|
|
Қостанай обылысы Ұзынкөл ауданы
Федоров орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Оспанова Сәбира Мұқашқызы
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын қазақ тілі пәнінде қолдана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру
Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісін жаңарта отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылығын дамыту,өздігінен жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру,өздеріне сыни көзбен қарап, әділ бағалауға жетелеу. Ол үшін не істеу керек? Мақсатқа жету үшін оқушылар не істей алады? Сөз таптары дегеніміз не? Неше сөз табы бар? Мақсатқа жету үшін барлық сөз табын қалай еске түсіреміз?
Ол үшін өткен сабақты еске түсіре отырып, сабағымызды әрі қарай өрбітеміз. Сабақты өрбіту үшін, қызықты тапсырмалардан бастаймыз.Осы мақсатты жолға қоя отырып бүгінгі сабағымда оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында жұмбақты шеше отырып, сабақтың тақырыбын шығарып алу. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау» стратегиясын қолдана отырып, сыныпты топқа бөлу. Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі.Топтар өз тапсырмаларын орындап, өз орындарына жайғасады. Берілген сөздердің мағынасына қарап, әр топ өздері қандай сөз табы екенін табады. Сөздер тобын оқи отырып, әр сөз табы өзіне тиісті сөздерді табады, сұрақ қояды. Ережені пысықтайды. Дәптерге екі сөйлемнен жазады. Келесі кезеңде слайд бойынша кестені толтыру. Кестені толтырып, «Венн» диаграммасын құрады. Жалқы және жалпы есімді негізгі және туынды зат есімдерді салыстыра отырып олардың айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Бұл сабақта «миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Осы сабақтың жоспарын құра отырып, менің түйгенім барлық оқушы сабаққа қатыстырылады. Сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады,ұжымда ынтымақтастық, ұйымшылдық қалыптасады, білген үстіне біле түседі. Топпен жұмыс жасай отырып, ашыла түседі.Сабақтың тапсырмаларын өздері орындай алады.Оқушылардың жауапкершілігі артады. Әсіресе бірін-бірі әділ бағалап, достықтары нығая түседі. Бұдан шығатын қорытынды «Блум таксономиясы» нақты жүйемен құрылғандықтан өте тиімді екенін байқадым Ең бастысы, бала мұғалімнің берген бағыты арқылы өз бетінше жұмыс жасай отырып, іздене алады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |