа заманның бұзылуын, орыс әкімдерінің озбырлығын әшкерелеп сынаған.

Неліктен осы кезең «Зар заман» деп аталды? Алым - салықтың ауыртпалығы, Патшалы Ресейдің отарлауы,1822ж. ел билеу ережесі зар заман «1868ж. Жаңа низам» заңы Хандық жүйенің бұзылуы аға сұлтандар, әскери майор,шенді офицер пара алу, жала жабу

Шығармалары Бала зары Опасыз жалған Осынша азды ел неден? Байды құдай атқаны

Зар заман Атамыз - адам пайғамбар Бір насихат айтайын Қалықтаған сұңқар ем Жарлының жаны берік - ті

 

Шортанбай

Құдайға тәуба қыла алмай,

Меке жүзін көре алмай.

Құлқынымды тия алмай,

Бедқарды қылдам жасымды.

Қайғылы болып барамын,

Жалғанды жеген парама.

Тары жеген тауық ем,

Жалғанның ебін тауып ем.

Абай

Осыншама ақымақ болғаным,

Көрінгенге қызықтым.

Ғаділетті жүректің,

Әділетін бұзыппын.

Ақыл менен біліміне,

Әлден үміт үзіппін.

Айла менен амалды,

Меруерттей тізіппін.

Шортанбай да Абай да артына жұрт ғибрат етер сөз қалдырған. Екеуі де «Мен» дүниеге қызықтым, тоймадым деп өз атына біраз сөз жазған ақын. Шындығында екеуі де дүние ісінен аулақ, тек азаматтың қамын жеген тұлғалар еді. Ақынның «Мені» тек өзі туралы ғана емес, адам ұрпағының көрген ісі, жасаған қиянаты екенін айтады. Ол – поэзия қағидасы.

Ой толғау

«Шортанбай – ел қамын ойлаған ақын

Қорыта келгенде, Шортанбай өз дәуірінде көп шындықтың бетін ашып, халықтың ауыр тұрмысын көре білген, отаршылдықты, Ресейдің ел билеу жүйесін сынаған ақын.

Үйге тапсырма: Реферат «Шортанбай - зар заман ақыны»

Бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Шортанбай Қанайұлының өмірі және шығармашылығы
Шортанбай Қанайұлы
Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлы
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Шортанбай Қанайұлы
ХІХ ғасыр әдебиеті Махамбет Өтемісұлы
Шортанбай Қанайұлы, Зар заман
Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі
Білімнің жағып шырағын
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 2482 | Қосты: Елеуова Гулжанат | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык