Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби шеберлігі.


Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби шеберлігі.

 

Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби шеберлігі.

«Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз  педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам  мұғалімін  «рухани адамгершілігі жоғары,азаматтық жауапкершілігі мол,белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым,экологиялық білімді,шығармашыл тұлға,өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы,әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін бағамдайтын әлеуметтік,тұлғалық, коммуникативтік,ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген  құзырлығы жоғары маман» деп сипаттайды.

Осы тұрғыдан алып қарағанда  маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі.Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әректі күшейтіледі,екіншіден,білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім,біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың,ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді,үшіншіден,ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.

М.Чошанов кәсіби құзырлықты «кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болуы» деп түсіндіреді.

Біріншіден,құзырлылық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеріп,үнемі білімді толықтыруды ұсынады.

Екіншіден,құзырлылық тек білімді меңгеруге ғана емес,білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді.Сондықтан компетентті маман жағдайға  байланысты сай келетін әдістерді қолдануы тиіс. Ал әдістердің икемділігі құзырлылықтың маңызды сапасы болып табылады.

Үшіншіден, компетентті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет.

Сонымен құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:

білімнің жұмылдырылуы,білімді пайдалана білуі:

- әдістердің икемділігі:

- сыни ойлауы:

- шешімді қабылдау іскерлігі,біліктілігі.

Маманның кәсіби даярлық құрылымында арнайы,әлеуметтік және тұлғалық құзырлылықты қалыптастыру айқындалған. Оны төмендегі сызбадан көруге болады:

 

                                                  Кәсіби құзырлылық

Арнайы

Әлеуметтік

Тұлғалық

Өзінің мамандығына сәйкес білімі,біліктілігі,дағдысы,жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру,өз еңбегінің нәтижесін бағалау,біліктілігінің болуы

Тіл туралы білімнің,коммуникативті мәдениетінің,топтың іс-әрекеке,басқаман ынтымақтастыққа қабілеттілігінің,өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне,қоршаған ортасы мен құндылыққа дайындығының болуы

Өзін-өзі тану бойынша біліктілік,дағдысының,кәсібін үнемі жетілдіруге,өзін-өзі белсендіруге,рефлексияға,кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы

өзінің саласына

сұранысы бар

кәсіби маман

 

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
1.Тұлға аралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдіс
терді пайдалану біліктілігі.
6.
Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.

      "Өзін-өзі тану" пәні мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жаңа пән болғанымен, ата-аналармен мектеп оқушыларымен "білсем, үйренсем, көрсем" деген ынта тілектерінің өз ішкі сезімдеріне қозғау салып, әр сабақты асыға күтетін деңгейге жетті. Бұл деңгейге жету үшін көптеген жұмыстар жүргізілді. Әдіс-тәсілдерді пайдалана білудің нәтижесі. Сабақ өткізуде әдістемелік құралдағы берілген сабақ жоспарымен таныса отырып, ең алдымен әңгімелеуге берілген мәтінмен танысады. Мәтін мазмұнының балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі анықталады. Ал кейбір тақырыптарда әнгімелер өзгертіліп, әдіс-тәсілдерді де сол мәтін бойынша қолданылады.

"Көкірек көзін ашайық" атты өткізген сабақтағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін ұсынамын.
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы:7
Тақырыбы: «Көкірек көзін ашайық»

Мақсаты:  Оқушының өзі туралы, өзінің мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыру. Өзін-өзі қадағалау, бағалау және өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекеттерін негіздеу.
Міндеттері:

1.Оқушыларға өзін қадағалауға, бағалауға  үйрету;

2. Оқушылардың бойында  кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қасиеттерін дамыту;

3. Оқушыларды жақсы сөз айтуға, жақсы ой ойлауға, жақсылық жасауға тәрбиелеу

 Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Қорытынды

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Қорытынды

  1. Дәйексөз

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді өзің зертте

                                                                                                  Конфуций

 Түсіндірме, Қорытынды

( оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2 рет ұлдарға. Барлығы бірге айтып шығады.)

                                                           

 Әңгімелеу

Ана  махаббаты

Үйдің ең әдемі жері  үстіңгі қабаттағы  бөлменің терезесі еді. Ол жерден   бүкіл көше және қаланы қоршаған таулар тамаша көрінетін.

Ана күнде кешке қарай балалары мен күні ұзақ жұмыста жүрген ерін де әдетінше сол жерде қарсы алатын.

Алыстан олардың төбелері көрініп, үйге жетер-жетпестен қуанышпен амандасатын. Ана кемтар еді. Көп жылдардан бері аяқтары сал болып,, науқастан жүре алмай қалған-ды. Бірақ сонда да көзі балаларының үстінен түспейтін, киімдерінен кішкене бір дақ немесе аяқ киімдерінен батпақ ізін көрсе шыр пыр болатын. Балаларының оған ықылас бөліп, бірге кезген серуендерін, тыңдаған әуендерін және оқу жағдайларынан естіген сайын көздері жанып, оларды шын көңілімен тыңдайтын. Әсіресе балалары өрісте жайылған сиырларды және бір күні күтпеген жерден алдарынан шыққан қоянды көргендерін түсіндірген кезде ана өзін сондай бақытты сезінетін…
Бір күні әкесі балаларына: «Келесі жексенбіде бір қалашыққа кетеміз. Ол жерде біраз жұмыстарым бар.
Таңға жуық пойызбен жолға шығып, кеште қайтып ораламыз», – дейді. Балалар қуанғандарынан қолдарын шапалақтап жібереді. Бұл өзен жағасында демалып, көңіл көтеру. Бірден нелер алатындарын ойланды…
Арқаға асатын сөмке, құтылар, футбол добы, аспалы тор төсек… Басқа да біраз нәрселер… Балалар өзара қызық әңгімеге кірісіп кетті.
Ана бір күн бойына үйде жалғыз қалатынын ойлағанда көңілі құлазып, мұңайып қалды. Іші пысқаннан өзін алдаусыратып терезе жанына отырып, қанша кітап оқыса да, уақытын өткізе алмайтынын түсінді…
Шіркін, балаларының бірі жанында қалса ғой. Бірақ, ана ешнәрсе демеді. Себебі балаларының көңіл күйін бұзуға хақы жоқ еді.
Түстен кейін анасының жанында отырған кіші ұлы бір кітап оқып берді. Анасы да ұлының қате оқыған сөздерін қайталап, көмегін тигізуде.Біраздан кейін кіші ұлы оқып отырған кітабын қоя салып, кенеттен есіне бір нәрсе түскендей анасының кеудесіне басын қойды, кішкене қолдарын мойнына асып:
– Анашым, – деп сыбырлады. – Мен жексенбі күні сенің қасыңда қалғым келеді. Бірақ ешкімге айтпай-ақ қойшы, жарай ма.
Анасы ұлын аймалап:
– Жарайды, ұлым. Сенің бұл шешіміңе ризамын, жексенбі күні ішім пыспайтын болды, – деді.
Келесі күні таңертең кішкене қызы ас үйде жұмыс істеп жүргенде қолайсыз бір жағдай болды. Айша жуған табағын сүртемін дегенде, жерге түсіріп, сындырып алды. Өзі де қатты қобалжыды, бұны анасы да көріп тұр еді, қызына жақындап:
– Жаның аман болсын, қызым. Шкафта басқа да табақтарымыз бар, – деп күлімсірей сөйледі.
Кішкене қыз анасының бұл сөзіне қатты қуанды. Үйінен оқуға шығар алдында:
– Анашым, білесің бе, жексенбі күні мен үйде қаламын. Бірге болайықшы. Бір-ақ ешкімге айтпа, – деді.Ана кешке қарай бөлмесіне барып, тігін тігіп жатқан. Үлкен ұлы ішке кірді. Жан-жағына қарап, ұялып әрлі-берлі жүрді. Бір нәрсе айтқысы келген сияқты. Бірақ ешнәрсе айтпады.
Анасының:

– Балам, бір жағдай болды ма? – деп сұрауына тура келді.
– Не ғой… Бір ойыншық ұшақ жасап жатыр едім… Мен жексенбі күні үйде қалып, соны бітірсем бола ма? Басқалары барсын. Мен үйде сенің жаныңда қалсам. Қалай қарайсың? Бірақ мұны әкем де, бауырларым да білмей-ақ қойсын-шы.
Осындай мейірбан және түсінігі мол балаларының барлығына қуанған ананың көздеріне жас толды.Кешке барлық болған жағдайды балаларынан құпия түсіндірген кезде, әкесі:
– Жексенбіде басқаша демалармыз. Фабриканың иесімен сөйлесіп, жолға бір машина алармын. Отыратын төрт кісілік орын бар. Үлкен ұлына қарап, сен жүргізушінің қасына отырсаң, бәріміз де сиямыз. Сен де барасың біздің ұсынысымызға не дейсің? – дейді.Ана қол шапалақтап қуана келісім берді. Олар сол жексенбіні шынында да өте тамаша өткізді. Олар осы бір демалыс күнін жылдар бойы ұмытпады.
Құндылықтар: Дұрыс әрекет, ішті тыныштық

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

3 топқа бөлінеді.

« Маған ең қымбат жан» деген тақырыпта үш топқа үш тапсырма беріледі.

Бірінші топ: Өлең шығару

Екінші топ: сурет салу

 Үшінші топ: эссе жазу

Әр топ өздерінің жұмыстарын қорғайды.

Топпен ән айту.

« Анаға салем»

 Сөзі : О. Иманәлиевтікі

 Әні: Е.Хасангалиевтікі

Мәтінді қорытындылау

6. Үй тапсырмасы.

№2 сабақтағы ел аузынан алынған « Екі дос» деген әңгімені оқып түсінігін айту

Дәптермен жұмыс№1-2 сабақтағы 1 тапсырманы орындау.

     7.Соңғы тыныштық сәті.

 Баяу музыка қосылады.

  • Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Үнемі жылы сөздер айтуға дағдыланайық. Ішкі тыныштығымызды сақтайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүрегіміздің түбіне түйіп алайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Рахмет!

           Қорыта келгенде В.А.Сухомлинский айтқандай: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» — деп есептейді. Баланың дүрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мүғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби қузіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби қүзіреттілікке қатысты анықтама және оның құрамды бөліктері жоғарыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыздай маманның кәсіби құзыреттілігіне мүғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер енеді.Олай болса, ол қасиеттерге ие педагог қандай жетістіктерге жететіндігін атап өтейік.  Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға       берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дүрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы. Өзінің іс — әрекетін сыни тұрғыдан бағалап, кәсіби құзіреттілікті жетілдіру, оқущылармен дұрыс қарым – қатынас орнықтыра білу, ата – аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мүғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата – аналарына сыйлы болатына даусыз. Өз білімін жетілдіре отырып, оқушыларды арнайы үғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс -тәжірибе мен еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады. Мүғалімнің құзыреттілігі оның сабақты нәтижелі жүргізуіне де тікелей байланысты.Оқыту процесінде тәрбие жүмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтык шеберліктің тағы бір элементін қүрайды.   Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін баскара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы түлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
Менің тәрбиеге көзқарасым
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
кәсіби шыңдалу-ұстаз міндеті
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесіндегі құзырлылық
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПРОФЕССИОГРАММАСЫ ЖӘНЕ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту.
Мектептің кәсіби желілік қауымдастығы – оқыту үдерісін жаңартуды
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 4011 | Қосты: Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык