Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қызықты математика


Қызықты математика

Қызықты математика

Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың  пәнге деген сүйіспеншілігін ояту, математика сабағында алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету, екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыруға машықтандыру,  оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, шығара білу дағдыларын қалыптастыру, теңдеу шешу тәсілдерін пысықтау.
         Тәрбиелік: оқушыларды тез ойлауға,шапшаң есептеуге баулу,ой -өрісін кеңейту, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұжымдыққа, ептілікке, табиғатты қорғауға, жолдастыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. . Оқушыларды логикалық ойлауға, жазуға, көруге, есептеуге, өз бетімен жұмыс істеуге баулу, салауатты өмір сүруге, тапқырлыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке баулу.
         Дамытушылық:Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту; есептеу дағдыларын жетілдіру,  ынтасын, қызығушылығын арттыру. Ауызша есептеу арқылы ойлау қабілетін арттырып,тіл байлығын дамыту, таным белсенділігін арттыру; Математикалық тілін, ауызша қосу және азайту дағдысын, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тапқырлық қабілетін дамыту.
         Көрнекілігі: Слайдтар, парақшалар, дидактикалық материалдар, суреттер, топтамалар, сандар, себеттегі жапырақтар, кестелер, суреттер.
         Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану.
         Әдісі:түсіндіру, ойын, жұмбақ. Сұрақ - жауап, ұжымдық, топтық жұмыс, өлең, есеп шешу, түсіндіру, ізденушілік, сөйлесу. сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру.
         Сабақ түрі:ойын сабағы.

     Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Екі топқа бөлу.
«Бірліктер»  және «Ондықтар»  тобы.
«Бірліктер» тобының ұраны:

Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
«Ондықтар» тобының ұраны:

Оқы да біл,
Ойна да күл.

 Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
.
-Оқушылардың назарын, зейіндерін сабаққа аудару
Математика ғылымы-
Ой - санаңды кеңейтер.
Ойлап, бойлап есепке,
Аспай - саспай есепте.
-Балалар, бүгінгі сабағымызда осы кезге дейінгі алған білімімізді сынға салатын боламыз.Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:

1. Ой ширату(.Мысалдарды шығару. Жасырын жауабын көрсету арқылы қорытындылау).1 ұпайдан беріледі.

2. Тапқыр болсаң, тауып көр!( Теңдеулердің мәнін табу). Бұл сайыста бір есепке 2 ұпайдан беріледі.

3. "Жапырақ теру" ойыны.Тақтамен жұмыс. Слайд бойынша жапырақ түсін көрсетіп, жапырақтағы амалды орындайды. Бұл есепке  1 ұпайдан беріледі.

4. Ойлан, тап. Әр топқа  екі логикалық есеп беріледі. есеп дұрыс шығарылса, 2 ұпай беріледі.

5." Жас математик" сайысы. Екі топтың топ басшылары есеп шартын құрып шығару бойынша сайысқа түседі. 4 ұпайдан беріледі.

1- сайыс. " Ой ширату"(Мысалдарды шығару. Жасырын жауабын көрсету арқылы қорытындылау).1 ұпайдан беріледі.

«Ондықтар»  тобына:                        "Бірліктер" тобына:
56-50=6                                                 38-8=30

29+20=49                                               49+40=89

48-8=40                                                   85-5=80

8+9=17                                                     7+8=15

Бағалау жетондары бойынша бағалау.

2. "Тапқыр болсаң, тауып көр!" сайысы. Теңдеулерді шешу. (слайд).тақтаға есептеп шығару.

«Ондықтар»  тобына:                        "Бірліктер" тобына:
а+8=17       13-а=6                                а+7=16                           14-а=7

а=17-8        а=13-6                                а=16-7                            а=14-7

а=9             а=7                                      а=9                                 а=7

9+8=17        13-7=6                               9+7=16                              14-7=7   

3. "Жапырақ теру" ойыны.

- Балалар қазір қандай мезгіл?
- Күз мезгілі.
-Күз белгілерін атау
- Ендеше жапырақ терейік.
«Жапырақ теру» ойыны.Тақтамен жұмыс жапырақ теріп, себетке саламыз (жазбаша).
 «Ондықтар»  тобына:                        "Бірліктер" тобына:
79-(6+3)=70                                             87-(4+3)=80

(62+5)-40=27                                           (65+3)-50=18

4 дм+2см=42 см                                      9дм+3см=93 см

Әр шығарылған есепті бағалау.

Санамақ  "Тез жалғастыр".

Бір дегенім-бесік
Шықтық содан өсіп
Екі дегенім-еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Үш дегенім –үміт
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім-төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім-бақыт
Бағалайтын уақыт
Алты деген-ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген-жалау
Жүректегі алау
Сегіз деген-сөзің
Серт беретін кезің
Тоғыз деген -тоқтау
Елдің жоғын жоқтау
Он дегенім-Отан
Қорға соны ботам

-Отанымыз туралы не білеміз?

-Отан туралы қандай өлең білесіңдер?

  4." Ойлан, тап" сайысы. Әр топқа  екі логикалық есеп беріледі. Есеп дұрыс шығарылса, 2 ұпай беріледі.

«Ондықтар»  тобына:                       

1.Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да, үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?

Жауабы: 4 жапырақ қалды.

2.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы неше балық болды?

Жауабы: Балық ағашта отырмайды  және ұшпайды.

  "Бірліктер" тобына:

1. Табақта бес алма,

Қолымда үш алма,

Інімде екі алма,

Қосқанда барлығын

Болады неше алма?

Жауабы:  барлығы  10 алма.

2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан екі алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?

Жауабы: Үйеңкі ағашында алма өспейді.

5." Жас математик" сайысы. Екі топтың топ басшылары есеп шартын құрып шығару бойынша сайысқа түседі. 4 ұпайдан беріледі.

1. Тігінші бірінші күні 28 м мата жұмсады, ал екінші күні одан 8 м мата кем  жұмсады.Тігінші екі күнде неше метр мата жұмсады?

Есептің шарты:

 

? метр

1-күні-28м

 

2-күні-?, 8м кем

Шешуі: 28+(28-8)=48(м)

Жауабы: Тігінші екі күнде  48м мата жұмсады.

2.Бір орамда 30м жіп бар, ал екінші орамда одан 8м жіп артық.Екі орамда неше метр жіп бар?

Есептің шарты:

 

? метр

1- орам-30м  жіп

 

2-орам-?, 8м жіп артық

Шешуі:30+(30+8)=68(м)

Жауабы: екі орамда  68 м жіп бар.

Сабақты қорытындылау.

-Балалар, осымен сайысымызды қорытындылаймыз. Ұпай сандарын есептеп, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
«Ғажайып математика»
Талап, еңбек, тарең ой
Сандар қатары
Ойлы болсаң, озып көр
9 санымен таныстыра отырып,тура,кері санауға үйрету
Ойлы болсаң, озып көр
Пысықтау ашық сабақ
9 санын қосу және азайту
Үлкен, кіші көлемдерді ажырату
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5438 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык