Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тас дәуірі


Тас дәуірі

Тас дәуірі 

 

Сабақтың тақырыбы: Тас дәуірі  (қайталау сабағы)

Сабақтың мақсаты: Тас дәуірі кезеңдеріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін ұғынып, түсінудегі білім дәрежесін бағалау. Оқушыларды өз елінің тарихын, бүкіл адамзат тарихын, мәдениетін бағалай білуге, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ сайыс түрінде өткенмен, қорытынды-қайталау сабағы болып қалады, сондай-ақ оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттырады.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Қазақстанның тас дәуірі ешкерткіштерінің картасы.
  2. Дүние жүзі картасы.
  3. Кесте, сызба, суреттер.

Оқушылар екі топқа бөлініп, топ жетекшілері тағайындалып, топтардың аты белгіленіп, эмблемасы жасалған соң Қазақстанның тас дәуіріндегі даму тарихын қайталауға байланысты сайыста әр топ өз атын қорғауға дайындалады.

Оқушылар екі топқа бөлініп отырады, алдарына топ аты жазылған қағаз қойылады.

Сайыс жоспарымен таныстырылады.

  1. Әр топ өзін таныстырады.
  2. Әр топ өз аттары мен эмблемасын қорғайды.
  3. Білім тексеру жарысы.

Білім тексеру жарысы.

  1. Карточкаға жазылған сұрақтарға жауап беру.
  2. "Ретімен қой" ойыны.
  3. Суретпен жұмыс.
  4. Карточкада жазылған сұрақтарға жауап.
  5. Сызба түрінде берілген тапсырманы орындау.
  6. Картамен жұмыс істеуге берілген тапсырманы орындау.
  7. "Жұлдызды сәт" ойыны.

І. Карточкаға жазылатын сұрақтар:

1) Алғашқы адамдар Қазақстанның қай аймақтарында және қашан пайда болды?

2) Алғашқы адамдар қандай кәсіптермен шұғылданған?

3) Алғашқы адамдар қандай қиыншылықтарға кездескен?

4) Алғашқы қауымдық құрылыстың қандай негізгі белгілері бар?

5) Ежелгі тас ғасырының алғашқы немесе төменгі кезеңі қай уақытты қамтиды?

6) Ежелгі тас ғасырының жоғары немесе кейінгі кезеңі қай уақытты қамтиды?

7) Питекантроп адамы алғаш қай жерден табылған?

  1. Синантроп адамы алғаш қай жерден табылған?

9) Қазақстаннан алғашқы адамдардың ең ежелгі тұрағы қай жерден табылды, оның ерекшелігі неде?

10) Адамдар үшін өздері ашқан қандай жаңалықтар өте пайдалы болды?

11) Жаңа тас ғасыры адамдарының тіршілігіндегі басты жаңалықтар не болды?

12) Мыстытас ғасырындағы (энеолит) адамдарда діни сенім, нанымдардың болғанын немен дәлелдейсің?

13) Мыстытас ғасырында адамдар қағамында қандай өзгерістер болды?

14) Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай жаңа әдістері пайда болды?

ІІ. "Ретімен қой" ойыны.

(Карточкалар тақтада ілулі тұрады.)

 

Адам дамуының кезеңдері

№ 1      неандертальдық     —     питекантроп     —     синантроп

 

(дұрысы: питекантроп — синантроп — неандертальдық)

 

№ 2     кроманьондық     —            гомо             —             люси

 

(дұрысы: гомо — люси — кроманьондық)

Адамдардың өмір сүру кезеңдерін ретімен көрсету керек.

 

ІІІ. Сызба түрінде берілген тапсырма.

 

 

№ 1

Сурет салудағы өзгерістер

   палеолит адамдары                                         неолит адамдары

№ 2

 

                   Мыс құралдарының пайда болуының

                   адамдар қоғамына әкелген өзгерістері

ІV. Суретпен жұмыс.

№ 1. Оқулықтағы 106-беттегі сурет. "Ежелгі адамдар паналаған үңгір".

Сұрақ. Алғашқы адамдардың өмір сүруі мен тіршілік етуіне байланысты не айта аласың?

№ 2. Оқулықтың 112-бетіндегі сурет. "Алғашқы адамдардың тіршілігі".

Сұрақ. Адамдар тіршілігінде қандай өзгерістер болды?

V. Картамен жұмыс (карта қағаз-плакатқа сызылып ілінеді. Оқулықтың 21-22 параграфындағы "Тас ғасыры ескерткіштері" картасын пайдаланамыз).

№1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірі адамдарының тұрақтарын тауып, нөмірлеп көрсет.

№2.  Қазақстан аумағындағы тас дәуірі адамдарының санмен көрсетілген тұрақтарының шартты белгісін қойып, атын жаз.

VІ. "Жұлдызды сәт" ойыны.

№ 1

  1. Ең ежелгі адамдар қонысы қай жерден табылды?

(Африка, Кения).

2) Ежелгі тас ғасырынң (палеолиттің) төменгі не алғашқы кезеңі қанша мың жылдықтың арасын қамтиды?

(Б. з. б. 2 млн 500 мың жылдан 45-35 мың жылға дейінгі аралық).

3) Қазақстан жерінен табылған адамдардың тұрағын тапқан археолог-ғалым кім?

(Қасен Алпысбаев).

4) Б. з. б. 800-500 мың жыл бұрын өмір сүрген адамды қалай атаған?

(Питекантроп).

5) Синантроптың қазақшасы?

("Қытай адамы").

6) Мұз басу дәуірі Қазақстанда болды ма?

(Жоқ).

7) Шығыс Қазақстандағы бес мыңдай тас құрал-саймандар табылған тұрақты ата.

(Шүлбі).

8) Алғашқы адамдар қандай кәсіптермен айналысты?

(Аңшылық, терімшілік).

  1. Орналасу сипатына қарай тұрақтар нешеге бөлінеді?

(Төртке).

10) Тасқа салынған суреттер қалай аталады?

(Петроглифтер).

№ 2

1) Ежелгі тас дәуірінің жоғарғы, не кейінгі кезеңі қанша мың жылдықты қамтиды?

(Б. з. б. 45-35 мың жылдан 11-10 мың жылдыққа дейін).

2) Кейінгі тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері алғаш қай жерден табылған?

(Франция).

3) Қазақстанда алғашқы адамдар қашан пайда болды?

(1 млн жыл бұрын).

4) Олдувай, ашель, мустье дегенді қалай түсінесің?

(Ежелгі мәдениет атаулары).

5) Африкадан 1947 ж. америка археологтары тапқан адам қаңқасын неге "Люси" деп ат қойылған?

(Әйел қаңқасы болғандықтан).

6) "Ақылды адамға" ғалымдар берген ат?

(Кроманьондық).

7) Қазақстандағы алғашқы адамдардың ең ежелгі тұрағы қай жерден табылған?

(Жамбыл облысы, Қызылтау).

8) Жаңа тас ғасыры (неолит) бұдан қанша жыл бұрын басталған?

(Б. з. б. 7-6 мың жыл).

9) Жаңа тас ғасырының басты жаңалығы?

(Саз балшықтан ыдыстар жасады).

10) Тас ғасыры адамдары алғаш пайдаланған металл?

(Мыс).

Сайыстың әр кезеңі өткен сайын әділ-қазылар алқасы бағалап, қорытындысын жариялап отырады. Сайыс аяқталғаннан кейін қорытынды бағасын жариялап, мақтау айтады.

Сабақ қорытындысы жасалып, оқушылар білімін бағалайды.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тас дәуіріндегі Қазақстан.
Тас дәуірін қорытындылау
Соңғы тас дәуірі
Тас дәуіріндегі Қазақстан
АЛҒАШҚЫ ҚАУЫМДАҒЫ АДАМДАР ӨМІРІ
Алғашқы адамдардың пайда болуы
Тас дәуірі
Жаңа тас ғасыры
Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі
Тест
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4279 | Қосты: Амержанова Махаббат Хаергельдиновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык