Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, сәйкес қалдықпен бөлу.


Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, сәйкес қалдықпен бөлу.

Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, сәйкес қалдықпен бөлу.

         Тақырыбы: Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, сәйкес қалдықпен бөлу.

          Мақсаты:  - Бір таңбалы санға жазбаша көбейтуге және бөлуге машықтандыру;

  • Сәйкес қалдықпен бөлуді пысықтау;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру;

         Тәрбиелік мәні: «Сауаттылық - өмір салты» бағытының мағынасын ашу, СПИД-ке, нашақорлыққа, темекі мен алкогольге қарсы іс-шаралардың бір саласы – спорт өнеріне оқушыларды үндеу. Дені сау, тәні таза, ақыл-есі дұрыс 21 ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.

         Түрі: аралас сабақ.

         Сабақтың әдісі: ойландыру, баяндау, көрнекілік әдістері, ойын, сұрақ-жауап әдістері.

         Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, ана тілі, халық тағылымы.

         Көрнекіліктер: спорт ойындарының суреттері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, есептердің қысқаша шарты, үлестірме карточкалар, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:

          Ұйымдастыру кезеңі:

  • оқушылардың сабаққа деген дайындықтарын тексеру.

          Психологиялық дайындық:

Алдымыздан кезіккен

Көп кісілерді көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

           «Ой шақыру» стратегиясы:

       Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуынан басталатыны сияқты сабақты « ой жаттығуынан» бастайық:

  • жылдың бесінші айын ата;
  • бағдаршамның қай түсі жанғанда жолдан өтуге болады?
  • Жылқының төлін ата;
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Көз адамға не үшін керек?
  • 513 пен 515-тің арасында қандай сан бар?
  • Есік қандай геометриялық фигура?

                                                       

                                                   Жаңа сабақ.

               Кіріспе әңгіме:

       Балалар, біз 1-3 сыныптарда «Ұлттық ойындар» бағыты бойынша жұмыстар жүргіздік. Үш жылдың ішінде бірнеше ұлттық ойын түрлерімен таныстыңдар. Енді естеріңе түсіріп, атап жіберіңдерші?

  • ақсүйек, қыз қуу, бәйге, асық, көкпар, теңге алу т.с.с.

      Бұл ойындардың жылдың қай мезгілінде ойналатынын, шартын, мақсатын біз жақсы білеміз. Солай емес пе?

  • ие.

     Қазір жылдың күз мезгілі. Дала табиғаты қандай? Қандай өзгерістер?

Қандай ойындар ойнауға болады?

               -футбол, волейбол, суда жүзу, бәйге, көкпар.

     Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды осы ойын түрлерімен жақынырақ танысамыз және сол ойындарды ойнаймыз. Сендерге күз мезгілінде ойналатын ойындар ұнайды емес пе?

               -ие, ұнайды.

      Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың үндеуі «Қазақстан 2030» стратегиясының бір тармағы «Салауаттылық - өмір салты» бағытында жас жеткіншектерді 21 ғасыр індеті СПИД, нашақорлық, темекі мен алкогольден сақтандыруға, спортпен шынығуға, яғни денсаулықты қорғау, оның алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған.

         Сондықтан да дені сау, тәні таза, ақыл-есі дұрыс азамат пен азаматшылар болып өсу үшін спортпен шұғылдану керек екен.

        Енді әр спорт түрімен жақынырақ танысып, білу үшін, берілген тапсырмамаларды орындаймыз. Біздің ойындағы жеңісіміз тапсырмалардың орындалуына байланысты.

        Әр тапсырманы орындап, ойын түрімен танысып, ойнап болған соң, әрбір нөмірдің артынан мақал-мәтелдер, жұмбақ оқимыз.

 

1-тапсырма: ФУТБОЛ

3 *8                                                        24:8

30* 8                                                      240:8

300* 8                                                    2400:8

3000* 8                                                  24000:8

- әр бағанның мысалдарын бір-бірімен салыстыр. Не байқадың?

    Мотоцикл 20 км жолға 1 л бензин жұмсаса, 80 км жолға қанша литр бензин жұмсайды?

  • үш кісі шахмат ойнайды. Олар барлығы үш ойын өткізсе, әр кісі неше рет ойнаған?

( әр кісі екі рет ойнаған)

  • қосарлап жегілген үш ат бір сағатта 12 км жол жүрді. Бір ат неше км жол жүрді?

 ( 12 км)

  • Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу?

(2 қой, 3 тауық)

- хайуанаттар бағында пони 3 үлкен адамды немесе 6 баланы арбамен қыдырта алады. Әкесі, шешесі және кішкентай ұлы мен қызы бар жанұяны пони қыдырта ала ма?

( қыдыртады, 2 бала 1 үлкен адамды алмастырады)

Мақал: « Спорт – жігер, спорт – бірлік»

 

2-тапсырма.БӘЙГЕ

Түсіндірме жұмысы:

 

1432                                     2864  2

*     2

 

Бет 56 № 2 ( кім жылдам?)

Мақал: « Шынықсан – шымыр боласың»

 

3-тапсырма: ВОЛЕЙБОЛ

Бет 56 № 4

  • қалдықпен бөлуді орында және оны тексер:

Мақал: « Дене қимылы – дәрісіз ем, шыныға жүріп дертті жең.»

 

4-тапсырма: СУДА ЖҮЗУ

Бет 57 № 5 (а)

 Кран 1 сек – 3 м

90 метр биіктікке қанша уақытта көтере алады?

Шешуі:

Жауабы:

№ 5(б)

Жұмысшы 6 мин – 36 бұйым

10 минутта?

Шешуі:

Жауабы:

Мақал: « Ішпеген, шылым шекпеген

Жасайды жылдар көптеген!»

 

5-тапсырма:ҚЫЗ ҚУУ

Теңдеулерді шеш:

Х*3=3969               х: 2=1342           х+1075=3806               х-287=593

Жұмбақ:

Түтіні кермек

Жалқауға ермек.

                   ( темекі)

 

Сергіту сәті:

Игра « Перевертыши»

Читая слова наоборот, вы сможете прочитать пословицу:

ЕЦНЛОС,ХУДЗОВ И АДОВ – ИШАН ЕЫНРЕВ ЯЬЗУРД!

Солнце, воздух и вода – наши лучшие друзья!

 

6-тапсырма:ТЕҢГЕ АЛУ

Бет 57 № 9(а)

Ұзындығы – 5 см және 3 см

Р - ?

S - ?

Ақыл сөз:    XXI ғасыр індеті – СПИД-ке жол жоқ!

 

          Сабақты қорытындылау:

           -Балалар, біз есепте ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшан, епті, білімді екенімізді ойын барысында көрсеттік. Ал, сабақ барысында талданған мақалдарға қайтадан назар аударайықшы. Деніміз сау, шымыр болып өсу үшін немен шұғылдану керекпіз?

          - Спортпен.

     Иә, спортпен шұғылданып, еліміздің намысын қорғау, батыл да, батыр, жігерлі азамат болі өз қолдарыңда. 2014 жылы Сочи қаласында өтетін олимпиадасына барып, бүкіл дүние жүзіне қазақ елін паш етіп, аға-апаларыңыз биікке көтерілсін.

Жұлдыздай жарк етіп, арамыздан ерте кетіп қалған осы ауданының Даяндық ауылының түрғының Шаймерденов Елжас Біржанұлыңа бір сәт үнсіздік сақтайық.

     (суреті)

үйге тапсырма:

Бет 56 № 3

            № 7

Алима, Лиана, Фархат: бет 57 «ойлан тап»

Оқушылар хормен:

  • Ел намысын қорғап, тәуелсіздік туын биіктерден желбіретеміз!

Оқушыларды мадақтау, бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау
Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу тәсілін пысықтау
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу. Өткенді пысықтау.
Бір таңбалы санға көбейту және бөлу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу, сәйкес қалдықпен бөлу
Қалдықпен бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
ОНДЫҚТАРДЫ ОНДЫҚТАРҒА АУЫЗША БӨЛУ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4098 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык