Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4573 |
|
|
|
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Басқару жоспары
Жоспардың мазмұны
Мен сыныппен қалай амандасамын
Сабаққа қоңырау соғылып, оқушылар орындарына барып жайғасқан соң амандасамын.
Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын?
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін психологиялық дайындық «Шаттық шеңберінен» бастаймын. Әр сабағыма кезекші оқушы шаттық шеңберін өткізеді.
Бүгінгі сабақта оқушылар қандай формада жұмыс жасайды?
Оқушылар бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасайды
«Тәртіпсіз, сабаққа қызығушылық танытпайтын» оқушылармен не істеу керек?
Ондай оқушыға топ арасында жауапкершілік талап ететіндей тапсырма беремін. Мысалы, топтардың әрекеті бақылау, бағалау үшін бақылаушы топты сайлаймын. Бұл жерде оқушы өзін де ұсына алады және сонымен қатар, жауапты болу керек екенін ұмытпайды. Бұл жерде сол оқушылар қызығушылық танытып тақырыпқа сіңісіп кетеді. Мақсаты: Оқушылардың алалған білімдерін негізге ала отырып, қалай оқу керектігін үйрету модулі бойынша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны меңгеруге бағыт – бағдар бере арқылы топтық жұмысты дамыту, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Оқушылар нені біледі?
Біріншіден, топпен жұмыс жасай алады, өзін - өзі бағалай алады, сөйлем мүшелері. Бастауыш, баяндауышты біледі. Олардың құрамына қарай З түрге бөлінуі мен тұрлаулы мүшелер болатын сөз таптары туралы жалпы мәліметті біледі.
-Жұппен жұмыс істей алады
-венн диаграммасын толтыра алады.
Сыныптағы оқушылардың мақсаты бірдей болып табыла ма?
Сабақтың басында әр түрлі болатыны сөзсіз ,бірақ мұғалім сабақ барысында қандай жұмыстар атқаратыны мақсатты түрде айтады, сол кезде оқушыларды соған жетуге бағыт бағдар беріп отырады. Оқушылар бір мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс жасайды
Оқушылар сабақ соңында нені жасай алады және нені үйренеді?
Өткен тақырыптар бойынша өз білімдерін жүйелеп, бекітіп, қорытынды жасай алады.
Мұғалімнің берген бағыты бойынша іздену арқылы жаңа мағлұматты меңгере алады және оны түсіндіріп қолдана алады.
Жеке жұмыс істеу арқылы білімді өз бетінше меңгере алады
Бағалау процесіне оқушыларды қалай тарта аламын? Әр бір дұрыс, толық жауапқа жұлдызша, толық емес жауапқа төртбұрышты беріп отырамын.
Сабақтың сәтті өткенін қалай білемін?
Оқушылардың сабаққа белсене қатысуынан білемін, сонымен қатар, қызығушылықтарынан
және орындаған тапсырмалардың нәтижелелегінен сабақтың соңында алынған рефлексиядан сәтті өткенін білемін
Осы тақырыпта қандай тұжырымдамалық қиындықтар бар?
Баяндауыштың З түрін өткенде әсіресе, күрделі мен үйірлінің айырмашылықтарына қиындық тууы мүмкін
Мәтінмен жұмыс,тірек – сызба, топтастыру, тапсырмамен жұмыс, Венн диаграммасы жаңа тақырыпты меңгеру үшін сұрақтар қолданамын.
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алалған білімдерін негізге ала отырып, қалай оқу керектігін үйрету модулі бойынша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны меңгеруге бағыт – бағдар бере арқылы топтық жұмысты дамыту, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау
Сабаққа талдау: Оқушылар топпен жұмыс жасады. Сұрақтар арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін. Үй тапсырмасына берілген эссені әр топ үздік эсселерін орта салып таныстырады, әр топ бағалайды Сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану арқылы топтастыру әдісі мен жұмыс істеген уақытта топтардың бір -бірінің ой пікірлерін тындауын, талқылауын бақылаймын,осы кезде бағыт- бағдар беріп отырамын. Әр топ дайындаған коллаждарын
қорғап болғаннан кейін жұмыстарды бағалаған кезде бақылаймын, кейін бақылаушы топқа сөз беріліп,өз ойларын еркін ашық жеткізе білуді дамытамын
Нәтижесінде: Алған білімдеріне сүйене отырып, бастауыш пен баяндауыштың арасына қай кезде сызықшаны қойылатынын біледі, Әр топқа тапсырма беріп, елдерге саяхат жасау арқылы коллаж жасай алады, бақылаушы топ бола алады,бір-біріне сұрақтар қою арқылы ережелерді есте сайтай алады.
Не сәтті өтті?
Оқушылар топпен бірлесе отырып, ынтымақтастыққа жұмыс жасайс алды. Өз ой пікірлерін еркін, ашық, дәйекпен дәлелді түрде жеткізе алды, (бұл әсіресе, бақылаушы топ мүшлерінен байқауға болады Русланды айтып кету керек. Руслан біріншіден, өзін бақылаушы рөлінде ұсынды, екіншіден ол топтарды аралап, қадағалап жүрді, үшіншіден плакаттарды қорғаған кезде ол өз ойын ашық дәлелді түрде жеткізе білді, бұл қазақ тілі пәнінде Руслан үшін жетістік)
Не сәтсіз өтті?
Топ болып плакаттарды қорғаған кезде әр топ бір бірлерін бағалау кезінде келіспеушіліктер байқалды. Бұл жерде өзара бағалау дұрыс болған жоқ. Сол кезде төмен баға қойған оқушы неге солай қойғандығын дәлелмен дәйекпен келтіре білді. Содан кейін бағалау өз нәтижесін берді.
Нені дамытқым келеді?
Жоғарыда айтылғандай, өзара бағалау кезінде критерийалды бағалауды әр сабақтың әр кезеңінде енгізгім келеді. Топпен ынтымақтастықты одан әрі дамытқым келеді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттырып, өз ойын еркін, дәлелді түрде фактімен жеткізуді дамытқым келеді
Ол үшін мен не істеймін?
Ол үшін мен көбірек сыни тұрғыдан оқушының ойлау белсенділігіне әсер ететіндей тапсырмалар беріп отырамын.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |