|
|
Тас дәуіріндегі Қазақстан.
Сабақ тақырыбы: Тас дәуіріндегі Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тас дәуірі кезеңдеріндегі адамзат дамуының ерекшеліктері бойынша пысықтау, алған білімдерін бағалау.
Дамытушылық:Оқушылардың ойын жүйелі жеткізе білуді жетілдіру және қорытынды түйін жасай білуді дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихына, бүкіл адамзат тарихын, мәдениетін бағалай білуге, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сынақ сабақ.
Көрнекілігі: Қазақстанның тас дәуірі ескерткіштерінің картасы, суреттер, кестелер, сызбалар. Сыныпты 3 топқа бөлемін. 1топ- «Палеолит» 2топ- «Неолит» 3топ- «Энеолит»
Сабақ жоспары: 1. Карточкамен жүмыс. 2.Кестемен жұмыс. 3. Суретпен жұмыс. 4.Картамен жұмыс істеуге берілген тапсырмаларды орындау. 5.Тест сұрақтарымен жұмыс 6.Сызба түрінде берілген тапсырманы орындау. 7. «Жұлдызды сәт» ойыны
1.Карточкамен жұмыс. «Палеолит» тобына а/ Алғашқы адамдар Қазақстанның қай аймақтарында және қашан пайда болды? /жазбаша/ б/ Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді? /ауызша/ «Неолит» тобына а/Неолит дәуірінде тас өңдеудің қандай жаңа әдістері болды? / жазбаша/ б/Ежелгі тас ғасырынан жаңа тас ғасырының қандай айырмашылығы бар?/ауызша/ «Энеолит» тобына а/ Қазақстанда мыстытас ғасырының ескерткіштері қай жерлерден табылды? / жазбаша/ б/ Мыстытас деген қай уақыт, ол неге осылай аталған?
2.Кестемен жұмыс Әрбір топқа әр түсті конверттер таратылып беріледі. Сол конверттегі карточкалармен тақтадағы кестені толтырып шығады?
1 |
Алғашқы адамдар тұрақтары қай материктен табылған, олар қанша жыл бұрын өмір сүрген? |
|
2 |
Қазақстан жерінде алғашқы адамдар қашан пайда болған? |
|
3 |
Табиғат жағдайлары адам өміріне қолайлы болды ма? |
|
4 |
Алғашқы адамдар қоныстары Қазақстанның қай жерлерінен табылған. Не табылды? |
|
5 |
Зерттейтіндер кімдер, қандай ғылым салалары? |
|
6 |
Алғашқы адамдар қандай кәсіппен айналысқан? |
|
7 |
Жиі-жиі қоныс аудару алғашқы адамдар тіршілігіне қандай өзгерістер әкелді? |
|
8 |
Қай жерлерге қоныстанған? |
|
9 |
Адамдар тіршілігінде қандай қиындықтар кездесті? |
|
10 |
Қанша жасқа дейін өмір сүре алды? |
|
11 |
Ежелгі адамдар үздіксіз күрес арқылы қандай жетістіктерге жетті? |
|
3. Суретпен жұмыс. Әрбір топқа өз дәуіріндегі еңбек құралдарын суретке салып, салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру тапсырылады.
4.Картамен жұмыс. /Карта қағаз-плакатқа сызылып тақтаға ілінеді/ Әрбір топқа тас ғасыры ескерткіштерінің аттары үлестіріледі. Солардың ішінен өз дәуірінің ескерткіштерін тауып картаға іліп шығады және бір ескерткішке сипаттама бере кетеді
5.Тестпен жұмыс 1.Жаңа тас ғасырының басты жаңалығын ата. а/Саз балшықтан ыдыстар жасады. б/Ағаштан құрал-саймандар жасады. в/Сүйектен, малдың мүйізінен қару жасады. 2.Қазақстанда қанша неолиттік, энеолиттік тұрақтар табылды? а/ 400 б/500 в/600 3. Орналасу сипатына қарай тұрақтар қаншаға бөлінді? а/ 2-ге бөлінді б/ 4-ке бөлінді в/ Орналасу сипаты әр түрлі болды. 4.Мал шаруашылығы неден шықты? а/Терімшіліктен б/Аңшылықтан в/ Егіншіліктен 5.Тасқа салынған суреттер қалай аталады? а/ Иероглифтер б/ Таңбалар в/ Петроглифтер 6.Тас өңдеуде қандай әдістер пайда болды? а/ Тегістеу, бұрғылау, ұнтақтау б/ Уақтау, сүйірлеу в/ Жаңа әдістер болған жоқ 7. Африкадан табылған әйел қаңқасына ғалымдар қандай ат берді? а/ Олдувай б/ Люси в/ Синантроп 8. Ява аралынан табылған қаңқа қалай аталады. а/ Кроманьон б/ Неандерталь в/ Питекантроп 9. Африкада осыдан 3 млн. жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иесінің екіншісі қалай аталады? а/ Гоминид б/ Австралопитек в/ Кроманьон 10. Ең ежелгі адамдар қонысы қай жерден табылды? а/ Африка б/ Европа в/ Америка
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |