Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің досым.


Менің досым.

Менің досым.

Сабақ тақырыбы: «Менің досым»

Грамматика: көптік жалғаулары

Мақсаттары:

Білімділік: «Менің досым» тақырыбы  бойынша жаңа сөздерді меңгерту, қазақ тілінде досы туралы айта білуге үйрету. Көптік жалғауларды дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Достық, жолдастық қарым-қатынасты қадірлей білуге, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, топтық жарыс, ойын технологиясы.

Сабақтың жабдықталуы: сөздік плакат, кесте, тапсырмалар жазылған

кеспелер,   жетондар, түрлі-түсті фишкалар.

Сабақтың барысы:

1.         Ұйымдастыру кезеңі (кіріспе сұрақтар  қою арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару.)

-           Бүгін қай күн?

-           Аптаның қай күні?

-           Қазір жылдың қай мезгілі?

-           Күз айларын кім айтады?

2.         Үй тапсырмасын тексеру: 1. Мазмұндау. 2. Көптік жалғауларын теріп жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.         Сөздік жұмыс. Плакатқа жазылған жаңа сөздермен жұмыс.

Құрбы- сверстник (-ца)

әдемі- красивый (-ая, -ое)

бойы- рост

мінез-характер

шаш-волосы

көз-глаза

бет әлпеті-внешность

ермегі-хобби

а) Әр сөзді  дауыстап хормен оқу, мағыналарын анықтап, сөздік дәптерге жазу.

ә) құрбы сөзіне тоқталу.  Қазақ тіліне тән дыбыстың дұрыс айтылуына мән беру.  Айтылуы: құрбұ Жазылуына тоқталу, яғни сөздің соңында ұ дыбысы естілгенмен сөздің соңында ы әрпі жазылады. Себебі, қазақ тілінде еріндік ұ дыбысы сөздің соңында жазылмайды.

Губной гласный звук ұ- в казахском язык в конце слова не употребляется. Исключениями являются слова бұлбұл, мақұл, мазмұн.

Құрбы сөзіне синоним сөз табу: дос, жолдас.

Әдемі – сөзіне синоним табу: сұлу, сүйкімді.

б) Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құру. Менің құрбым бар. Менің құрбым әдемі.  Мінезі сыпайы, мейірімді. Дәптерге жазу.

Сұраққа жауап.

1.         Сенің досың бар ма?

2.         Оның аты кім?

3.         Ол нешінші сыныпта оқиды?

4.         Оның бет әлпеті қандай?

5.         Көзі қандай?

6.         Шашы қандай?

7.         Бойы қандай?

8.         Мінезі қандай?

9.         Ермегі қандай?

2.         Оқулықпен жұмыс. «Менің досым» мәтіні бойынша жұмыс.

Мәтінді мұғалімнің үлгілі оқуы.

Сұрақтарға жауап беру.

Әңгімеде кім туралы айтылады?

Ол нешінші сыныпта оқиды?

3.         «Менің досым» мәтіні бойынша оқушылар арасында жарыс жұмысы.  Әр оқушы өзіне белгіленген жетонды алады.

Кеудесіне тағады. Сұрақтар үш данадан бірдей болуы керек. Әр сұраққа дайындалуға 5 минут беріледі.

№1 сұрақ. Мәтіннен жаңа  сөздерді тауып оқы.

Өте жақсы жауапқа – көк фишка.

Жақсы жауап- жасыл фишка.

орташа жауап- сары фишка.

№2 сұрақ.  құрбы, мұғалім, бала, сынып, кітап, дос сөздеріне көптік жалғау жалға.

№3 сұрақ. Мәтінге бес сұрақ дайында. 

№4 сұрақ. Мәтін бойынша сызбаны толтыр.

Ойынды аяқтап, әр оқушы фишкаларын  санап,  мұғалімге тапсырады. Мұғалім журналға бағаларын қояды.  Ең көп көк фишка алған оқушы жеңіске жетті деп есептеледі.

5. Достық туралы мақал-мәтелдер сұрау.

ІV. Бекіту. Сонымен біз бүгін сабақта не білдік? Өзіміздің досымыз туралы әңгімелей алуды үйрендік. Ол үшін біз жаңа сөздермен таныстық. Енді сол сөздердің көмегімен  фотосурет бойынша әңгіме құрастырып көрейік.

Әр оқушы өзі және досы туралы фотосурет бойынша әңгімелейді.

V. Қорыту. Кестені толтыру

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?

 

 

 

VI. Үйге тапсырма. Сөздіктегі жаңа сөздерді пайдалана отырып, «Менің   досым» тақырыбына шағын әңгіме жазып келу.

VIІ. Бағалау.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің досым
Менің достарым
Достық
Менің досым
Қазақ тілінен бақылау диктанты
Екі дос. Септік жалғаулары
Жалғаулар жарысы
Менің әуес ісім – ән айту, Ырықсыз етісті қайталау
Нәтиже сабақ
5 сынап. Менің мектебім
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 5023 | Қосты: Абуталипова Нұргүл Нұрланқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык