Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz

Бір-біріне тізбектей жалғанған индуктивтігі L катушкадан, сыйымдылығы С конденсатордан және кедергісі R резистордан тұратын тізбектің қысқыштарына u=Umconstωt айнымалы кернеу түсірейік. Ток күшінің i лездік мәні де, Іm амплидудалық мәні де тізбектей жалғанған тізбектің барлық бөлігінде бірдей болады. Ал ток көзінің полюстеріндегі лездік кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеудің лездік мәндерінің қосындысына тең.

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 1616 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 13:07 |


Халықтар түсінігі бойынша қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. Тоғыз санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. Тоғыз саны өмірге адам әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер тоғыз санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген. Тоғыс санының омонимі – «ұзақ өмір».

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 10037 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 13:01 |


Жоғарыда айтылған символдық жолмен орындалатын амалдарға тоқталайық. Символдық   жол  жолды өңдеуге арналған STRING /жол/ айнымалысымен өрнектеледi. Жолды өңдеудiң екi түрi бар. Бiрiншi түрi – жолдарды өңдеудi бiр бөлiкке бiрiктiрсе, ал оның екiншi түрi – жолды құрамдас объект түрiнде, яғни бөлек символдардан тұратын жолдарды өңдейдi. Мұнда да жол мазмұны CHAR  типiндегi сияқты апострофқа алынып жазылады.

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 11839 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:42 |


27 қаңтар 2010 жылы Қарағанды облысының білім басқармасы Балалар мен жас жеткіншектер сарайында. Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясының хххх ғылыми-практикалық конференция шеңберінде өткен,1-ші деңгейлі мектептік оқу-зерттеу жұмыстары облыстық байқауына Бұрма орта мектебінен 4 «А» сынып оқушысы Ахметова Акжан қатысып «Кактус» гүлі жайында жоба қорғады. Жобаға қатысқаны үшін арнайы сыйлықтар мен куәлікпен марапаттады. Сол жобаны сіздерге ұсынып отырмын.

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 17711 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:39 |


Едіге Дамираның шығармашылық жобасына ұсынылған «Астана менің көзіммен» тақырыбындағы еңбегі ғылыми тұрғыдан көп қызығушылық туғызады.Дамира жалпы еліміздің бас қаласы Астана туралы мағлұмат бере отырып, сұлу шаһар,тұнық әсем аспанда қалықтаған әсем әндей Астанадағы “Есіл” тұрғын үй кешені, Парламент ғимараты,Байтерек,салтанатты Ақорда,сәулеті келіскен сол жағалау сырт келбеті өзгеше Бейбітшілік келісім сарайы,”Думан” ойын-сауық орталығы сынды Астананың көркіне көз тоймас ғажайып ғимараттармен таныстырған. Қазақстанның жаңа астанасының келбетінде терең саяси, рухани және философиялық мән жатыр екенін көрсеткен..

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 5428 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:35 |


Бүгінгі таңда сірә, бұл қатерлі ауру туралы естімеген адам таппаймыз. Бірақ обаны ылғи баяғы кезде болған ойранды індетпен байланыстырады. Ия, шынында да солай. Әйтсе де жалғыз-жарым адамдардың обамен ауруы Қазақстанда қазірде болып тұрады, ал осындай әр жағдайда шұғыл күрес шаралары алынғандықтан ғана індет қаумаламайды. Бұл біздің республика жерінде ежелден обаның табиғи ошақтары болумен байланысты. Табиғатта обаны ұдайы таситындар түрлі кеміргіштер болып табылады. 

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 5057 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:33 |


 Космостық станция – космостық қызметке арналған космостағы станция. Пайдаланылуына сәйкес космостық станция ғылыми, байланыстық, навигациялық, метеорологиялық т.б болып ажыратылады. Егер космостық станция жердің жасанды спутнигі болса, ол ғылыми, байланыстық, навигациялық т.б мақсаттағы жасанды жер спутнигі деп аталады.

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 7047 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:31 |


Оның мақсаты “Халықаралық Аралды құтқару қорына 20 жыл” толуына сәйкес Арал ауданының және азаматтардың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартып, экологиялық тұрғыдан жақсартумен қатар “Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау және Сырдария өзенінің арнасын реттеу” жөніндегі халықаралық жобаның екінші кезеңінің құрылысын жеделдетіп, Кіші Арал жағалауын Арал қаласына жеткізуді, осы мәселелерге  халықаралық ұйымдар мен беделді қоғамдық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару болып отыр.

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 3828 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:26 |


  Мен  өз анамды қатты жақсы көремін.Анамның аты-Алтыншаш. Менің анамнан артық адам жоқ шығар бұл өмірде.Мен анамның  шебер қолдарын,жылы сөздерін қатты ұнатамын.Анамнан артық кім мені ардақтап ,аялап түсінеді.Оны сыйлаймын,амандығын тілеймін.Бірақ кейде оны ренжітіп аламын.Кейін қасына барып,бетінен сүйіп,кешірім сұраймын.Анам-өте кешірімшіл,ақылды,байсалды адам.Мен ауырып қалғанда түн ұйқысын төрт бөлетін де осы Анам. 

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 6061 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:24 |


Мұнда балалар ойлап табу және өнертапқыш қабілеттігігін көрсетуге мүмкіндігі бар. Олар бізге жуыну әрекетін қадам бойынша суреттеп берді. Бұл ойын дем алуға, күлуге, ойнауға және әрекеттің қадамын көрсетуге жағдай жасайды. Балалар міндетті түрде бір қате жібереді. Ол сабынды қоюға, немесе орамалды ілуге, немесе суық және ыстық суды араластыруды ұмытады. Сіз онымен ойнап көріңіз: ол сабынды қайда жіберді- жеді ме, дұрыс сабындады ма, орамал ауада ілініп қалды ма? Бірге ойнап көрейік?

Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 4340 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 13-01-2015, 12:22 |