Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Болашаққа жол ашар Ол-сүйікті Әліппе!


Болашаққа жол ашар Ол-сүйікті Әліппе!

Болашаққа жол ашар Ол-сүйікті Әліппе!

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі 1 «а» сыныбы

Бастауыш сынып мұғалімі: Жунусова Шолпан Тыныштыбаевна

Енбек өтілі:6 жыл

Санаты:II

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі           23.12.2014 ж

Тақырыбы: Болашаққа жол ашар Ол-сүйікті Әліппе!

Мақсаты: Білімнің бастауы болған  әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін  тамашалау, білімдерінің артып сөз байлығының молайғанын саналарының өскенін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын  құрметтеуге тәрбиелеу.  

Көрнекілігі:шарлар, әріптер, слайд  « Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының макеті.

Мұғалім сөзі: Құрметті :ата-аналар , ұстаздар!

Бүгін сіздер  1 «а»сынып  оқушыларының  алғаш рет қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Әліппе қасиетті де қадірлі оқулық...

Осыдан 4-ай  бұрын мектеп табалдырығын  қысыла да, қызыға аттаған балаларыңыз өздерінің алғашқы оқулығы  Әліппемен қоштасқалы тұр.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып ,оқитын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың

дей отырып , « Болашаққа жол ашар,

Ол- сүйікті Әліппе»атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!Олай болса 1 «а» сыныбының  оқушылары ортада.Ертеңгілігімізді әнұранды орындаумен бастаймыз.

ҚР әнұраны орындалады

Сынып жетекшісі:Жунусова Шолпан Тыныштыбаевна

Ертеңгіліктің  I бөлімі  «Менің  Отаным- Қазақстан»деп аталады

Ислам

Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат нәр береді.
Отан  –ұран, Отан-туым,
 Отан мәңгі гүлденеді.

Аружан
Отан-менің өз елім,
Отан-туған өз жерім.
Отан-далам,өзенім,
 Гүлдей жайнап,өсемін.

Алтынай

Хор:Барлығы бірге
Отан-біздің әніміз,
Отан-біздің сәніміз.
Ер жетеміз туған ел,
Сені сүйіп бәріміз.

Хор:       Ән: «Отан»

 Келесі IIбөліміміз  «Мен қандаймын?»деп аталады.

(оқушылар өздерін таныстырады)

Гүлім.

Баршаңызға иіліп сәлем берем,

Мен қызымын Дарханның Гүлім деген.

Оқуды да, жазуды тез меңгердім,

42 әріпті жатқа білем.

Аманбек

Аманбекпін  сүйкімді,

Барлығында баураймын.

Алдағы мен уақытта,

Жақсы жолды таңдаймын.

Аружан.А

Мен Аружан шебермін,

Бармағымнан бал тамған.

Ата-анам ұстазым,

Өнерім  үшін тамсанған.

Алмат

Мен Алматпын  тәртібім,

Жақсы ұнайды бәріне.

Әдеппенен сәлем берем,

Кішіге де, кәріге.

Досбол

Досболмын ашық мінезді,

Жадырап жаздай күлемін.

Әрқашанда көңілді,   

Бала болып жүремін.

Жансая

Отбасының еркелеткен,

Жарқыраған жұлдызымын.

Сабақты жақсы оқитын,

Жансая атты қызымын.

Әділ

Атым Әділ тазалықты сүйемін,

Үнемі өзім ұқыпты боп жүремін.

Барлық бала мендей болып үнемі,

Жақсы жолды таңдағанын тіледім.

Томирис

Томиристі бәрі мені мақтайды,

Әнші болып өлең  айта  білемін.

Әрқашанда  ізденемін әліде,

Алдағы уақыт жасымасын  жігерім.

Тахир

Тахир деген баламын,

Таудай биік талабым.

Жақсы оқып сабақты,

Білімді адам боламын.

Аружан.И

Аружан менің есімім,

Менің де ашық қабағым.

Әліппені оқып жайменен,

Мен әдепті боламын.

Арайлым

Әліппені жатқа білем бүгінде,

Өз бетіммен оқи алам ертегі.

Танысаңыз мен әдепті Арайлым,

Мен боламын еліміздің ертеңі.

Алина

Жеңу үшін қиынды,

Еңбегіңді аяма.

Алдарыңда тұрған қыз,

Канатова Алина.

Индира

Индира жайлы мінезім,

Ізденіп әркез жүремін.

Әліппені оқып , үйреніп,

Озат болсам тілегім.

Мирас

Мирас деп қойыпты есімімді,

Бұл әрине ата-ана шешімі де.

Ақылды боп көп істер атқарамын,

Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.

Алтынай

Айдай сұлу Алтынаймын,

Ұқыпты таза жүремін.

Жақсы оқып сабақты,

Озат болу тілегім.

Айбек

Сабырлы бала Айбекпін,

Айтқан тілді аламын.

Мынау барлық баланың,

Білімді болғанын қаладым.

Лунара

Ата –әжемнің ардақтаған,

Лунара атты қызымын.

Әжем мені еркелетіп,

Дейді алтын жүзігім.

Ислам

Исламмын Ризванның баласымын,

Анамның  тәттісімін  дарасымын.

Қашанда қатарластың алды болып,

Сенімін ақтаймын мен анашымның.

Сұлтанғали

Сұлтанғали менің атым,

Ел сұлтаны боламын.

Тыныштығын бірлігін,

Елімнің менде қаладым.

Ақтолқын

Қыздар деген бола алады қыр гүлі,

Қазақ қызы болу керек үлгілі.

Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан,

Ақтолқынмын  сыныбымның бір гүлі.

Али                                             

Жақсы оқитын мен үлгілі баламын,

Азамат боп  менде өсіп толамын.

Бассам деймін даналардың тек ізін,

Ғабитұлы Әли деген боламын.

Мирас Т

Қараторы қазақтың,

Нағыз батыр ұлымын.

Мираспын менің ата-анам,

Көрсін деймін қызығын.

 

Достарымыз көбейді,

Сан жетпейді санаса.

К әрпі Лунара

Ашық күннің жыры боп,

Қалықтай бер көгершін.

Бейбітшілік жыры боп,

Шарықтай бер көгершін.
Хор Ән: «Әліппе»Сахналық қойылым     Көрініс: « Аңдар»(Аю, түлкі, қоян, тиін)

Аю :  

Бұл қай жер?Ештеңе түсінсем бұйырмасын! Мыналар не, әріптерме?

Бұл не деген жазуекен?Қап оқи алмаған қандай жаман!

Түлкі:

Сәлеметсізбе аю!

-Сен бұл жерде не істеп жүрсің?

Аю

Мына жазуларды оқығым келеді.

Түлкі:

Кел аю екеуміз бірге оқиық, мен де оқығым келеді

Қоян:

Сәлеметсіңдер ме достар!

Екеуі:

Аю мен түлкі

Сәлеметсізбе, қоян!

Қоян

Айтыңдаршы бұл жерде не істеп жүрсіңдер?

Екеуі   Аю мен түлкі

-Біз мына жазуды оқығымыз келіп тұр

Қоян:

  Олай болса бірге оқиық.

Тиін

Сәлеметсіздерме достарым!

Үшеуі

Сәлеметсіңбе, тиін

Тиін:

Барлығың мында жиналыпсыңдар не істемек ойларың бар?

Үшеуі

Мына жазуды оқымақ ойымыз бар

Тиін

-«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді бірге оқиық!

Үшеуі:Оқысақ оқиық.

Аю:

 -Менің ойымша бұл-« бал»деген жазу

Түлкі:

Менің ойымша бұл «тауық» деген жазу

Қоян:

Менің ойымша, бұл«сәбіз»деген жазу

Тиін

-Жоқ,жоқ бұл жаңғақдеген жазу.

Әліппе:

Неге дауласып жатырсыңдар, достарым?Оқи алмасаңдар балалардан сұрамайсыңдар ма?

-Балалар сендер әліппені оқып бітірдіңдер, олай болса аңдарға көмектесейік!

Оқушылар:Мек-теп

Аңдар: Мектеп деген не?

Әліппе:

Мектеп деген балалар оқып білім алатын үй.Қазір сендер мектепте тұрсыңдар.

Ән:  «Ұстазым»

Орындайтын:  Жасыбек Томирис

Әлинұр

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

Әділ

Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
.

АружанА
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе - білім бесігі.

Кеме

Болат ойыншық кеме жасады. Кеме суда ағып бара жатты.Суға батқан құмырысқа оған  жабысты.Кеме су жағасына тоқтады. Құмырысқа жағаға шықты.

Спорт алаңы

Мектеп жанында спорт алаңы бар.Спорт алаңы аса кең.Онда балалар доп ойнайды, жарыстар болады. Мен  де жарысқа қатысамын. Жақында спорт жарысы болды. Мен сыйлық алдым.Оған достарым қуанды.

Кітапхана

Біздің мектепте үлкен кітапхана бар.Онда қызықты кітаптар көп.Кітапханаға оқушылар көп барады.Мен де кітапханаға  бардым.Райхан апай -кітапханашы.

Ол маған кітап берді.

Әліппе

Ұстаздар мен балалар,

Аталар мен аналар,

Танысыңдар досыммен.

Достасыңдар осымен.

Аттанғанда бүгін мен,

Ана тілін таныңдар.

-Олай болса , өзімнің досым Ана тілін шақыруға рұқсат етіңіздер

Ана тілі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі мен болам.

Армысыздар ағайын,

Қош келіпсіз баршаңыз.

Менде есік қағайын,

Алтын күздің сыйындай.

Құтты болсын қуаныш!

Құтты болсын мейрамың!

Құтты болсын тойларың!

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

Әліппе:Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар.

Қош болыңыз Әліппе!

Оқушылар  қол бұлғайды

Ән: «Қош бол, құтты әліппем!»

Көрініс: «Үш ұл»

Би: «Қара жорға»

Орындайтын: «Бишілер» тобы

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгін міне сүйікті Әліппемізбен қош айтыстық. Әліппе біздерге сара жолымызды айқындап берді.Енді ана тілі оқулығымен достасып , көптеген жаңа қызықты мағұлматтарды білетін боламыз.Осы жолда балалар сіздерге сәттілік, толағай табыстар тілеймін. Ата-аналар! Сізбен біздің үміттеріміз ақталсын,балаларыңыз тәуелсіз елдің мықты, білімді, тәрбиелі азаматтары болсын деймін

Осымен  1 «а» сыныбының  дайындаған  «Болашаққа жол ашар, ол-сүйікті Әліппе» атты ертеңгілігі аяқталды.Оқушыларды құттықтау үшін сөз кезегін бастауыш сынып оқу ісініңмеңгерушісі Жунусова Гулзада Тыныштыбаевнаға беріледі.

Ата-аналар атынан сөз кезегін Ешмухамбетова Тойдыққа беріледі

(Оқушыларға  сыйлыққа кітаптар беріледі.)

Ата-аналармен суретке түсті

Сынып оқушыларымен бірге


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Әліппеге рахмет!
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппе, саған мың алғыс!
Қош бол, құтты Әліппе!
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Сценарий | Көрсетілім: 7928 | Қосты: Жунусова Шолпан Тыныштыбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык